«Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ төрайымы Білім басқармасының алқа отырысында сөз сөйледі
2019 жылы 15 сәуірде №68 орта мектепте Нұр - Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен «Бала өміріне қауіпсіз қала» тақырыбында Білім басқармасының алқа отырысы өтті. Жиынға ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова және ҚР Парламент Сенатының депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтбаева, сондай - ақ , мәслихат депутаттары,білім беру ұйымдарының басшылары және мектеп оқушылары ата-аналар мен қалалық қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Жиын барысында балалардың далада, әлеуметтік желіде қауіпсіздігі, ата - аналардың балалар қарым - қатынасы мәселелері талқыланды.
Спикер ретінде Республикалық «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөсперімдер ұйымының төрайымы Динара Садвакасова сөз сөйледі. «Жас ұлан» ұйымының қызметі туралы айта кетіп , жасөспірімдерге қатысты мәселелерді қозғады. «Балаларымыз үшін дағдыларын дамытып, қабілеті мен әлеуетін аша алатын қауіпсіз орта құру – «Жас Ұлан» ұйымымыздың басты міндеті болып табылады. ҰББДҚ - ның көрсеткіші бойынша ұйым 1,5 миллионнан астам оқушыларды біріктіреді. Нұр-Сұлтан қаласындағы жасұландықтар саны 30 мыңды құрайды»,- деп Динара Садвакасова ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар , Заң бойынша күніне 4 сағаттан артық емес уақытты алатын бос жұмыс орындары ұсынылатын Балалар еңбек биржасын құруды ұсынды. Ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында «Жас Ұлан» түлектерінің қауымдастығын құруды жоспарлап отырғандарын айтты. Бұл балалардың ересек өмірге бейімделуіне, студенттер мен оқушылардың арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Сондай -ақ, Мектеп бітіру кеші туралы тақырыпты да қозғап өтті. «Бүгінгі таңда, мектеппен қоштасу ол қымбат ресторандар, лимузин, сән көрсету алаңын еске түсіреді. Мен балалар мен ата-аналардың мектеп қабырғасындағы соңғы кешті есте қаларлықтай керемет қылып өткізуге деген талпыныстарын түсінемін, дегенмен менің ойымша, әр нәрсенің «шегін» білген дұрыс. Қомақты қаражатты бір ғана кешке жаратпай, басқа да пайдалы істерге жұмсау әлде қайда тиімдірек» ,- деді ұйым төрайымы.
Сөз соныңда жасұландықтар дайындағын бейнеролик көрсетілді.
Республикалық «Жас Ұлан»
бірыңғай балалар мен жасөсперімдер
ұйымының баспасөз қызметі
Пікірлер