Үздік аға тәлімгерлер мен ұстаз-ұйымдастырушылар марапатталды!
Үстіміздегі жылдың тамыз-қазан айлары аралығында «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ аға тәлімгерлер мен ұстаз-ұйымдастырушылардың арасында қашықтықтан өткізілген республикалық байқауды ұйымдастырды. Байқау «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Балалар және білім, демалыс және мәдени іс-шаралар» тақырыбындағы гранты аясында өткізілді. Байқауға қатысуға Қазақстанның 12 аймағынан 77 өтінім келіп түсті.
Байқау комиссиясын төмендегі азаматтар құрады:
- ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқығын қорғау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ерсаинов Ержан Ерсаинұлы;
- ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру департаментіне қарасты қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары басқармасының басшысы Садықова Ардақ Мадыханқызы;
- саясаттану бағытындағы PhD доктор, қоғам белсендісі Болатқызы Назира;
- «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Садуақасова Динара Тайбасарқызы.
Байқау комиссиясы жұмыстарды келесідей шарттар бойынша бағаланды:
1) байқау ережесінің талаптарына сәйкестігі;
2) қолданылатын материалдың бірегейлігі және жаңашылдығы;
3) материал құрылымының нақтылығы және ұсынылуы;
4) материалдың тәжірибелік бағыты.
Хаттама негізінде жинақталған ұпайларға сәйкес жүлделі орындар төмендегідей тәртіпте бөлінді:
Төлеуова Гүлзира Оразгелдіқызы (Қызылорда обл.) – 1 орын. Сыйлық – Xiaomi Redmi 4A 32 Gb ұялы телефоны.
Лаврушенко Оксана Витальевна (Алматы қ.) – 2 орын. Сыйлық – Pocket Book электронды кітабы.
Чикишева Лидия Викторовна (Қостанай обл.) – 2 орын. Сыйлық – Transcend 500 Gb сыртқы қатты дискі.
Суликанова Ақмарал Болатқызы (Ақтөбе обл.) – 3 орын. Сыйлық – Seagate Maxtor 500 Gb сыртқы қатты дискі.
Хадеева Наталья Анатольевна (Ақмола обл.) – 3 орын. Сыйлық – Seagate Maxtor 500 Gb сыртқы қатты дискі.
Смаилова Мадина Солтанғазықызы (Шығыс Қазақстан обл.) – 3 орын. Сыйлық – Seagate Maxtor 500 Gb сыртқы қатты дискі.
Жұмағұлова Гүлдана Қабылбайқызы (Қызылорда обл.) – 3 орын. Сыйлық – Seagate Maxtor 500 Gb сыртқы қатты дискі.
Сондай-ақ, байқаудың арнайы сыйлығымен М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайының әдіскері, «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ Павлодар облысындағы атқарушы хатшысы Петрович Оксана Владиславовна марапатталады.
Барлық қатысушыларға өтінімде көрсетілген пошталарына байқауға қатысқандықтары үшін электронды сертификаттар жіберілді.
Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Пікірлер