Жаңалықтар

Жамбыл облысы бойынша «Үлкенге - құрмет, кішіге - міндет» атты акциясы

13.05.2014, 9:42 | Пікір: 0

                                    Меркі ауданы

 «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушылары «Үлкенге – құрмет, кішіге - міндет» атты акциясына орай, Ойтал ауылы, Ворошилов көшесі №30 үйде тұратын,  Ұлы Отан соғысы ардагері Кубакин  Яков  Дмитреевичпен   кездесті. 

        «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының оқушылары Ұлы Отан соғысы ардагерінің бақшасын тазалап, жерің аударып, үй ішін тазалауға көмектесті. Яков Дмитреевич оқушыларға өз ризашылығын білдіріп, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар Ұлы Отан соғыс жылдарындағы қиындықтарды баяндап берді. 

Алдағы уақытта «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының балалары әрдайым Ұлы Отан соғыс  ардагерлеріне көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді. 

Қордай ауданы - барлық мектептерінің жас ұландықтары Ұлы отан соғысы және еңбек  ардагерлерінің  үйлеріне барып мерекелерімен құттықтап, өздерінің  тілектерін айтып  әкелген  гүл  шоқтары  мен  сыйлықтарын  ұсынды. Жасұландықтар  ата-әжелерінің  әңгімелерін тыңдап,  өздерінің  көкейлеріндегі сұрақтарды қойып,  ардагерлермен сыр бөлісті. Жасұландықтар  ардагерлермен ұзақ әңгімелескен  соң, үй  шаруашылығына көмек көрсетіп, ауласын тазалап сыпырып, ағаштарын әктеп, бақшаларын күректеп, тырмалап  берді. 

    «Үлкенге – құрмет, кішіге - міндет» атты акциясы бойынша  Талас ауданы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» мүшелері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне үй шаруасында көмек көрсетіп, үй ішін және ауласын жинап, тазарту жұмыстарын жүргізді. Жер аударып, қопсытып, көшет, тал, гүл егуге көмектескен оқушылар ардагерлердің рахметіне бөленді. Қарттардың көңілдерін көтеру мақсатында «жасұландықтар» шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын ойнады.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.