Жамбыл облысында Волонтерлерді қолдау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
2020 жылдың 1 маусымында Жамбыл облысында Волонтерлерді қолдау орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
⠀
Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев арнайы қатысты. Сондай-ақ жастар қоғамдық бірлестіктері, волонтерлер белсенділік танытты.
⠀
Волонтерлерді қолдау орталығы – өңіріміздегі тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтауда волонтерларды жұмылдыру және волонтерларға қолдау көрсететін әдіснамалық орталық болып табылады.
⠀
Волонтерлар өңірімізде орналасқан қасиетті орындарға саяхат жасап, ұлттық
құндылықтарымызды ұлықтауға бағытталған зерттеу және жобалық жұмыстарын жүргізетін болады. Орталықта 60 адамдық жеке кабинет, кино көру залы және релакс зона және жастарға қызмет көрсету орталығы болады.
⠀
Облыс аумағында волонтерлық бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қызметі іске асырылады. Білім және тәрбие беру ұйымдарының жүйелеріне волонтерлық қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді.
Пікірлер