ҰБТ-ға қалай ДАЙЫНДАЛМАУ керек?
Міне, 17 жыл бойы Қазақстанның жоғары оқу орындарына ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) көмегімен түсуге болады, оның нәтижелері түсу емтихандары ретінде есептеледі. ҰБТ - толық орта мектеп үшін білімді тексеру мен бағалаудың ресми танылған формасы болып табылады. Еліміздің мемлекеттік жоғары оқу орындарында жоғары білім алғысы келетін түлектерге ҰБТ тапсыру міндетті.
Ғаламтор кеңістігінде ҰБТ-ға дайындалудың көптеген жолдарын табуға болады. Бірақ біз сізге алдағы тестілеуге қалай дайындалмау керектігі жөнінде айтқымыз келіп отыр.
Біз сіздерге ҰБТ-ға дайындаларда жиі кездесетін қателіктердің тізімін ұсынамыз.
- Материалды ойланбастан жаттауға тырыспаңыз (формулалар, күндер мен терминдерден басқа). Бұлай жаттаудың нәтижесінде сіз бәрін тез ұмытып кетесіз - сіздің басыңыздағы ақпарат шатасып, есіңізде ештеңе қалмайды. Түсінбеген материалдарға қатысты мұғалімнен кеңес сұраған дұрыс.
- Түні бойы кітап оқып отырмаңыз. Олайнан сіз тек денеңізді ауыртып, денсаулығыңызды құртасыз.
- Дайындалу арасында ұзақ уақыт қалдырмаңыз. ҰБТ-ға екі аптада бір рет дайындалу ешқандай оң нәтиже бермейді.
- Мұғалімдердің кеңестерін тыңдаңыз. Ол кісілердің алдынан көптеген оқушы өткен. Сондықтан, мұғалімдердің кеңестері өте маңызды.
- Бір ғана ақпарат көзін пайдаланбаңыз. Онда барлық тақырыптар болмауы мүмкін немесе пәндерге арналған нұсқаулықтарда көрсетілген барлық сұрақтарға толық жауап бере алмауы мүмкін.
- Ұлттық тестілеу орталығының сайтындағы берілген арнайы материал мен дағдыларға қойылатын талаптарды мұқият қарап шығыңыз.
- Тек мектеп сабақтарына, көшіріп алуға, соңғы түнде бәрін қайталап шығуға үміт артпаңыз. Бұл көмектеспейді, керісінше емтихан қарсаңында дүрбелең мен уайым тудырады.
- Дайындықты соңғы айға немесе бірнеше күнге дейін кешіктірмеңіз. Сіздің миыңыз аз ғана уақыт ішінде ауқымды ақпаратты сақтай алмай қалады, керісінше бұл миға қосымша жүк түсіріп, алынған ақпарат нәтижелі өңделмей қалады. Ең жақсы жағдайда сіз тек үзік-үзік ақпарат аласыз.
- Емтихан тапсырудың оңай жолдарын іздемеңіз. Көшіріп алу мүмкіндігі болмайды! Тестілеу пунктіне тыйым салынған заттарды (гаджеттер, құлаққаптар, шпаргалкалар) алып кіру, сізді ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырады.
ҰБТ жазу процесі - ең басты әрі жауапты кезең, осыған дейінгі дайындықтың шарықтау шегі. Тестілеу күнінің алдында жақсылап ұйқтап, демалып, моральды түрде дайындалу керек. Сондай-ақ, ең басты жау – қобалжуды – жеңе білу керек.
Пікірлер