Жаңалықтар

«Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді

13.12.2013, 13:15 | Пікір: 0

Қызылжар ауданы   "Парасат" мектеп-лицейі 12-13 желтоқсан күні «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат  болуына міндеттейтінін сезінді.  Өйткені ҚР Тұңғыш Президент күні мереке қарсаңында  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» ұйымына мектебіміздің  98 оқушы «Жас Қыран» 133 оқушы қабылданды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.Онда мектеп ұстаздары мен 40-қа жуық  ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар  «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін, бұлжытпай, сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Болашақ ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын  тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп директоры Бұлбұл Ахмадиқызы  сөз сөйлеп «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді.Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.

Аға тәлімгер: Ибраева Айнагуль Маратқызы

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.