Біздің жобалар

«Жас Ұлан» кубогіне арналған доп додасы!

28.10.2012, 16:59 | Пікір: 0

Футбол-қазіргі таңдағы әлемдік ойындардың бірі әрі бірегейі. Сонау ағылшын жерінен бастау алған, бүгінде жер жүзінің сүйікті ойынына айналған бұл спорт, тек қызықты ермек қана емес мемлекеттердің әлемдік аренадағы беделін биіктететін құрал іспетті.

Республикалық «Жас Ұлан»  жасөспірімдер мен балалар ұйымы, «Жас Ұлан» кубогіне арналған турнир жариялайды. Мақсаты: мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, әлемдік футбол ойынын, дене шынықтыруға бейімдеу, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар арасындағы дарынды  ойыншыларды және жеңімпаз командаларды анықтау.

Турнирге 12-13 жас аралығындағыоқушылардан құралған мектеп командалары қатыса алады.

Аудандық іріктеу ойындары қыркүйек айында, облыстық іріктеу ойындары жергілікті облыс орталықтарында қазан айында, Республикалық ойындар 29 қазан-1 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді. Турнир жайлы толық ақпаратты www.zhasulan.kz сайтынан алуға болады. Еліміздің болашақ футбол жұлдыздарына қолдау көрсетейік.

 

«Жас Ұлан» кубогына футбол турнирін өткізу туралы ереже

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.