"Жеңіс бағы" акциясы
2020 жылдың 25 мамырында «Жас Ұлан» ұйымы және «Atamnyn Amanaty» @ata.amanaty қоғамдық бірлестігі «ҚҚДИ «Рухани Жанғыру» КЕАҚ-мен @kior.kz , Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының елшілігімен, Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен бірлесіп, Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай "Birgemiz: Taza Alem" @birgemiz_taza_alem жалпыұлттық жобасы аясында Ботаникалық бақ аумағында 75 ағаш отырғызды.
⠀
Іс-шара «Жеңіс бағы» акциясының жалғасы болып табылады.
Тұрғын үйлердің жанында және үй жанындағы учаскелерде ағаш отырғызған барлық қазақстандықтарға алғыс айтамыз. Осылайша, біз ата-бабаларымыздың ерлігіне ескерткіш орнатамыз.
⠀
Акцияға қатысып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың құрметіне ағаш отырғызыңыз.
Пікірлер