«Жас Ұлан» ұйымының «Көшбасшылар мектебі» аясындағы тренингтер жалғасуда
20 сәуірде психолог, коуч, қоғам белсендісі Эсет Куссиева психология тақырыбы аясында оймен қалай жұмыс істеу керектігі жайлы айтып, тәжірибе жүзінде бірнеше жаттығуларды көрсетті.
Ал 21 сәуір күні кәсіпкерлік бойынша «Бастау» жобасының үздік бизнес - оқытушысы Қуанышбек Ерниязов тренинг өткізді. Бизнесті бастаудың жолдарымен бөлісіп, табысты болудың құпиясын ашты.
Сонымен қатар, мектеп жасындағы балалардың Заң аясындағы мүмкіндіктері мен құқықтары жайлы айтты.
Пікірлер