Жаңалықтар

«Үздік Ұлан 2014»

24.05.2014, 15:11 | Пікір: 0
19 мамыр күні сағат 11.00-де М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында Павлодар облыстық Білім беру басқармасының ынтасымен қалалық, аудандық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшылары – Ұланбасылардың «Үздік Ұлан» облыстық байқау-сайысы өткізілді.  Сайысқа Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Шарбақты, Май, Қашыр, Лебяжі, Ертіс, Успен, Павлодар, Железин аудандарынан барлығы 11 Ұланбасы қатысты. Барлық қатысушылар өздерінің атқарған жұмыстарын көрсететін бейне роликтері мен презентацияларын таныстырған және портфолио дайындаған аудандық кезеңнен өтті. 
Оқушылар сарайының үлкен залында балалар үш сайыс бойынша үздік болу үшін сынға түсті. 1 сайыс - «Таныстыру визиткасы» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарында өзінің қоғамдық іс-әрекетін, әлеуметтік жобаларға қатысуын, жұмысының нәтижесін көрсетуді мақсат ететін үй жұмысы. 2 сайыс - «Мен ұлы елдің азаматымын». Әр қатысушыға Қазақстан тарихы бойынша 2 сұрақ беріледі. Міндет: бір минут ішінде дайындалып, толық жауап беру.«Еркін микрафон» сайысында қатысушыларға өзінің құрбы-құрдастарына ойын және ұсыныстарын айту мүмкіндігі беріледі.
Облыстық сайыстың жеңімпазы және «Үздік Ұлан» атағын Беймурзинов Даулет алды. Ол Екібастұз қаласының «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына ауысып отыратын сайыстың кубогын алып кетті. Шарбақты ауданынан келген Курмангазинова Наргиз 1 орын алды, 2 орынды Тілеген Көгершін (Лебяжі ауданы) мен Каиржанова Адия (Ақсу қаласы) иеленді. 3 орынмен Иманкулова Айнагүл (Успен ауданы) мен Пупкова Александра (Железин ауданы) марапатталды. Басқа қатысушылар сайыстың лауреаттары атанды.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.