Жаңалықтар

«Астана деп жүрегі соққан мәңгі, «жасұландық» жастардың жарқын үні»

29.07.2014, 12:18 | Пікір: 0

Аталмыш шара «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 40 жасұландықтың қатысуымен Тараз қаласындағы вокзалда және Қазақстан Республикасының Президенті атындағы саябақта өткізілді.

Іс-шараны өткізудегі мақсат:  Егемен еліміздің Бас қаласы – Астананы туған күнімен құттықтай отырып, келешекке ізгі жол бастар Жамбылдық жасұландықтардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезім мен жоғары жауапкершілікті және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі өскелең жас буын өкілдерін арманы мен рухы асқақ – Қазақ елінің азат ұрпағы екендігін мақтан тұтатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады.

Астана күні қарсаңында өткен шара арқылы Жамбылдық жасұландықтар Бас қаламыз Астанаға жол тартқан облыс жұршылығына мерекелік көңіл-күй сыйлау мен ерекше тосыннан әсер қалдыруды көздеді. 

Расында да, Тараз қаласындағы темір жол вокзалында сапарға аттанғалы тұрған жолаушылар жасы кәрісіне қарамастан жасұландық жастардық көңілді заманауи флеш-моб билеріне риза болып, қошеметтерін білдіріп жатты. Тіпті, Астанаға сапары алдында Әулие-аталық жасұландық өрендердің би-шашуын көпшілік арасында естелік ретінде ұялы телефондарына түсіргендер де болды.

Ал, Қазақстан Республикасының Президенті атындағы саябақта өткен флеш-мобта әрине, әсер өзгешелеу болды. Себебі, саябаққа демалып, тыныстауға жан-жақтан жиналған түрлі жас шамасындағы қала тұрғындары жастарымыздың сергек билерінен елдігіміздің ерекше мерекесін бірге тойлап жатқандай әсерде болды. 

 

Жамбыл облыстық «Жас Ұлан» балалар 

мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы: 

Елгембаева Ғалия Мұратқызы

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.