Жаңалықтар

«Stop Musor» әлеуметтік жобасы

01.07.2020, 0:00 | Пікір: 0


Елордада «Stop Musor» әлеуметтік жобасы аясында полиэтилен пакеттерін жинауға бағытталған акция өтіп жатыр. Акция Орталық, Ботаникалық және «Жетісу» саябақтарында ұйымдастырылған.

Іс-шара "Birgemiz: Taza Alem" жалпыұлттық жобасы @birgemiz_taza_alem аясында өтті.

Ботаникалық саябақта акцияның волонтері Мейрам Ернар Қазақстанның экологиясын жақсартуға үлес қосқысы келетінін айтты.

«Таңертеңнен келіп жатқан адамдар баршылық. Салафан пакеттерді тапсырып, сыйлықтарға да ие болған тұрғындар бар. Саябаққа келушілер тарапынан қызығушылық жоғары екенін де байқап тұрмыз. Полиэтилен пакеттерінің экологияға тигізетін әсері көп. Қоқысқа тастаған кезде де оның жойылуы үшін 700 жылға жуық уақыт керек. Сондықтан тұрғындар оны бізге тапсырып, эко-сөмекеге алмастыра алады», - дейді ол.

20 полиэтилен пакет үшін - бас киім (кепка)
30 полиэтилен пакеті үшін - футболка
50 полиэтилен пакеті үшін – экосөмке.

Экологиялық акцияның қорытындысы ретінде шілде айының екінші жартысында қазақстандық заманауи суретші Сәуле Сүлейменова жиналған пакеттерден көркем дүние жасап шығарады.

Кескіндеме «Жетісу» саябағындағы Шарын шатқалы жартасының қасына қойылады.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.