Жаңалықтар

«Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті

13.09.2013, 10:23 | Пікір: 0

Қыркүйектің 7-інші жұлдызында Алматы қаласының, Бостандық ауданының 51 мектеп гимназиясында   «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның жас буыны 85 Жасқырандықтардың жоғары буын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау рәсімі өтті. Салтаннаты рәсімді гимназия директоры Касенова Т.А. ашып, жасқырандықтарды құтықтап сабақты жақсы оқып, өмірде одан әрі белсенді болуға шақырды.

Аталған шараға Оқушылар сарайының балалар палатасының жетекшісі Зиновьева А.В., Алматы қаласының «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның атқарушы хатшысы Тұтқышбаев Қ.С. қатысып балаларды құтықтады.

 

 

Салтанатты шарада  Мемлекеттік Ту, «Жас Ұлан» ББЖҰ Туы енгізіліп, Мемлекеттік Әнұран шырқалды. Қонақтар балаларға аспан түстес галстуктар тағып, Жасұландықтарға Елімізді алға жетелейтін халыққа қалаулы азаматтар мен азаматшалар болуды тіледі.

 

 

«Бүгін «Жас Ұлан» қатарына қабылданған Жасқырандықтар бастауыштан бері мектеп, аудан өміріне белсенді ат салысқан, өздерін көрсете білген оқушылар. Олардың арасында оқу озаттары, спортсшылар, мектеп белсенділері бар»-дейді мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары.

Бір саты жоғары өскен жас «Жас Ұландықтар» риза болып, көздерінде от ойнап, галстуктарына ұзақ қарап мәз болды.

Өмірде жолдарың ашық болсын, аяулы Жас Ұландықтар!!!

Алматы қаласының «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның баспасөз қызметі 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.