Үздік Ұланбасы – 2016
Ақмола облысының білім басқармасы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі, Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп 2016 жылдың 20 сәуірінде, Бұланды ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 жылдығы аясында «Менің жетістіктерім – Отанымның жетістіктері!» тақырыбында облыстық «Үздік Ұланбасы – 2016» байқауын өткізді.
Сайысымыздың мақсаты: өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру және талантты балаларды анықтап, марапаттау арқылы дамытуды ынталандыру болып табылады.
Сайыс таныстыруға арналған прозалық немесе поэзиялық шығармалар, 2015-2016 оқу жылында өткізген іс-шаралар жөнінде презентация, жаңа әлеуметтік жоба ұсыну, сұрақ – жауап және көрме кезеңдерінен тұрды.
«Үздік Ұланбасы – 2016» облыстық сайысына Астрахан, Бұланды, Бурабай, Еңбекшілдер, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Сандықтау, Шортанды, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан барлығы 13 қатысушы қатысты.
Сайыстың қортындысы бойынша І-орынды Бұланды ауданы Покуса Любовь иеленді, ІІ-орынды Есіл ауданы Алмас Жангүл мен Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернаты Шайкенова Айри өзара бөліссе, ІІІ-орынды Ерейментау ауданы Қайрат Айкүміс пен Целиноград ауданы Хасенова Диана өзара бөлісті. Жеңімпаздар және қатысушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Бас жүлде «Үздік Ұланбасы – 2016» кубогы.
Пікірлер