Жаңалықтар

Жасұландықтар «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Астана қаласы бойынша жеңімпаздары Ерекешовтар отбасымен кездесті.

23.09.2018, 0:00 | Пікір: 0

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі «Астана қаласының қоғамдық даму ісі жөніндегі басқармасы» ММ қолдауымен «Отбасы - бақыт мекені» атты жобаны іске асыруда. Аталған жобаның мақсаты отбасы құндылықтарының рөлін бекіту менен қолдау, отбасылық қарым-қатынастың дәстүрі менен мәдениетін сақтау, қазақстандық отбасының жағымды беделін насихаттау, отбасы институтын нығайту болып табылады.

Жоба аясында 2018 жылғы 22 қыркүйек күні 25 жыл бірге өмір сүріп келе жатқан Ерекешовтар әулетімен кездесу ұйымдастырылды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының Астана қаласы бойынша жеңімпаздары отбасында тату-тәтті өмір сүрудің сырымен бөлісті.

Асылжан және Манира Ерекешовтар денсаулық сақтау саласында қызмет етеді. Ерекешовтардың бұл саланы таңдауы әулетінде қалыптасқан үрдіс. Қазіргі таңда, 3 баланың ата-анасы, үлгілі отбасы, еліміздің беделді азаматтары.

Сонымен қатар, «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы, танымал диктор, екі ұлдың әкесі Мұхамедәлі Болатұлы жұбайы Сәуле ханыммен қонақ болып, алты жылдық бірлескен өмірінің қызығы мол сәттерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.

Шақырылған қонақтар қатарында жиһангез блогер, психолог, радио жүргізушісі Динара Болат ханым да болып, отбасы құндылықтары, ата-ана қадірі, бабалар батасы, қандай кітаптар оқыған дұрыс т.б. сұрақтарға жауап берді. Ерекше атап өткені, Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабы.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.