Жаңалықтар

Балалар жанашырлары Алматыда жиылды

30.10.2015, 14:00 | Пікір: 0

2015 жылдың 29 және 30 қазан аралығында «Жас Ұлан»ББЖҰ» РҚБ ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен  балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту мақсатында тәлімгерлер, ұстаз-ұйымдастырушылар, әдіскерлер, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының үйлестірушілерінің біліктілігін арттыру үшін Алматы қаласында аймақтық семинар (мастер-класс және тренинг) өткізді. Шараға республикамыздың 8 аймағынан 70 – ке жуық адам қатысты.



 

Шараның мақсаты тәлімгерлерге балалар қозғалысын және білім жүйесін дамытуда жоғары тәлімгерлерді тәрбиелеу арқылы методикалық және тәжірбиелік қолдау көрсету. Пленарлық отырыста сөз алған ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті директорының орынбасары Мұхамадиев Ернат Архатұлы қазіргі таңдағы балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде балалар ұйымдарының, ұйымдастырушы ұстаздардың жұмысының маңызды екенін атап өтіп, семинар жұмысына оң баға берді.

 


 

«Балалар тәрбиесінде – үкіметтік емес ұйымдардың алар орны ерекше. Себебі олар баланы болашақ өмірге даярлап, қоғаммен қатынасын реттейді. Осы орайда, біздің атқарар жұмысымыздың аса маңызды екенін ескергеніміз жөн – деді шарада сөз алған «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Садвакасова Динара Тайбасарқызы. Екі күнге созылған семинар барысында білікті мамандар психологиялық, әлеуметтік маңыздағы семинар-тренингтер мен арнайы оқытулардан өтті. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.