«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Д. Садвакасова Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасады
2017 жылдың 21 сәуір күні «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Д. Садвакасова Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баяндама жасады.
Шарада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі міндеттерін және ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының іске асырылуы барысын талқылауы ұйымдастырылды.
Алқа жұмысына Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-министр кеңсесінің, ҰЕМ, діни және жастар ұйымдарының, БАҚ-ның өкілдері мен сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев Жолдауды жүзеге асыруда министрліктің атқарылған жұмыстары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы негізгі тұжырымдамалары шеңберінде қойылған міндеттер туралы баяндама жасады.
Министр өзінің баяндамасында министрліктің жаңғырудың жаңа кезеңіндегі мемлекет пен діннің өзара әрекет етуінің қазақстандық үлгісін жасақтау алда тұрған басымдықтардың бірі екенін айтты.
Сондай-ақ Н.Ермекбаев Мемлекет басшысының мақаласы шеңберінде министрлік жүзеге асыратын негізгі міндеттерге тоқталды. Министрлік Қазақстан қоғамында тұрақтылықты сақтау мақсатында діни бірлестіктердің кедергісіз жұмысы үшін қолайлы жағдай жасау және барлық конфессиялармен ынтымақтастықты нығайту үшін жұмысын жалғастыратын болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының мақаласында көрсетілген рухани жаңару бағытында министрлік жалпыұлттық қасиетті орындардың маңыздылығы туралы түсінікті қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Ол үшін жастардың арасында ішкі туризмді дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру бойынша арнайы гранттар бөлінеді. Басты мақсат – өлкетану, мәдени турзим, туризм мен демалыс орындарын дамытуға бизнесмендерді тарту болып табылады.
Ұлттық берегейлік пен дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мақсатында мемлекеттік орган оқу орындарында «Абай жолы ұлттық мектебін» ашуды ұсынды. «Бірге өмір сүру» жастар фестивалін өткізу жоспарлануда. Жобалардың мақсаты ұлттық мәдениет пен отбасын құруда, балаларды тәрбиелеуде, үлкендермен қарым-қатынас жасау мәселелерінде мәдениет, салт-дәстерді насихаттау болып табылады
2017 жыл ішінде жастар ұйымдарымен диалог құруда министрлік жастардың патриоттық тәрбиесі, әлеументтенуі және шығармашылық дамуы бойынша жаңа жалпыұлттық жоба әзірлейтін болады. Министр бұл конкурсқа белсенді қатысуға шақырды. Оның айтуынша, елге жаңа идеялары бар, заманауи технологияларды жетік меңгерген серіктестіктер қажет.
Іс-шара барысында ҚР Парламент Сенатының депутаты Ж.Ерғалиев, Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Сүлейменов, Дінтанушылар конгрессінің мүшесі, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры А.Әбуов, «Қаһарман ұрпақ» ҚҚ төрағасы К.Елубаев, Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрағасы Д.Сәдуәқасова және т.б. сөз сөйледі. Министрдің баяндамасы белсенді талқыланды.
«Қаһарман ұрпақ» ҚҚ төрағасы К.Елубаев жергілікті халықтың тарихы мен мәдениетін зерттеуге арналған тарихи-этнологиялық және фольклорлық экспедицияны жыл сайын өткізіп отыру, қазақ мемлекеттілігінің әскери тарихын және Қазақстанның тарихи тұлғаларын зерттеу бойынша «Өлке тарихын сүйтіндердің қоғамы» құруды ұсынды.
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар және жасөспірімдер ұйымының төрағасы Д.Сәдуәқасова жоғарғы білім оқу орындарында «Абай жолы» жобасының іске асыру идеясын қолдап, бұл жаңашылдықты орта білімді мектептерге де енгізу бастамасымен шықты.
Отырыс аяғында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі ережелерін жүзеге асыру бойынша белсенді талқылау өтті. Шара қатысушылары өз ұсыныстарын айтып, қойылған мақсаттар шеңберінде министрліктіктің қызметі жайында өз ойларымен бөлісті. Өз кезегінде ведомство басшысы Н.Ермекбаев барлығын белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, барлық айтылған ұсынымдар ескеретінін айтты.
Дереккөз: Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайты http://www.din.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti/?cid=0&rid=2951
Пікірлер