Үздік экологиялық "ECO START UP" жобалар 1 700 000 теңгені иеленді.
Байқауға еліміздің барлық өңірінен 35 жасқа дейінгі жеке тұлғалар мен жобалық топтар, ұйымдар өтінім жіберді. «Жобаның басты мақсаты – жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік тәрбиелеу мен экология мәдениетін қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар экологиялық бизнес бастамалар мен стартап жобаларды қолдау. Жастардың назарын қоқыс(ластау) мәселесіне аудару, мәселені шешуге жұмылдыру. Байқауға еліміздің әр өңірінен қатысушылар маңызды жобаларымен келді. Олардың иеленген гранттары алғашқы бастамаларына жетеді деп ойлаймын»,- Динара Садваксова, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөсперімдер» ұйымының төраймы.
Байқау жұмыстары «Үздік Эко-идея» және «Үздік Эко-прототип» атты екі аталымдар бойынша қабылданды. «Eco Startup» байқауы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге 50-ден аса жұмыс қабылданып, екінші кезеңге (финалға) 2 аталым бойынша 20 жұмыс өткізілді. Олардың ішінде «SMART TAMAQ», «Өңделген тамақ майын биодизельге жинауды және өңдеуді ұйымдастыру», «Эко-бахилалар», «Сұйық түрдегі тыңайтқыш алу» сияқты жобалар бар.
Қатысушылар жобаларын қорғамас бұрын Бибисара Бейсенбаева, Бердыкулова Анара, Кундакбаев Нуржан, Асель Куспанова, Эмин Аскеров сияқты танымал стартапшылармен, экология мәселесін қозғап жүрген блоггерлермен кездесті. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларды ынталандырды.
Іс-шара аясында мемлекеттік органдар өкілдерімен және қоғам қайраткерлерімен дөңгелек үстел, «Арнасай» жасыл технологиялар орталығына саяхат ұйымдастырылды.
Пікірлер