Жаңалықтар

Мини-футболдан турнир өтті!!!

01.10.2014, 19:55 | Пікір: 0

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұлт денсаулығын сәтті болашақтың негізі деп атады. Сонымен қатар, «Астана» спорт клубының ашылуында Мемлекет басшысы бұқаралық спортты даму қажеттілігінің аса маңыздылығын ескертті: «Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірлерінде балалар спорт алаңдары мен басқа да спорт демалысын ұйымдастыру объектілері құрылып, және де стадиондарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Ұлт денсаулығы - біздің сөзсіз басымдылығымыз. Жүйелі негізде отандық таланттарды тәрбиелеу мен спортқа жас өспірімдерді тарту қажет. Ол үшін ең заманауи мен қолжетімді инфрақұрылым керек».

Аталған бағыттың маңыздылығын ескере отыра, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2014 жылдың 23-26 қыркүйек күндері мектеп оқушылары арасында велотрек аумағындағы жаңадан салынған алаңдарда мини-футбол жарысын өткізді. Ісшараның мақсаты аталмыш спорт түрін көпшілікке тарату, жас азаматтарымызды салауатты өмір салтына қызықтыру, себебі дәл осы жасөспірімдер қоғамнан шыққан бастауларды бойларына сіңіреді және біз бұндай ісшараларға оларды белсенді түрде тартуымыз қажет.





Жарыста Астана қаласының 7 мектеп командалары қатысты. III орынды 7-i мектеп-гимназиясы, II орынды 61-і орта мектеп, I орынды дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі алды. Жеңімпаз команда, жүлдегерлер мен турнирге қатысушылар диплом, грамота мен сыйлықтарға иеленді. 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.