Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР БАЙҚАУЫ

12.09.2013, 14:12 | Пікір: 1

"Жас Ұлан" ұйымы балалар мен жасөспірімдер  
ұйымдарына арналған ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР БАЙҚАУЫН өткізуде

 

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Үздік жинақ» номинациясы бойынша бір немесе бірнеше автор ұлттық ойындар жинағының тұжырымдамасын жібереді. Тұжырымдамада жинақтың атауы, мазмұны болу керек. Жинаққа енетін әр жұмыстың жанына сол жұмыс авторының аты-жөні көрсетілуі тиіс.
- «Біз білмейтін бір ойын» номинациясына Қазақ халқының ел арасында көп танылмаған ұлттық ойындары ұсынылады.
- «Үздік спорттық ойын» номинациясына балаларды салауатты өмір салтына үндейтін ойындарды ұсынуға болады. 
- «Үздік интеллектуалдық ойын» номинациясына оқушылардың интеллектуалдық деңгейін көтеруге бағытталған ойындар ұсынылады. 
- «Үздік танымдық ойын» номинациясына ұсынылатын ойындар балалардың жаңа нәрселерді үйренуге, білуге және білімге деген талпынысын арттыратын сипатқа ие болу керек.
- «Үздік патриоттық ойын» номинациясына жастардың жеріне, Отанына деген патриоттық сезімін оятатын ойындар ұсыналады.
- «Үздік заманауи ойын» номинациясына бұрында еш жерде кездеспеген, жаңа ойындар ұсынылады.

 Жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар:
- жинаққа Қазақ халқының ұлттық ойындары ену керек;
- ойындар ұлттық сипатқа ие болу керек;
- ойындар балалардың өміріне қауіп төндірмеу керек;
- ойындар әр түрлі жерлерде ойнауға ыңғайлы болу керек (мектеп, балабақша, алаң т.б.);
- ойындардың қысқаша сипаттамасы болу керек. Сипаттамаға: ойынның атауы, қысқаша тарихы, қатысушылар саны, олардың жас мөлшері, өткізілуі мүмкін орындардың атауы енеді;
- ойын балаларды ынтымақтастыққа шақыратын және алауыздыққа жол бермейтін болу керек; 
- әр топтың бірыңғай ұлттық нақыштағы киімі болу керек.

Жұмысқа қойылатын техникалық талаптар:
- жұмыстар электронды немесе баспа формасында жіберілу керек; шрифт - Times New Roman, өлшемі 14, екі жол арасындағы интервал – 1 см; беттің жиектері: сол жағы - 3 см., оң жағы - 1,5 см., үсті - 2 см., асты - 2см.

Өтініштер қыркүйектің 20-на дейін қабылданады. 

Байқау жеңімпаздарын мараппаттау:
1. бірінші орын және лауреат атағы – 1; iPad
2. екінші орын және лауреат атағы – 1; Электрондық кітап
3. үшінші орын және лауреат атағы – 1; планшет
4. ынталандыру сыйлығы және дипломант атағы – 2; ынталандыру сыйлықтары

 

Байқауды ұйымдастырушылар:

«Жас Ұлан»ББЖҰ»РҚБ,  тел. 8 (7172) 79 93 38, 79 93 51, 79 93 55;

ресми сайт – www.zhasulan.kz;   электронды пошта –

Байқауға қолдау көрсетушілер:

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • Nazira Boldurukova

    Dostar!
    Sizderdi kutemiz! Korytyndy shygaruga az gana uakyt kaldy

    15.10.2013, 15:53
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.