Жаңалықтар
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы 200 жаңа мектеп салуды тапсырды
Президент қазіргі кезде ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны артып келе жатқанын атап өтті. Оларға айрықша қамқорлық керек.
⠀
Осы орайда Үкіметке нақты қажеттіліктер мен заманауи стандарттарды ескере отырып, қаржыландыру нормативтерін жаңарту бойынша шара қабылдау тапсырылды. «Nur Otan партиясының сайлау алдындағы тұғырнамасы аясында 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салуға уәде берілді.
⠀
Қазірден бастап осы жұмысқа кірісу керек. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
⠀
2️⃣.Президент Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды енгізуді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды.
⠀
«Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы керек. Әлемдік тенденцияны ескере отырып, математика, тіл, информатика секілді басымдықты пәндерге ерекше мән берген жөн. Оқулықтар сапасы бойынша көтеріліп жүрген мәселелер бар», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
⠀
«Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға ешбір бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлап, енгізуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент 900 мыңға жуық бала 11 мың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбеленіп жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген.
Пікірлер