ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 205 қатысушы 110-нан астам балл жинады.
ҰБТ-ның бірінші күнінің қорытындысы бойынша 205 қатысушы 110-нан астам балл жинады. Карантинге байланысты тестілеу 15 лек бойынша өтетінін айта кеткен жөн.
⠀
Қаңтар айындағы ҰБТ барысында аудиториялардың сыйымдылығы 20-25%-ке пайдаланылды. Бірінші күні 143 пунктің 114-інде тестілеу өтті. Барлық аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған, ата-аналар үшін бейнетрансляция қолжетімді.
⠀
ҰБТ-ның барлық қатысушысы дезинфекциялық туннель және арнайы кілемшелер арқылы өтті, дене қызуын өлшетті, қолдарын санитайзермен залалсыздандырды және ұсынылған медициналық маскаларды пайдаланды, яғни қатысушылар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес дезинфекциядан өтті.
⠀
Тест тапсырушыларды аудиторияларға кіргізу және отырғызу кезінде кемінде 2 метр арақашықтық сақталып жатыр. Әр аудитория желдетіліп, бактерицидтік жабдықтармен өңделген. Санитарлық талаптардың барлығы қатаң бақылауға алынған.
Пікірлер