Жаңалықтар

Жасұландықтар мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып, жаңа достарын тапты.

06.11.2017, 9:27 | Пікір: 0

«Жастық жігеріміз жақсылыққа» деп ұрандатқан жасұландықтар ғылыми, спорттық, шығармашылық жобалармен ғана емес, әлеуметтік маңызы бар  қайырымдылық іс-шараларымен де белсенді түрде айналысады. Жақсылықты ту еткен жасұландық еріктілердің басты мақсаты - әрбір жанның жүрегіне жылу сыйлап, рухани тұрғыдан қолдау көрсету, өзін және өзгелерді құрметтеуді насихаттау. Әзірге мектеп оқушылары болса да, біздің балалар жоғарыда аталған  мақсаттарына қарай  ілгері жылжып келеді.  

Қайырымдылық пен мейірімділік – егіз ұғымдар. «Мейірімділік, махаббат пен адалдық секілді ақ жүректен шығады» - деп Шәкәрім атамыз айтқандай, мейірімділік адамның жоғарғы адамгершілік белгісі ретінде, оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын аса маңызды қасиеттердің бірі болып саналады.

Сіз білесіз бе? Дүниедегі ең басты қуаныш - баланың жүзіндегі шынайы  күлкісін көру. Сондықтан да болар біздің белсенді еріктілеріміз балалар үйіне барғанды ұнатады. Ең алғаш рет  2017 жылдың 10-маусым күні ерекше балалар үйіне барып, танысып, тәрбиеленуші ұл-қыздармен достасқан  болатын. Бірінші барғанымызда ол жер жеке дара әлем болып көрінгені жасырын емес, дегенмен уақыт өте балалармен етене жақын  қарым-қатынас орната білдік.

Оқу жылы басталған соң, 21-қазан күні бір топ жасұландықтар мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне барып, жаңа достарын тапты. «Адамның бақыты балада» демекші, көздері мейірімге, жүректері махаббатқа толы  алаңсыз жарыса ойнаған балақайлардың қуанышты жүздерін көріп, сыңғырлаған күлкілерін есту нағыз бақыт! 22-қазаннан бастап белсенді жасұландықтар «Балалар ауылына» да сапар шекті. Балалар үйіне барған сайын, қатарымызға қосылғысы келетін оқушылардың саны артты.

Аталмыш шара қазан айының 21,22,29 күндері мен қарашаның 5-інші жұлдызына  дейінгі аралықты қамтыды.

Аз ғана уақыттың өзі балаларға ғана емес, ұйымдастырушыларға да қуанышын сыйлады. Біздің еріктілеріміз тәрбиеленуші балалармен түрлі спорттық шараларды ұйымдастырып, барған сайын бір-бірімен тәжірибе алмасып,  білген-түйгендерімен бөлісті. Бірі би билесе, бірі ән айтып өздерін жақсы қырларынан танытты. Адамның қиялы жүйрік, әсіресе, қам-көңіл кішкентай бүлдіршіндердікі. Бірі әнші, бірі дәрігер, аспаз, альпинист, тіпті,  президент болуға ұмтылатын, мақсаты бар жеткіншектердің ер жетіп келе жатқаны қуантады. Бәрінің мақсаты бір - бақытты болу, өмірден өз орындарын тауып, еліне аянбай қызмет ету .

Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн «кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің» - деп, мейірімділікке зор мән берген.

Қазіргі таңда, Балалар үйіне бару, жаны жайсаң жеткіншектердің дәстүрге айналдырған  істерінің бірі болып табылады. Жақсылық жасау үшін арнайы уақыт та, дүние де ,мүлік те, асқан ақылдың да қажеті жоқ, тек жүрегіңіз кең, ниетіңіз таза болса болғаны!  

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.