Жаңалықтар

«Балаларға күлкі сыйла» атты республикалық акцияның аясында өткізілген іс – шараның қорытынды хабарламасы

19.06.2014, 11:37 | Пікір: 0

Атырау облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Балаларға күлкі сыйла» атты республикалық акцияның аясында іс – шаралар өткізілді. Шараның мақсаты аса қиын өмірлік жағдайдағы мүгедек, ата – анасыз қалған балаларды, сонымен қатар көп балалы мен толық емес отбасылардағы балаларды қолдау болып табылады.  

    Акция облысымыздағы №4 мектеп – интернаттың балаларымен өткізілді. Ұйым белсенділері бүлдіршіндермен әр түрлі ойындар ойнап оларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Балалар өздерінің ойларын асфальтқа түрлі – түсті бояулармен сурет салу арқылы бейнеледі.

«Жас Ұландықтар» кішкентай бүлдіршіндерге өздерінің оқыған кітаптарын сыйға тартып, олардың өздері секілді ұйым белсенділері атануларына тілектестіктерін білдірді. Шара соңында сурет жеңімпаздары анықталды:

1-орын Диляраға берілді. Өз суретінде таулы аймақтағы қазақ ауылының тұрмысын бейнелеген.

2-орын Наурызбек есімді тәрбиеленушіге берілді. Оның суретінде ашық аспан, күлімдеген күн жерге сәулесін шашып тұр.

Тағы бір 2-орынды Алмагүл иеленді. Әсем киінген қыз бейнесін мейлінше қанық бояп, осы өнерге деген өз құлшынысының жоғары екенін байқатқан.

3- орын Асылбекке бұйырды. Ойыншығын ұстап далаға ойнауға шыққан қыз бейнесін салыпты.

Кезекті бір 3-орынды Исатай есімді бүлдіршін алды. Автомобильді шебер бейнелеу арқылы өзінің көліктерге деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті.

Сәнқой жас жігіт бейнесін сомдаған Ақнұр 3-орын иеленді.

Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді.

Ақция соңында «Жас Ұландықтар» флешмоб билеп, балаларды бір сертілтіп тастады.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.