Тек ортақ күшпен ғана біз пандемияны да, экономикалық дағдарысты да, басқа да қиындықтарды жеңе аламыз
«Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова @dinara_taibassarovna Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо @elorda.info тілшісі.
⠀
«Біздің мемлекет жастарға әрдайым ерекше көңіл бөледі. Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты халыққа үндеуі де жастарды тыс қалдырмады. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласында «Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді»,-деп жас қазақстандықтарды атап өтті. Мен бұл идеяны толық қолдаймын. Жастар – болашағымыз емес, олар біздің бүгініміз»,- есептейді балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы.
⠀
Динара Садвакасова бүкіл халықтың әл-ауқаты әрбір қазақстандықтың күш-жігеріне байланысты екенін атап өтті.
⠀
«Мен еліміздің ең ірі балалар мен жасөспірімдер ұйымының басшысы ретінде волонтерлер жұмысына белсене қатысып, тіпті балалар мен жасөспірімдер де өз үлестерін қосатынын сеніммен айта аламын. Біздің балалар онлайн-марафондар ұйымдастырады, тілдерді үйрену бойынша тегін курстар өткізеді, онлайн көшбасшылық мектептерін өткізеді және оқушылардың психологиялық сауықтыру клубтарын іске асырады», — дейді ол.
⠀
Сонымен қатар, ұйым төрағасы барлық дәрігерлерге, полиция, апаттық қызметтерге және күндіз де, түнде де тәртіпті қорғауда тұрған барлық адамдарға алғыс білдірді.
⠀
«Осы жыл волонтер жылы аясында өтуде. Және бұл қазіргі жағдайды ескерсек, бұл өте өзекті. Әр түрлі жастағы және әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдар волонтерлік көмек көрсетіп жатыр. «Birgemiz» сөзінің мағынасы да осында. Тек ортақ күшпен ғана біз пандемияны да, экономикалық дағдарысты да, басқа да қиындықтарды жеңе аламыз. Біз осы тартыста жеңімпаз боламыз деп сенемін.
⠀
Елбасы атап өткендей, «Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық», — деді Садвакасова.
#ЖасҰлан #ЖасҚыран #Қазақстан #коронавирускеткет#Біргеміз #Bizbirgemiz #birgemizjasulan #JasUlan
#JasKyran
Пікірлер