Жас Ұландар эстафетасы
Атырау облыстық «»Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен № 34 лингвистикалық гимназиясында «Менің қалауым - салауаттылық» тақырыбымен «Жас Ұлан Аламаны» ойыны өткізілді.
Шараның мақсаты - жаңа ойынды насихаттау арқылы мектеп оқушыларының ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, спорттық дене қимылымен қоса ой жүйріктігін дамыту.
Ойынның шартына сәйкес қатысушылар интеллектуалдық және спорттық тапсырмаларды уақытқа орындаудан сайысқа түсті. Астана, егіздер, марафон, алтын сақа, мерген, спорт және Жас Ұлан деп аталатын жеті нүкте арасында жеті ойыншы сұрақтарға тез жауап айту және спорттық тапсырмаларды мүлтіксіз орындау арқылы келесі жолдасына «Жас Ұлан» галстугін эстафета белгісі ретінде табыстау арқылы ойынды қыздыра түсті.
Ұлттық ойынымыз көмбедегі 20 асықты ату арқылы әр асықты құлатқан сайын тобының жалпы сайысты орындау уақытынан 10 секунд шегеруге мүмкіндік алды. Қатысушылар арасынан №24 мектептің оқушысы 8 асықты құлатып, тобының 80 секундын қысқартуға септігін тигізді.
№ 27 орта мектептің 9 сынып оқушыларынан құралған «Жалын» тобы ойынды 1 минут 26 секундта аяқтап жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.
Екінші орынды 1 мин 40 секунд көрсеткішпен № 22 орта мектебінің «Тұлпар» тобы иеленсе, үшінші орынды № 34 лингвистикалық гимназиясының «»Жас Ұлан» тобы қанжығасына байлады.
Ойын өте тартысты өтуімен балаларды жақсы әсерге бөледі. Қолдаушы топтар да қарап қалмай өз достарына рух бере білді.
Жаңадан құрылған бұл ұйымның жаңа ойындарын мектеп оқушылары арасында ұдайы насихаттау жоспарлануда.
Пікірлер
№27 мектептің оқушылары жеңістеріңмен құттықтаймын! Жарайсыңдар!!!
көп көп рахмет