«Галактика сақшылары» голливуд фильмін елордамызда қазақ тілінде көрсетті.
Ағымдағы жылдың 14 тамызында астаналық «Арсенал» кинотеатрында Қазақстанның шетелдегі студенттік ұйымдарының III Слетінің қатысушылары үшін «Галактика сақшылары» атты эпикалық блокбастердің көрсетілімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қазақ тілі мен мәдениетін насихаттау.
Қазақ тіліндегі фильмді Слетке қатысушылар, «Болашақ» бағдарламасының түлектері көрді. «Галактика сақшыларын» көруге шақырылғандардың бірі «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ атқарушы директоры Данияр Шамилов болды.
Пікірлер