«Жас Ұлан» ұйымы Қазақстандағы алғашқы эко-ойынды ойлап тапты
Ойынның мақсаты балалар мен жастар арасында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.
Әрбір адам өз өмір жолында көміртекті із қалдырады. Су мен энергияны шамадан тыс тұтыну, автомобильмен жүру, шетелдік тауарларды сатып алу, тіпті мессенджер арқылы хабарлама жіберу қоршаған ортаға зиян келтіреді. Сондықтан әрбір азаматтың міндеті – көміртекті іздің төмендеуіне ықпал ететін өмір салтын ұстану. Ойынның басында әрбір ойыншыға 50 тонна CO2 беріледі. Бұл ойынның мақсаты-көміртекті ізді азайту және қаланы қоқыстан тазарту.
Чемпионатқа Нұр-Сұлтан қаласының әр мектебінен 70-ке жуық оқушы қатысты.
Көміртек ізін ең көп азайтқан оқушылар жеңімпаздар атанды.
Ойынның қорытындысы бойынша 2-орынды және 20 000 теңге ақшалай жүлдені №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Аймухаммед Құдірет, №53 мектеп-лицейінің оқушысы Оралханұлы Альтаир, 1-орынды және 40 000 теңге ақшалай жүлдені №77 мектеп-гиназиясының оқушысы Мусалимова Мерей иеленді.
Алдағы уақытта аталған ойын бойынша республикалық чемпионат өткізілетін болады.
Пікірлер