ҰБТ 21 маусым күні басталады ⠀
ҰБТ 21 маусым күні басталады
⠀
21 маусым күні тек 6,5 мың талапкер емтихан тапсырады.
⠀
ҰБТ-ның алғашқы күні 161 пунктің 51-і ғана істейді, оның 44-і ауылдық жерлерде орналасқан.
Орташа есеппен 1 ҰБТ тапсыру пунктіне 120 адамнан келеді.
⠀
21 маусым мен 5 шілде аралығында тестілеу тапсырылатын ағындардың жалпы саны 15-ті құрайды. Аудиторияны тек 50%-ға дейін толтыруға болады. Сәйкесінше, жобалық қуаттылық ҰБТ-ны 6 күннің ішінде өткізуге мүмкіндік бергенімен, шағын ағындарды жинақтау үшін тестілеу 15 күннің ішінде жүргізіледі.
⠀
ҰБТ өткізілетін әрбір пункте медициналық-санитарлық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданатын болады:
-дезинфекциялық тоннельден өту;
-арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімдерді зарарсыздандыру;
-дене қызуын өлшеу;
-қолды зарарсыздандыру сұйықтығымен өңдеу;
-медициналық маскалар беру.
⠀
Пікірлер