Жаңалықтар

Жаңалықтар

28.01.2021, 14:45 | Пікір: 0

Бұл жүйе Bluetooth желісінде жұмыс істейтін маяктарды қолдана отырып балаларды бақылайтын мобильді қосымша саналады. Маяктарды балалардың киімдері мен сөмкелеріне тігіп қоюға болады. С.Сәрсеновтің айтуынша, құрылғының құны төмен болғандықтан, оны сатып алу ата-аналар үшін қиын болмайтын көрінеді.

Сонымен қатар ұялы байланыс үшін төлем алынбайды. «Бала үйден немесе ата-анасынан 10 метр қашықтаған сәттен бастап, электронды құрылғы автоматты түрде іске қосылады. Сондай-ақ электронды құрылғы арқылы баланың қай жерде жүргенін немесе оған қауіп төнген жағдайда орналасқан жерін анықтауға болады», дейді С.Сәрсенов.

Айта кетейік, бұл бастамалардың барлығы Ішкі істер министрлігінің қызметіне «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шең�берінде енгізілетін болады.


Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.