• 150 ұпай

ДОСТАРЫМ

34 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    1 сыйлық

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      mc uni (7242 Production) - Журектен шыккан анiм
    • 0
      Кайрат Нуртас-Окиниш
    • 0
      Кайрат Нуртас & Бакыт Алтай - Ойлама
    • 0
      Кайрат Нуртас-Ол сен емес
    • 0
      aikyn-tanym
    • 0
      Айжан_Нурмагамбетова_-_Бакыт_деген..._-_(mp3poisk.net)
    • Аида Батухан

      ТІЛ БҰЗАРҒА-ТОСҚАУЫЛ

      Мен алаштың алғашқы астанасы-Қызылордада туылғанымды мақтан етемін. Туған қаламның күннен-күнге көркейіп келе жатқаны қуантады. Байқасаңыздар,қала тазалығы да жолға қойылып келеді.
      Алайда,қала көшелеріндегі қаптаған нысандардағы қателікпен жазылған маңдайшаларды көргенде қарның ашады.Бір ғана «Шұғыла» мөлтек ауданынан 30 шақты нысан маңдайшасының қате жазылғандығын байқадым.Кейбірінің әріптері түсіп қалып,орны бос тұрса да,иелері мән бермейді,жаңалауға жауапкершілік танытпайды.Мұнымен қоймай,нанын тауып жеп отырған кәсіптік нысанының атауын өз елінде тұрып,өз тілінде емес,өзге тілде қоюы сәнге айналғандай. Олардың көпшілігінің иелері де қаракөз қандастарымыз екендігін ескерсек,намыссыздық па,әлде шынымен сауатсыздық па,немесе немқұрайлылық па?
      Жалпы,маңдайша атаулары,жарнама-тұтынушыны өзіне тартумен қатар,тіл білмейтін кісілерге тілді үйрету құралы ретінде тіл тазалығына аса мән берілуі керек деп есептеймін.Сонда, осындай «жарымжан» атаулар арқылы қандай тілді насихаттауға болады,тіл мәртебесі қалай көтерілмек? Ахмет Байтұрсынұлы бір сөзінде «Ел-бүгіншіл,менікі-ертеңгі үшін» деген екен.Мені де алаңдататыны сол-болашақ ұрпақ тәрбиесі,тіл мәртебесі! Сондықтан,бұл мәселе бей-жайлықты көтермейді.

      АИДА БАТУХАН
      № 7 орта мектептің
      11 «Ә»сынып оқушысы



















      Маған ұнайды:
      18.01.2014, 10:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Менің отаным- Қазақстан!

      Отан!
      Отан !
      Бәрінен биік екен.
      Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
      М.Мақатаев

      Отан! Төрт әріпті,бірақ,құдіреті шексіз,мағынасы терең,кең ұғымды сөз.Бұл сөздің аясына туған ел,кіндік қаның тамған жер,оның көркем табиғаты,туған-туыс,дос-бауыр саяды және көкірегіңде оларға деген жылылық,сүйіспеншілік сезімі еріксіз оянады.
      Менің Отаным-Қазақстан! «Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды.»,-дейді қазағым, ал менің Отаным сонау Каспийден бастап Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. Өз Отанымның тарихына сәл де болса тоқталмау, ұят та болар.Алдымен,тарихтан сыр шертсек,Қазақстан дәл қазіргідей мамыражай кейіптегі ел тірлігіне дейін не көрмеді десеңші?!
      Еліміздің басынан азап та , аштық та ,босқыншылық пен сұм соғыс та өтті. Тағдырдың талай тауқыметін тартса да елдігін,өрлігін жоғалтпаған қазағымның сүйегі асылдан-ау,сірә?!
      Сонау,он бес одақтас Республикасы бар Кеңес Одағынан бөлініп шығып, тәуелсіз,жеке мемлекет болғалы да сан түрлі қиыншылықты бастан өткердік. Күтпеген жерден пайда болатын қиындықтар,ертеңге деген сенімсіздік бәрін де алаңдатты.Аспанды қара бұлт қаптады.Сол кезде халыққа жанашыр болатын,сол қиындықтан мемлекетімізді алып шығып,аяқтан тік тұрғызатын ертегідегідей «Толағай» сынды ержүрек батырдың керек болғаны рас.Уақыт өте қаптаған қара бұлт арасынан сәулесі шашыраған күн шықты. Сол күн сәулесімен бірге халыққа бақыт,нұр, ертегідегі батыр-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев келді.Еліміз тәуелсіздігін алып, өз Әнұранын,Елтаңбасын,Туын бекітіп,болашаққа нық сеніммен қадам басты.
      Бір сөзбен айтқанда, «Қазақстан»деп аталатын егеменді,көршілерімен иық тірестіре бой түзеген,ғажайып мемлекет пайда болды. Қазақ елі-байтақ, бақытты ел. Қазақстан -Еуразия құрлығында орналасқан, 14 облысы бар, жері пайдалы қазбаларға мол өлке.Мен «Астана» атты көркейген,жас астанасы бар мемлекетте тұрып жатқанымды мақтанышпен айта аламын.
      Отан!
      Шіркін десеңізші,осы тақырыпта жырламаған,Отанын әнге қоспаған ақын, жазушы жоқ шығар мына фәниде.Қай ақынды алып қарасаңыз да, «Отан»деп елжіреген жүрегінен маржандай жыр шумақтарының шыққанын көресіз.Әрине,әр адам өз туған жерін мақтан етеді, аңсайды. Әркімнің өз елі- Мысыр шаһары» деген мақалды бекер айтпаған.Қазіргі таңда,Отанынан безіп,шет елге барып жеке бизнеспен айналысып жатқан адамдар өте көп. Бірақ,сол адамдардың теледидардан еліне келіп,ата-бабасы жатқан жерге тағзым еткенде көздерінен ерекше ұшқын, сүйіспеншілікті көруге болады.
      Соған қарап мен қарапайым өмір сүріп жатсам да отбасыммен,туған
      жерімде оқып, өз елімде жүргеніме қуанамын.
      Отанды сүйіп өту- кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Отанды сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Яғни, туған анаңа,туған жұртқа деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласпақ.
      Мен – егеменді елімнің ертеңімін. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» , - деп Абай атамыз айтқандай , Отанымның болашағы үшін келешекте өз үлесімді қосуға тырысамын.
      Мен Отанымның әлде де биіктен көрінетініне,көркейіп,өркендей түсеріне сенемін.Өз шығармамды ішкі тебіреніспен,патриоттық сезімге толы толғаныспен шығарған өз өлең жолдарыммен аяқтағым келеді.
      Жетістігіңді естіп күнде қуанамын,
      Ертеңіне жас болсам да,толғанамын.
      Жаңа идея,жаңа жоба,жаңа бағыт-
      Бұл тапсырма,алға қойған Нұр атамның.
      Отанымды мен де мақтан етемін,
      Азамат болам,ел қолдайтын,сенетін.
      Отаныма қызмет етіп,әрдайым,
      Болашақта мол табысқа жетемін.

      АИДА БАТУХАН
      № 7 орта мектептің
      11 «Ә»сынып оқушысы



      Маған ұнайды:
      18.01.2014, 10:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Менің мамандығым-менің болашағым

      Жалпы,бір ортада бірнеше адам болса,олардың әрқайсысы болашағын әртүрлі елестетеді.Біреуі- ақ халатты абзал жан болуды қалайды,бірі-шәкірт тәрбиелер ұстаз болуды мақсат тұтады.Ал,мен болашағымды тікелей журналистикамен байланыстырамын. Журналисттің бойында қандай қасиеттер болу керек,бұл мамандықты таңдауыма не түрткі болды,жалпы журналист қалай жұмыс жасау керек,өзіме кімді кумир тұтамын-секілді сұрақтарға жауап іздеп көрейін
      Иә,журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз, шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады.
      Әрқашан ақиқаттан айнымау — журналистің басты парызы.
      Журналист еш уақытта қателеспеу керек, бұл да басты принциптердің бірі. Өйткені, журналист қателессе, ол бір адамның қателесуі емес — мыңдаған, миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиюі мүмкін.
      Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. Өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету ләзім. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман.
      Әлемде,тіпті елімізде орын алып жатқан оқыс оқиғалар,қуанышты хабарлар менің осы мамандықты таңдауыма түрткі болды.Мен сол жаңалықтарды халыққа бірінші болып жеткізгім келді,
      Өзіме өзімізге белгілі журналист Гүлназ Әлімгерей апайымды үлгі етемін.Қазірде сол кісінің шығармашылығына,өміріне,жалпы жетістіктерін зерттеу үстіндемін.Мен өзіме көп нәрсені сол кісі арқылы алдым десемде болады.
      Менің балалық шағымнан бастау алған бұл таңдауым-өте орынды деп есептеймін.Себебі: менде болашақта білім алып,елімнің жақсы жаңалықтарын шетелге танытып,халқыма адал қызмет етер азаматшалардың бірі боламын деп сендіремін.
      Сонымен қорыта айтқанда,Ұбтға аз қалсада,егер ұнамай тек баллға,грантқа ғана қарап таңдаған мамандықтарыныз болса,кеш болмай тұрғанда жүрек қалауын жасап,өздеріңізге ұнайтын мамандық иесі атаңыңыздар.Себебі,өзі сүйіп таңдамаған мамандығында адам бар құштарлығын салып ешқашан жұмыс жасамайды.

      АИДА БАТУХАН
      № 7 орта мектептің
      11 «Ә» сынып оқушысы
      Маған ұнайды:
      18.01.2014, 10:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Жұбан Молдағалиев. Мен - ҚАЗАҚПЫН! Толық нұсқа
      T27.08.2012
      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.

      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген,

      Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

      Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

      Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

      Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.

      Мен - жігітпін, айқасқа, сынға асықпын

      Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.

      Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,

      Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым

      Мен - қара көз сұлумын, сайтан қызбын

      Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.

      Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,

      Қас батырмен қайрасқам балтам жүзін.

      Осындай боп, білмеймін, кіммен тудым.

      Бәлки қайсақ, бәлки бір түннен тудым.

      Деп шаттантты біреулер «күннен тудым».

      Жоқ, сірә, мен қара күні күннен тудым.

      Руым көп солардың аттарындай,

      Мінезім бар таулардың қатпарындай.

      Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,

      Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

      Қаза тапқан солдаттай ізгі өлімнен.

      Қоштасар да өтіпті түз белінен.

      Қанқалары табылып жатыр қазір

      Соғыстар мен жорықтар іздерінен.

      О замандас, соларды бір қараңыз:

      Әр кірпіші, әр тасы бір қора аңыз.

      Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,

      Өшкендерді табатын бір ғана біз.

      Мирасы ма, мұра ма аз ба со да?

      Алынбайды алтындай қазбаса о да.

      Тереңім көп, тұңғиық тарихым көп,

      Жылдар көші том-томдап жазбаса да.

      Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім.

      Білдім бірақ найза мен аттың белін.

      Ат үстінде ұмыттым кедейлікті,

      Ат үстінде өлсем мен шатпын дедім.

      Жетпеген жоқ ғылымға зеректігім,

      Сезбеген де емеспін керектігін.

      Қала бердім жарыққа жол таба алмай,

      Қараңғыға тас батып ер екпінім.

      Кейін білдім жердің де шар екенін,

      Өз өлшемі, өз шегі бар екенін.

      Көк өгіз деп көгеріп тұрған соны,

      Ысырап боп жүріпті «бәрекелдім».

      Жерді үйіру қиялы былай тұрсын,

      Жемісі де бинеті несібеме.

      Танытады надандық Сократты,

      Гомерді де көп ғасыр тоқырады.

      Көзім басыр болса да, ойым көргіш

      Мен де ақын ем өзіңдей сол бір қарттың.

      Копериктер, Джордано Брунолар!..

      Қаны кеп қаншама ұл-қыздарым.

      Бағы жанса, солардың бірі болар.

      Арылмады басымнан замана-түн,

      Үйіп-төгіп жазымыш жаманатын.

      Европадан жетпіс жыл соң оқыдым

      «Коммунистік манифест» ғаламатын.

      Соң оқыдым, талайдан бұрын ұқтым,

      Түппен күнге күрт басып бұрылыппын.

      Бір бөлшегі болғаным қандай бақыт

      Россиядай, Лениндей ұлылықтың!

      Ал бүгін ше? Бүгін мен азаматпын,

      Жаза алатын, ғылымды қаза алатын,

      Жаза алатын дүниелік дастандарды,

      Жаза алатын тарихқа қазақ атын.

      Атымның да кеше ғой танылғаны,

      Оған дейін не таңба таңылмады?

      Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз

      Шолпан қызы, шапақты таң ұлдары.

      II

      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

      Жоқ, ондай ел болмайды жер бетінде

      Мал соңында күл емей желдейтін не?

      Мен - Шыңғыс хан, атыңды өшіремін.

      Менмін сені тірілей жерлейтін де!

      Екі айтпайды хан тақсыр, бір кеседі,

      От көссе де қолымен, бір кеседі.

      Қылышына ілініп қылша басым,

      Әр шапқыншы қолында жүр кесені.

      Шегірткедей қанталап ат тұяғы

      Тозаңдатып талқандап жатты ұямды.

      Ит үрікті түтеген түтіндерден,

      шат күлкілі даланы жат күй алды.

      Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым.

      Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

      Сансыз бастым сан тіріліп,

      «Мен қазақпын» дегенді айта тұрдым.

      «Мен - қазақпын» дедім хан Темірге де.

      Жезтырнақша қадалды жебір неме.

      Шыңғыс қорқау болғанда, мынау бөрі,

      Біреуінен бірі кем елірді ме!?

      О да құдай саналды, жұртты айдады.

      О да мені өлтірді, құрта алмады.

      О да кетті жегідей, жерімді отап,

      О да салды денеме дыр таңбаны.

      Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары

      Қатпарына қаншама сыр тықпады?

      Шежіренің беттерін ашар о да,

      Оқи алсаң кітаптай, сүртіп қанын.

      Қан да, көздің жасы да сорықпады.

      Күреңітті көлдердің борықтары.

      Азап-қазап «Ақ табан шұбырынды».

      Ала топан жоңғардың жорықтары...

      Мал айрылды дағдылы жайлауынан,

      Жер айрылды жарлы елден, байлы ауылдан.

      Қыран бүріт адасты мекенінен,

      Қыз жаңылды сертті сөз байлауынан.

      Сарыарқада сарнады Асан қайғы,

      Домбырадан соққанмен бас алмады.

      "О, қарт баба, еңсеңді көтер! - дедім,

      Көп күрсінсең, көңілі де қасаңдайды.

      «Ару - жолда, мал - терде, бала - белде

      Уайым түбі - теңіз ғой, бара берме.

      Жігер керек, жыр керек, жалау керек,

      Қайрат күйі боп түгіл қаралы елге.

      Жерімізде жау қолы жосығанда,

      Тура айтуға тірі тіл шошығанда,

      Жалғыз дауыс - домбыра емес пе еді

      Қарсы барған қанпезер Жошы ханға?

      Күй емес пе ботасыз нар ілдірген?

      Ән емес пе аққудан жар ілдірген?

      Жыр емес пе жүрекке жел бітірген ?

      Олар барда дей алман тарылды іргем.

      Жолдас емес адамға дүние боқ.

      Жұмаққа да жүр қазір дін ие боп.

      Өлең қалсын ұрпаққа, өнер қалсын,

      Ата мирас мәңгілік дүние боп.

      Ұлы аманат етейік еркіндікті,

      Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.

      Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең

      «Қазақ болу - зор бақыт» дер күн тіпті.

      Сондай-сондай заманды кешкен елмін,

      Жүг арытып, шол қысып көшкен елмін

      Өшіп кетіп бір жайда жер бетінен,

      Өз орында балалап өскен елмін.

      Дос та іздедім жау тисе болысатын,

      Қыс қыстасып, жаз бірге қонысатын.

      Еділ, Жайық, Ертісті сағаладым,

      Үміт көрдім қаһарлы орыс атын.

      О да қолын ұсынды тосқан таңдай.

      Тар кемеде табысқан достар қандай!

      Жайып салдым алдына жанымды мен,

      Аппағынан жарылған дастарқандай.

      III

      Жайып салдым сырымдьі дос алдына,

      От басында, өрісте, қос алдында.

      Жан-жүрегі көзінен көрінетін

      Казақ - дедім, отырған осы алдыңда.

      Көшіп-қонып жүргенім мал қамынан,

      Өмір іздеп су, шалғын алқабынан.

      Одан өзге тіршілік, кәсібім жоқ,

      Не тауыппын құранның илхамынан.

      Ұқсатамын оны мен қысыр малға.

      Білем, бұл сөз - күпірлік мұсылманға.

      Шынымды айтсам, алланың өзін де мен

      Еске аламын кейде бір қысылғанда.

      Шариғаттың шартынан үрке бердім,

      Көргенім жоқ өмірге бір керегін,

      Еркек болып сәлдені сыйламадым,

      Әйел болып бетімді бүркемедім.

      Жоқ, дін емес, мына-жаным, жер - кіндігім.

      Жазайды итше жарамды-дертімді күн.

      Күн астында гулеген желді сүйем.

      Сүйем оның тежеусіз еркіндігін.

      Келгенім жоқ дүниеге кемді-күн мен.

      Күн болмаса алар ем емді кімнен!

      Хауанадай көңілшек түздеп тудым.

      Сүйем оттың қиялдай кеңдігін мен.

      Жарық, жалпақ, жайбасар көріктігін

      Табиғатым десем де еріктімін.

      Сүйем оның самал таң, салқын кешін,

      Сырға өзімдей түпінін беріктігін.

      Келбетім бар шой қара құздарымда,

      Жаралғандай ызадан ызбарлы о да.

      Досыма код, жауға шөл мінезімдей

      Аптап шілде, ақ боран мұз-қары да.

      Құшақтасам, сүйегім сыйды деме,

      Сүйе қалсам, тынысым тынды деме,

      Жылай қалсам жұбатпа мұңды деме.

      Сақ-сақ күлсем секіріп жынды деме.

      Құс ішінде ұнайды қыран маған.

      Күрт құлаймын құласам, бұраңдаман.

      Іштей сүйем, сүйсем мен, іспен сүйем,

      Көлгірсімен, көзіңше ұрандаман.

      Аққу, бұлбұл әнімен сылаң қақтым,

      Сұлулыққа, өнерге сұғанақпын.

      Сауысқан мен қарғадан жиіркенем,

      Бірі сұйқылт, біреуі сырғанақ тым.

      Қызық көрем жәндікте құмырсқаны,

      Тырмысқаны тынымсыз тұрмысқа әлі.

      Белі үзілген бейнетқор қайтер еді

      Бітсе менің күшімнің бір мысқалы!?

      Қолдан түспей ақ таяқ шалғы орағым,

      Қалт-күлт етіп тірнектеп мал құрадым.

      Жұлдызбен тең мен қазған құдық саны,

      Сүйем суын мөлдірін бал бұлағын.

      Сүйем гүлдің қызылын, қызғалдағын,

      Қызыл аттың секілді ол қызғанда күн.

      Иіскеп тұрып соны мен, бақ аңсаймын,

      Болса өзгеде, жоқ және қызғанбаймын.

      Жал-құйрығын атының күлгелеймін.

      Өз үйімде тимеймін жауыма да,

      Жығып салып жұдырық сілтемеймін.

      Құнықпаймын дүние-шолаққа мен,

      Асым барда қуанам қонаққа мен.

      Жолаушыға сатпаймын көлеңкемді,

      Болса болды бірер ән - қонақ қадең.

      Даяшымын, байекпін, ең кішімін,

      Демесе кім «мен тақсыр, мен күштімін».

      Шоқпар боп та шекеме тимеген жоқ

      Жомарттығым, аңқылдақ сенгіштігім.

      Қазақтың да жоқ емес «жау шаптары»,

      Қолымыздың бірдей мен саусақтары.

      Есімімнен садақа кетсе олар,

      Десем едім «қабырғам қаусап қалды».

      IV

      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.

      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

      Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

      Қашан қазақ атандым мен азандап?-

      Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.

      Есіміме береді бала жасын

      Құлпы тасты шұлқыған кей азамат.

      Өзі шешер тарих талас үнін,

      Әйтеуір мен - адамның баласымын.

      Екеу емес, адамзат біреу ғана,

      Айырымы жоқ ақ өң мен қарасының.

      Адамзатта айырым жоқ, адамда бар

      Адамдықта, әдетте, аранда бар.

      Бөлтірігін жейтұғын берілер бар,

      Бабасын да сатады арамға олар.

      Ұл өсірдім, қыз бақтым - ұлан тудым

      Жақсы ішінде кейде бір жылан тудым.

      Хан-сұлтан боп, бай болып аждаһарлар

      Салды астына жұртымды лаң тудың.

      Абылайды, Жәңгірді, хан Кенені

      Қазақ өзі қашаннан аң демеді?!

      Қылықтары еріксіз түссе еске,

      Қан татыған аузыма дәм келеді.

      Солар мені қамаған қараңғыға,

      Соларды тек жебеді сараң құдай.

      Мен де ұқтым көзімнің ашылмасын,

      Озбырлықты отамай, қараң қылмай.

      Өшпейтұғын от іздеп құр сандалған

      Прометей мен болдым құрсауланған.

      Жарқылдадым Исатай найзасы боп,

      Махамбет боп тілінен жыр саулаған.

      «Өздеріңдей хандардың,

      Қарны жуан билердің

      Атандай даусын ақыртып,

      Лауазымын көкке шақыртып,

      Басын кессем деп едім.

      Елдің бойы ен тоғай -

      Ел қондырсам деп едім.

      Жағалай жатқан сол елге

      Мал толтырсам деп едім.

      Еңсесі биік ақ орда,

      Еріксіз кірсем деп едім.

      Керегесін қиратып,

      Отын етсем деп едім.

      Туырлығын кескілеп,

      Тоқым етсем деп едім.

      Тақта отырған хандардың

      Төрде отырған ханымын

      Қатын етсем деп едім

      Қамшы үйірдім атойлап хан тағына,

      Хан-сұлтандай қайрымсыз аң табына.

      Жалаңдаған найзама жалт қарады

      Махамбет ақыннан

      Қаңтарылған зар заман аңтарыла.

      Кезіккендей бір сойқан сең селіне,

      Теңселгенде қанды тақ еңсеріле,

      Тұрып қалды жамбастан сүйеніп ап,

      Ақ патшаның қап-қара семсеріне.

      Тұрып қалды, түндігін желпілдеді,

      Төне түстім, дауылым серпілмеді,

      Өштескен соң өліспей бітіспеймін

      Не сен! Не мен! - болды тек сертім де енді.

      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.

      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

      Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.

      Мен - қазақпын, Россия адамымын.

      Ала бардым Неваға дала мұңын.

      Мен де естідім шынжыры шылдырлаған

      Петропавл түрмесі - қамалы үнін.

      Қайран ұлы ел анадай көп балалы,

      Тағдырымның бетіне дөп қарады.

      Шеттен таяқ жемессің мен тұрғанда,

      Патша-екеңнен болмаса деп қалады.

      Жоқ, жоқ, - дедім, мен оның пендесімін

      Сол береді шапағат, ел несібін.

      Атзамына айтамын арызымды,

      Танылады ұлыңдай енді есімім...

      Соған сенім, ақ үміт желіктірді.

      Әлде шыдамшы бір сайтан еліктірді,

      Шағым етіп, дейінші мен байғұсын

      Қол қусырып сарайға келіп тұрды.

      Қазағымның, Алдияр үмметіңмін,

      Еділ, Жайық, Ертістің күн бетімін.

      Күн астында күн көру қиындады,

      Қуғын шектім, күзендей індетілдім

      Тоқта! - деді патшамыз, - қазағы кім?

      Қазақ деген жоқ болса, азалы кім?

      Қара қырғыз, Алдияр, онысы бір,

      Деп нөкері көбейтті мазақ үнін.

      Мен - қазақпын, қырғыз ол - туысқаным,

      Бірге тартқан тарланның құйысқанын.

      Анамыз да қара көз бір қыз, бәлки,

      Бөліп берген егізге уыс нанын.

      Ерке Талас, ер Манас - қырғыз деген.

      Төскей, төсек, тілегі бір бізбенен.

      Ол болуға, Алдияр, арланбаймын,

      Ал қай құдай қазақты білгізбеген?..

      Болған емес, болмайды қазақ деген!

      Патша ашулы, шеккендей азап менен.

      Әттең, әттең айтқызса өз алдында,

      Ей, Алдияр, ақылың аз-ақ! - дер ем

      Шығысыңда сұр дала сұлап жатқан.

      Қазынаң ол, мола емес- құлап жатқан;

      Бүлкілдеткен ұртыңды бифштекс

      Шопан ата көз жасын бұлап жатқан.

      Менен, тақсыр, жерің аз жат сыр алған.

      Қызметіңде қалбаңдап қат сыналғам.

      Сен білмесең, біледі Наполен -

      Солдатың боп Сенадан ат суарғам.

      Сонау орыс мұжығы, қара халық

      Көрген емес көршіден дараланып.

      Өгіз менен, соқа одан, білік одан,

      Ортақ егін саламын, қара барып.

      Екі тілде сөйлейді баламыз да,

      Екі тілде тояды бал аңызға.

      Даламызда жолығып тамыршылап,

      Құда түсіп қоямыз қаламызда.

      «Мария Жагор деген орыс қызы,

      Он алты - он жетіге келген кезі:

      Қазаққа Дудар деген ғашық болып,

      Сондағы Мариямның айтқан сөзі:

      Дудар-ай дудым,

      Бір сен үшін тудым...»

      Шеркеулер де, мешіт те былай қалды,

      Жерде патша, аспанда құдай қалды.

      Бөгеттер мен жасанды шекаралар

      Бөле алмады, жалп етіп құлай қалды.

      Қазақ атты мал баққан шаруаны

      Қастерлейді Пугачев аруағы.

      Тағы ерер ек тірілсе, тағы өлер ек

      Күл астында тығулы қаруы әлі...

      Бір жазықта тым ұқсас тумас еді,

      Бір болмаса арманы, тұлға, шебі

      Ер Пугачев - қазақтың Исатайы,

      Нар Исатай - орыстың Пугачеві.

      Сезем, патшам, тағы бір жақпастығым

      Зәреңді алған жұртыңмен аттастығым.

      Мен - қазақпын, ол - қазақ - қазақ, орыс,

      Қынапта құр қос қылыш жатнас бүгін.

      Дүбірлес ем дауылмен, мен бірлес ем,

      Пушкин білді қазақты, сен білмесең.

      Даланы да түрмеге айналдырдың,

      Арылмаған аяқтан сен бір кісен.

      Пушкин мені шығыстан іздеп келді,

      Бұғауларды жырымен үзбек те еді.

      Өз жанымен жанымды салыстырды,

      Көп ұқсастық көзінде тізбектелді.

      Көл-көсір ән, кең жазық көсілген ән,

      Керуенің заманның көшірген оң,

      Қозы менен Баянның сырындай ән,

      Күйзелткен ән, көңілді өсіргем ән...

      Аңсап келді ұлы ақын, ұға келді

      Құдіретті он иесін, құба белді.

      Караң етіп алдынан, күркелерден,

      Көлеңкесі Пугачевтың шыға берді.

      Шыға берді, дауылда шақтай әлі...

      Жаңа жыр боп ақынға бақ таянды...

      «Сұлу Баян, - деді ол - Татьянам,

      Татьяна - қазақтың ақ Баяны».

      Ақ табан боп жатсам да босып-өріп,

      Ақын кетті даламның досы болып.

      Соның да сен, Алдияр, жеңдетісің,

      Тұратұғын тоятсыз тосып өлік.

      Досым еді укарин кобзары да,

      Қалып еді Жыр-Тарас көп зарыма.

      Сен итеріп оны да жібергенсің

      Арыстан жан Аралдың көк жарына.

      «Таптап жоқсып өлі сөзі батырыңнан!

      Дер еді олар бір тұрса табытынан,

      Қазақтың да білерсің кім екенін.

      Соға қалса өр дауыл таты тынап!.»

      Ал әзірге білмесең, білме, патшам,

      Болды маған мұжықпен бірге жатсам.

      Болды ұқса жанымды солар менің,

      Білмейсің ғой мен түгіл соларды да.

      Халық қамы ойыңа оралды ма?

      Жел өкшедей жат тілде шүлдірлейсің,

      Күлесің сен орыстың соры алдында.

      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

      Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.

      Мен - бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын,

      Оң-солымды туды енді абайлар күн.

      Оятқандай даламды дауыстары

      «Кім жазықты?» дегенде талайлардың.

      Мен өзгердім, көп жіті көз-құлағым.

      Бөгде-бөгде жайларды сөз қыламын.

      Қилы ертегі шертеді тамыр орыс

      Қанжарының бір сипап жез қынабын.

      Талай сөзі миымда шегенделді:

      «Күрес», «теңдік», «декабрист» дегендері.

      Жүрегінде жүн болар орыстардың,

      Патшаға да оқталса, егерде елі.

      Жалғыз қалсаң, жасисың, әл кетеді,

      Жақсы жолдас сүйейді, әлді етеді.

      Жырға қосып Стенька Разинді

      Орыс, қазақ отырып әндетеді.

      Кейде кезі болады «тастап алған».

      Бақыт тілеп, түр тілеп досқа таңнан.

      Ақ шөлмекті құйрықтан бір-ақ қойсаң.

      Ақ патшаны табасың тостақаннан...

      Ех, Алдияр, шерімді тарқататын

      Ащы судай жоқ болды-ау марқабатың.

      Саған деген жанымның, жүрегімнің

      Арктика жайлалы әр қабатып...

      Жоқ, жоқ, сенің алдыңа кіре алмадым.

      Тыңдайды деп сөзімді тірі аңдадым.

      Бұл - айтқаным ойымның даусы ғой тек

      Өзі ғана еститін бір алланың.

      Сол алла не, патша не бірақ маған?

      Екі айыпты біреуін бірі ақтаған.

      Мен - қазақпын, перзентін танылмаған,

      Сот айдында «әкемді» бір-ақ табам.

      VI

      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген.

      Жөргегімде таныстым мұң тіліңмен.

      Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

      Қуанғанда, күлкімнен түн түрілген.

      Дүбір дала дыбысшыл, дабырашыл,

      Ат қосқандай бәйгеге ауыл да асыр.

      Көп күркіреп, жалт ойнап жетті түзге

      Жиырмасыншы жас ғасыр, дауыл ғасыр.

      Миллиондардың үніндей жаңғырығы-ай!

      Тарап жатыр алкеме жан жарындай.

      Қапырықта қаһарлы Бесінші жыл

      Төгіп өтті жаздың ақ жаңбырындай.

      Таң белгісі секілді жел тұрды саф,

      Саф самалға шөліркеп ел тұрды аңсап.

      Белбеуіндей шығыстың шапанының

      Көкжиектен көрінді кемпірқосақ.

      О, қызық-ай, қызығы мол атынан,

      Ту желбіреп тұрғандай жолағынан.

      Жоқ, әншейін қызылшыл әдетімен

      Әлденеге жориды, шолады жан...

      Кемпірқосақ шыққан жоқ асылы өзге,

      Болған да емес қызылы, жасылы өзге.

      Өзгерген тек өзімнің көзім, бәлки,

      Самолетті, сауытты тасыр өзге.

      Қой торымен мен бірақ жүрмін әлі,

      Кей жағдайда жаяумен бірмін әлі.

      Жаңа естідім заводтың гудоктарын,

      Өгей бала үніндей үн бұл әлі.

      Әлі де одан жүреді үркіп атым.

      Жекіріп секілді ол Урквардтың.

      Урквардтың қалтасы - Қарағанды,

      Аузына оның Алтай тұр бүркіп алтын.

      «О, ақ патшам, саған еш ем қонбады,

      Жатқа неге жеріміз жем болғаны?

      Мені тіпті жабайы малшы десең,

      Орыс қалай өгеден кем болғаны?

      Миллион жылдар адамзат аяқтанды:

      Еңбектеді, тәй тұрды, аяқ талды.

      Нәрестедей жүруді үйренді әрең,

      Жаяулады, арманы жай ақталды.

      Көтерілмей бөксесі қара жерден,

      Жер тартқандай бабалар қала берген.

      Содан бетер мақтаныш орыс ұлы

      Аэроплан қанатын ала келген.

      Жер-дүниенің эфирден даусын берген,

      Қалай ғана Поповтар таусылды елден?

      Ломоносов, Ползупов, Менделеев -

      Ақыл-ойдың дәуі ғой дәусінбеген.

      Сорлы боп па соларды туған халық?

      Тегін де емес жатқаны ту қанданып.

      Сол жасайды замана заводтарын

      Соғап қарап далам да тұр қамданып.

      Тең бағалап қаптамыр жалғасымен,

      Ұйықтап жағып санағам май басып мен,

      «Шойт!» деп енді лақтырсам, ақ таяғым

      Табысады жұмысшы балтасымен.

      Табысады ту тіккен Нілдімен де.

      Кімде қайрат барын да білдім енді.

      «Мен - басшымын, сен - қосшы» десе біреу

      Ер қасына сойылды ілдім мен де...

      Пісіргені көк құрыш көріктердің.

      Сарбаздарға сом дойыр өрін бердім.

      Қолы аттың жалында тұған халық,

      Баса киіп тымағын, бөріктерін.

      Кейде қозып кеткендей делебесі,

      Лап береді ел дауы, жер егесі.

      Шаңырағы шатырлап ақ ордалар,

      Қара күйе болады керегесі.

      «Бұл - ойыншық, алда зор насыры әлі,

      Ақ патша да аяққа бас ұрады.

      Ақау, айдай, ашылар көңіл шайдай!..»

      Деп күбірлеп тұрғандай ғасыр әні.

      Дала соны тыңдайды, «ұзын құлақ».

      «Ұзын құлақ» әзірге ызың бірақ.

      Ызың бірақ маған бір жел бітіреді,

      Қыран билік алғандай, құзғын құлап.

      «Мен - қазақпын» деп қоям батқан күнге,

      Көз қысам шығып келе жатқан күнге.

      Бәйге күткен тұлпардай жер тарнимын,

      Асығамын қиқулы «аттан» күнге.

      Y

      Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,

      Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

      Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

      Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

      Мен - қазақпын бір биік белеспін мен

      Европа да, Азия да емеспін мен.

      Аралықпын, жетінші материктей,

      Бірақ барша адаммен тең өстім мен.

      Жүргенімде жүдеткен түнде езіле,

      Дүр сілкінтіп дүмпуіл тиді өзіме.

      Ұлы аралдай жер-мұхит астындағы

      Қалқып шықтым түнектен күн көзіне.

      Мен - қазақпын, мен енді Октябрьмін,

      Революция күшімін, нақ тәңірмін.

      Кейіпкері Лениндік декреттің,

      Мен - жұлдызды халықпын, бақ тамырмын.

      Жерім -майдан штабы, пәтер үйі,

      Қасиетті күрес бұл қатері игі.

      Мен - Россия, мен - Совет Одағымын

      Азаттықтың бірінші материгі.

      Аласапыран айқастың дүбірі өтті.

      Жиырмасыншы жыл келді құдіретті.

      Паспортымен қайтарып есімімді,

      Ұлы Ленин бұл жылды қыдыр етті.

      Республика! Ерікті ел - Қазақстан!

      Келді ақыры көп күткен жаз алыстап.

      Келді алыстан аңсатып, армандатып,

      Торды бұзған менде бір мәз арыстан.

      Жоқ-жітікпін әзірге, жалаңашпын.

      Жан жоқ болса, демейді дала ашпын.

      Қазеке деп атымды атаса жұрт.

      Қалай тұтас бақытқа баламаспын!

      Мен - қазақпын, азат қыз, ерікті ұлмын,

      Жер бетінде Антейден берік тұрмын.

      Революция қамымен, міне, енді

      Кремльге Ильичке келіп тұрмын.

      Қараймын да даналық бұлағына

      Ыржиямын, екі езу құлағымда.

      Шекпен шалбар, тері боп киіз етік.

      Бәрі талап кеткендей тымағым да.

      Ал ұлы адам, жұпыны көз көруге,

      Өз көзімдей қысыңқы көздері де.

      Бірден көрді жанымды жалаңаштай,

      Бірден баурап әкетті сөздері де.

      Аталғанға не жетсін өз атыңмен!

      Ән төгіліп тұрмай ма азат үннен!

      Мен - орыспын, мысалы, деген қандай,

      Тартсаң-дағы сол үшін жаза кімнен...

      Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат

      Мен - қазақпын деген де қандай ғажап!

      Мақтан етсін халықтар халықтығын!

      Жетер сан жыл шеккені малдай азап!

      Бірде тінті, жат елде жүргеніңде,

      Түседі еске сәбилік жөргегі де.

      Сағынтады туған тіл, бесік жыры,

      Қалықтаған орыстың жер-көгінде.

      Өз басымнан өтті бұл, мол ұққаным.

      Сенімен де сырт таныс болып қалдым.

      Степнов - Әліби Жанкелдинмен

      Швейцария жерінде жолық қаумын.

      Сонда тұңғыш есімім ән-жырыңды,

      Жан жырыңды, жан сүйер соң жырыңды.

      Ой-жырыңда турғандай тізбектеліп.

      Көз алдымнан өткіздім сан жырыңды.

      Ән қанатым мекендеп әуені мен,

      Дидарластым даланың дәу елімен.

      Тұрды аңқылдап қазақтың әуенінен.

      Қайран қылды қайнардай тазалығы,

      Кейде жарқын, кей шақта азаны үш.

      Кейде шырқап армандай кетеді алыс,

      Ұмытқандай мұң-зарын қазақ ұлы.

      Бірде ғашық тілімен күбірлейді,

      Бірде шеру тартқандай дүбірлейді,

      Бірде қыран бүркіттей шүйіледі,

      Түңілмейді, бұқпайды, бүгілмейді.

      Әуегіңнен сонда мен алып көрдім,

      Жақсылыққа жаралған халық көрдім.

      Жорамалым ақталды, жаңылмаппын,

      Жайла, қазақ, өмірдің жарық төрін.

      Шалқы қазақ, шалқитын заман келді,

      Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.

      Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

      Жырла қазақ, жаңа күй жаңа ән келді.

      Бірде тоңып, бірде аш бүрсең қағып,

      Революция қазығын жүрсің қағып,

      Жер бақытын сақшыдай тұрсын бағып.

      Жолдас Ленин, үш түрлі байлығым бар:

      Мал бар, жер бар, жаным бар - барлығы адал

      Революция ісіне сарп етемін.

      Қандай маған тағы да жарлығың бар?

      Жарлығым сол - пана бол тағдырыңа.

      Таңын атты ұрпағыңа таңды ұрыға.

      Республикаң менің берік ұста,

      Мал да зәру, тым зәру бізге бүгін.

      Ашаршылық артып тұр түзге жүгін.

      Нағыз байлық мал емес, бірақ, достым,

      Ең үлкені - сенімнің үзбе жібін.

      Сенім болса, большевик жалын болса,

      Революция алаулап жалын болса,

      Небір биік мұратқа жете аласың,

      Одан өзге нәрсеге жалынба онша.

      Жаннан үлкен тартуды білген емен.

      Сен де білме, білмесең, біл де демен.

      Соның күші жаңғыртып жасаулайтын

      Далаңды да шын үлде-бүлдеменен.

      Жер деген ай, зор байлық өз алдына.

      Жерден адам ешқайда оза алды ма!

      Сапқа тізсе, сол үшін өлгендерді

      Жүз орайды жер шарып көз алдында

      Тілі болса жер үшін аққан қанның,

      Айтар еді қаншама қақ қалғанын.

      Айтар еді сұстанып сұр далаң да

      Қандай құрбан арқылы сақталғанын.

      Қарап тұрып жүзіңе жайраңдаған,

      Бір нәрсеге сүйенем, қайран қалам

      Жүзге, руға ұнталған көшпе халық

      Мұнша өлкені қалайша сайраңдаған!

      Жерге шағып өлшенсе ел күші бір,

      Ұлылықтың емес пе белгісі бұл?

      Белгісі бұл, алда әлі нағызы оның,

      «Кереметке куәмін» дер кісі бір.

      Жер - анадан табады мәртебе сын.

      Ертеңі бар әр тақыр, өр төбенің.

      Бет жағында бақ сыңсып, өзен ойнап,

      Жасыл бұйра жабады бар иісін.

      Дәуіріміз дарынын дана арнайды.

      Қаңбақтардың жолында қана орнайды.

      Мүсіні емес жалаңаш қатындардың,

      Ескерткішін ерліктің сала орнайды.

      Сұлулық - өлі дүние базар емес,

      Пирамида, мұнара, мазар емес.

      Сұлулық - тіршілік іс, тірі адамда,

      Ешбір ажар онысыз жарасар ма.

      Таңғажайып жеріңнің келешегі,

      Қазынаңның кім білген неде шегі.

      Қандай болмақ бір үш-төрт бесжылдықта

      Ұлттық аты ұрланған ел кешегі?!

      Қол ұстасын халықтар, тұрды сапқа.

      Қосыл қазақ, бас қазақ нұрлы шаққа!

      Отан деген ұлы ана перзентісің,

      Бауырларың өзіңмен бір құшақта.

      Жолдас қазақ! Дос қазақ! Бауыр қазақ!

      Араласам дариға-ай, ауылыңды аз-ақ!

      Деп, армандап Ильич желпінгенде,

      Билеи кетті кеудемді дауыл ғажап.

      Жолдас Ленин, көзіңе мақтамаймын.

      Өзің аштың қазақтың бақ-талабын.

      Мен даярмын жаңа өмір жорығына,

      Тілемеймін жолдың да тақтадайын.

      Хан, патшадан түңілген сор басты ел ем.

      Әділеттік әлемде болмас деп ем.

      Сен сипадың әкеше маңдайымнан,

      Сенсің тұңғыш қадірлеп «жолдас» деген.

      Жолдасыңмын жер мен көк ауысқанша.

      Солдатыңмын демімді тауысқанша.

      Большевикпін қақ жарған қара қылды,

      Жыршың да мен, жеткенше дауыс қанша.

      Сені күтіп тұрады төрім енді,

      Жүрегіміз шоқ гүл боп өріледі.

      Атқан таңы даланың, шыққан күні

      Әр тәулікте өзің боп көрінеді.

      Сан ғасырға сөзіңді оқыр әлі

      Төңкерісшіл «юбырдың» юбыры әрі,

      Тірі өткендей Марксты, сені берген

      Мың рахмет, Россия топырағы!..

      О шежіре, белгілі назың маған:

      «Документте бұл сөздер жазылмаған..»

      Жазылмаған заң аз ба, шындық аз ба?

      Оны жырлау қалайша жазым маған?

      Өз жаныма сенбесем, неге сендім?

      Тек Ильич жебейді, жебесе кім.

      Жасап келем сол берген мандатпенен,

      Минут сайын өзімен кеңесемін.

      Қандай болса ол Октябрь азанында,

      Әлі сондай, жеңіп жүр қазаны да.

      Мен де қызыл шеке боп қайнап пістім

      Майдандар мен құрылыстар қазанында.

      ҮІ

      Мен - қазақпын, белдімін, байтақ елмін,

      Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

      Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

      Мен Ленин есімін айта келдім.

      Айта келдім ақ-адал жүрегіммен,

      Еңбек өмір, ер өмір, жыр өмірмен.

      Ақын тілі, махаббат, бұлбұл тілі

      Жыр ғып қазақ тілімен жүремін мен.

      Жас күшіктей жарық нұр дәніктірген.

      Тырнап алдым көзімді әріптермен,

      Марқа бұзау секілді қадалдым кеп

      Желіпініс ғылымның дәріптелсін.

      Қанша бүгін әлемге аян ұлым!

      Тыңдайды түз сансыз шат Баян үнін.

      Қайта туған қарт Жамбыл, жас Күләштар

      Бір-бір жолы жаңа өмірбаянымның.

      Мені уақыт шыңдады, шынықтырды.

      «Күрес - бақыт» дегенді шын ұқтырды.

      Көз алдымда ұзарып көлеңкесі

      Зәулім құрылыс, ұлы істер тұнып тұрды.

      Жалындатып бесжылдық жалауларын,

      Әр төбенің басында алауладым.

      Әр кірпіштің сәбидей жауырынын жазып,

      Әр шешектен арадай бал ауладым.

      Түрксиб боп төселдім поездарға,

      Поездарша жүк артып ой озды алға.

      Қарағанды атанған кочегарь боп,

      Отан пешін кыздырдым аяздарда.

      Тіреу болдым Жезқазған шахтасына,

      Бақыт жатты сары жез саф тасын да

      Жер астынан кер емес, жұлдыз көрдім,

      Түстім қызыл екпінді тақтасына.

      Құнықтым мен еңбекке, дәндеп алдым,

      Тамшы болдым, шық болдым, дән де болдым.

      Әлдилендім заводтың гудогымен,

      Соныменен оянып ән боп өрдім.

      Ғаламат күш, апырау, бұл не деген?

      Тас та қалмас, сеземін, гүлдемеген.

      Тәттілігін еңбектің осыншама

      Қазақ қазақ болғаны білген емен.

      Сенгенім - доп, шашу - гүл, тергенім - бақ,

      Өрмектерім - өзендер, өргенім - тал,

      Жаңа үй болған жастардай мәз боп жүріп,

      Жақсы күнде жаман түс көргенім бар.

      Жылды айтпаймын қан түбін бос ақтарған,

      Шалбарымның белдігі босап қалған.

      Түнді айтамын бауырмал Сәкенімді ап,

      «Жау» деген сөз жанына қосақталған.

      Жиырма жылда біреу-ақ ондай түнім.

      Білем уақыт оны да оңдайтынын.

      Білем барда Партия, Ленин жолы

      Жөнсіздіктің жасы ұзақ болмайтынын.

      Тамшы жастай көзімнен түнді сылып,

      Таңды орнынан көрдім мен, бір ысылып

      Төрт жүз миллион қазақ тұрды тік көтеріп

      Мені, менің жерімді күнге ұсынып.

      Күн астында орнымның үлкендігі

      Тағы өзінше танытты бүгін кемді-күн.

      Құлағымда, жүректе Ленин даусы:

      «Қазақ, сенің жеріңе тіркелді күн!..»

      Тіркелді күн даламда сан күйінген,

      Қызға ұқсаймын мен тұңғыш сән киінген

      Жазып жүрмін жаңа өмірбаянымды

      Қанмен, термен, қаламмен, ән- күйіммен.

      Мен- айғақпын, ұстамын ертегіге,

      Мен иемін бүгінге, ертеңіме.

      Конституция!

      Герб!

      Қазақ ССР-і!

      Елдік күйің, ел күйін шертем мен де!

      Марстықтай қараймын айналаға

      Туып жатыр жұлдыз бен ай далада.

      Тыныштық бер, мұрша бер, о замана,

      Бұршағыңды, бұлтыңды айдама да.

      Мен бақыттың не екенін жаңа ұқтым.

      Өз өмірім өзіме жаңалық тым.

      Көп отырып қалыппын сәбилікте,

      Кең кеудемде жүрсе де жаны алыптың.

      Мен қызығам сауатты атаға да,

      Өз жерімде тоқылған матаға да,

      Өз қолыммен жасалған тетіктерге,

      Тіпті сонда жіберген қағама да.

      Қаталар да - жанымның перзенттері!

      Кофе білем, көңілдің ержеткені.

      Жас әкеше үйренем жөргектеуді,

      Жас ананың сүтіндей жер женттері.

      Мен осылай жақсыға жанасқамда,

      Дүние - сұлу көрпесін жаңа ашқанда,

      Ту сыртымнан сарт етіп қара қанжар,

      Қан боп шықты соғыстың шаңы аспанға.

      «Жарлығым сол - патша бол тағдырыңа!

      Таңың атты - ұрлатпа таңды ұрыға!»

      Осы бір сөз сап етті о дегеннен,

      Түнек қаупі төнгенде таң нұрына.

      Құлай түсті шекара бағанасы

      Қабырғамдай қираған маған осы.

      Таразыда теңселді өлу - өлмеу,

      Азаттықтың, елдіктің мағынасы.

      Маған совет жерінің әр сүйемі

      Ана емшегі, ақ сақал, ар сүйегі.

      Таптап жатса соларды жау табаны,

      Қалай қазақ ас ішіп, жар сүйеді?

      Түсіп кеттім майданның құрсағына.

      Бейбіт күндер ұқсады құр сағымға.

      Туыстыққа таңсырдым бір емтихан

      Ұлы Ленин қаласы құрсауында.

      Мен - Жамбылмын, жаугер жыр ел тілеген,

      Қазған ормын дұшпанға ентелеген.

      Мен - Москва қорғаны, Жиырма сегіз,

      Мен - Әлия, мен - Мәншүк, мен - Төлеген.

      Паспорттары, паролі сом да атымның.

      Ұйқысызбын майдандық вахтадамын,

      Қарызы боп он оқтың сонда тудым.

      Жүргенім жоқ айқасып атақ үшін,

      Таныттым деп әлде бір ата күшін.

      Қорғамақпын соң келген бақытымды,

      Октябрьдің, Ильичтің аталы ісін.

      Мен - солдатпын сол үшін жау жайлаған.

      Ұлт атында жоқ енді дау жай маған.

      Украин, белорус, орыспын мен,

      Азат етем жерімді жау жайлаған.

      Бәрі мендік, менікі емесі жоқ,

      Менің халқым, бауырым демесі жоқ.

      Солар мені комнастай Октябрьде

      Алып шыққан азаттық кемесі боп.

      Қалқандарым қазір де солар менің,

      Қазақ елі оларсыз болар ма елім.

      Жалғыздықты дүниеде жауға берсін,

      Дос - жарым көп қандай мен оралды едім

      Солдат бірде - мейрімсіз қатал алып,

      Бірде бала, ал кейде ата халық.

      Алғашқы азат метрін жеріміздің

      Мен сүйгенмін еңіреп жата қашып.

      Минутым сол көз жасын жасырмаған,

      Азаткердің берді атын ғасыр маған.

      Тіккенде де Берлинде жеңіс туын,

      Қуанышы сол күннің басылмаған.

      Жеңімпаздар атына тост арнадым,

      Жатқан сәтте құшағын достар жайып,

      Тұрды аспанда Егоров, Кантария,

      Тұрды аспанда жас қазақ Қошқарбаев.

      Төменінде - ұлы ұлттың кең өлкесі,

      Бранденбурі Шпрея, қол еркесі,

      Күл боп қалған сүлдесі Гитлердің,

      Алас ұрам фашизм көлеңкесі.

      Дей алмаймын өлікті азулы әлі,

      Дей алмаймын және одан қалды.

      «Қазақ» деген әйтеуір жазу қамы.

      «Мұнысы кім?» дейтіндер табылмас та

      Даңқым басқа, бұл күнде дабыл басқа.

      Кіші болғым келеді кейде атымнан,

      Асып - тасқан біреу боп танылмасқа.

      Барымта емес даңқ бірақ даулап алған.

      Жеңіп шығам оны мен, жаулап алғам.

      Жаңбыр да емес түйірлеп оны өсірген,

      Өз денемнен аққан тер, саулаған қан.

      Аз алған жоқ сатқындар ғұмырымды,

      Аз болған жоқ халықтар шұбырынды.

      Соғыста емес, соғысты құртқанда орнат,

      О адамзат, ең биік тұғырыңды!

      Маршалдықтай көремін малшылықты,

      Мәпелеймін бөбектей тал шыбықты.

      Жұмысшы қыл, дихам қыл, ғылымға қой,

      Еңбек жүгін еселеп салшы мықты.

      Бірақ мені етіп те, жасыл бақта

      Күтпесін тек күрсеген жасырмаққа.

      Тілей қалса тығыла Отан қамы.

      Соғысуға бармын мен ғасырлап та.

      Осы ойымды олжадай еншіге алып.

      Солдаттықтан оралдым жең сыбанып,

      Жігіт шағы, сұлулық, бір сенікі

      Мен - қазақпын, жаушы емес, елші халық.

      IX

      Мен - қазақпын белдімін, байтақ елмін.

      Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

      Бұратана емеспін, Отаным бар,

      Соның менде күші бар, нарлығы бар.

      Маған ұнайды:
      15.03.2013, 12:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Мен үшін бақыт
      1.Бақыттымын, сірә,мендей жан бар ма?
      Күліп-ойнап,көңілді жүрген жалғанда.
      Мақсаты бар,талпынысы жетерлік
      Құлаш ұрып,қанат қаққан арманға.
      2.Мен үшін бақыт-тыныштығы заманның
      Мен үшін бақыт-қырғыспауы адам менен адамның.
      Бала кезден бастау алған,қуантқан,
      Мен үшін бақыт-орындалғаны арманның
      3.Ата-анамның амандығы маған бақыт,
      Заманыма карап турып,таптым жақұт.
      Жүректегі жалғыз отан,елімнің
      Азаматшасы болу да маған бақыт.
      4.Дамыған елде,қайғысыз,тек қуанып,
      Көргеніме бақыттымын әр таңды,
      Бойымдағы өнерімді қолға алып,
      Салғаныма бақыттымын шатты әнді
      5.Әр таң сайын бақытты өмір сыйлаған,
      Шүкіршілік, деймін, тәубе Аллаға
      Өзіңе,Алла,анасындай табынған,
      Перзентінді бақытты куйден айырма!
      Маған ұнайды:
      15.03.2013, 12:10
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Сегіз аяқ
      Алыстан сермеп,

      Жүректен тербеп,

      Шымырлап бойға жайылған;

      Қиуадан шауып,

      Қисынын тауып,

      Тағыны жетіп қайырған,

      Толғауы тоқсан қызыл тіл,

      Сөйлеймін десең, өзің біл.

      Өткірдің жүзі,

      Кестенің бізі

      Өрнегін сендей сала алмас.

      Білгенге маржан,

      Білмеске арзан,

      Надандар бәћра ала алмас.

      Қиналма бекер, тіл мен жақ,

      Көңілсіз құлақ — ойға олақ.

      Басында ми жоқ,

      Өзінде ой жоқ

      Күлкішіл кердең наданның.

      Көп айтса көнді,

      Жұрт айтса болды —

      Әдеті надан адамның.

      Бойда қайрат, ойда көз

      Болмаған соң, айтпа сөз.

      Қайнайды қаның,

      Ашиды жаның,

      Мінездерін көргенде;

      Жігерлен, сілкін,

      Қайраттан, беркін

      Деп насиқат бергенде,

      Ұятсыз, арсыз салтынан

      Қалғып кетер артынан.

      Аулаққа шықпай,

      Сыбырлап бұқпай,

      Мейірленбес еш сөзге.

      Пайдасыз ақыл —

      Байлаусыз тақыл,

      Атадан бала ойы өзге.

      Санасыз, ойсыз жарым ес,

      Өз ойында ар емес.

      Тасыса өсек,

      Ысқыртса кесек,

      Құмардан әбден шыққаны.

      Күпілдек мақтан,

      Табытын қаққан

      Аңдығаны, баққаны.

      Ынсап, ұят, терең ой

      Ойлаған жан жоқ, жауып қой.

      Болмасын кекшіл,

      Болсайшы көпшіл,

      Жан аямай кәсіп қыл.

      Орынсыз ыржаң,

      Болымсыз қылжаң

      Бола ма дәулет, нәсіп, бұл?

      Еңбек қылсаң ерінбей —

      Тояды қарның тіленбей.

      Егіннің ебін,

      Сауданың тегін

      Үйреніп, ойлап, мал ізде.

      Адал бол — бай тап,

      Адам бол — мал тап,

      Қуансаң қуан сол кезде.

      Біріңді, қазақ, бірің дос

      Көрмесең, істің бәрі бос.

      Малыңды жауға,

      Басыңды дауға

      Қор қылма, қорға, татулас.

      Өтірік, ұрлық,

      Үкімет зорлық

      Құрысын, көзің ашылмас.

      Ұятың, арың оянсын,

      Бұл сөзімді ойлансын.

      Тамағы тоқтық,

      Жұмысы жоқтық

      Аздырар адам баласын.

      Таласып босқа,

      Жау болып досқа,

      Қор болып, құрып барасың.

      Өтірік шағым толды ғой,

      Өкінер уақтың болды ғой.

      Жұмыссыз сандал,

      Еріксіз малды ал

      Деген кім бар сендерге,

      Қулықты көргіш,

      Сұмдықты білгіш

      Табылар кісі жөндерге.

      Үш-төрт жылғы әдетің

      Өзіңе болар жендетің.

      Ауырмай тәнім,

      Ауырды жаным,

      Қаңғыртты, қысты басымды,

      Тарылды көкірек,

      Қысылды жүрек,

      Ағызды сығып жасымды.

      Сүйеніп күлкі, тоқтыққа,

      Тартыпты өнер жоқтыққа.

      Қайратым мәлім, —

      Келмейді әлім,

      Мақсат — алыс, өмір — шақ.

      Өткен соң, базар,

      Қайтқан соң ажар,

      Не болады құр қожақ?!

      Кеш деп қайтар жол емес,

      Жол азығым мал емес.

      Бір кісі мыңға,

      Жүз кісі сұмға

      Әлі жетер заман жоқ.

      Қадірлі басым,

      Қайратты жасым

      Айғаймен өтті, амал жоқ.

      Болмасқа болып қара тер,

      Қорлықпен өткен қу өмір.

      Сөзуар білгің

      Законшік, көргіш

      Атанбақ мақсат,мақтанбақ.

      Жасқанып, қорқып,

      Жорғалап, жортып

      Именсе елің, баптанбақ.

      Қарғағанын жер қылмақ.

      Алқағанын зор қылмақ.

      Хош, қорықты елің,

      Қорқытқан сенің

      Өнерің қайсы, айтып бер.

      Ел аңдып сені,

      Сен аңдып оны,

      Қылт еткізбей бағып көр.

      Ойнасшы қатын болса қар,

      Аңдыған ерде қала ма ар?

      Көмексіз көзің,

      Бір жалғыз өзің

      Баға алмай басың сандалар.

      Баурыңа тартқан,

      Сырыңды айтқан

      Сырласың сырт айналар.

      Ол қаны бұзық, ұры-қар

      Қапысын тауып сені алар.

      Басы-көзі қан боп.

      Арқа-басы шаң боп,

      Және тұрып жылпылдап;

      Жығылып тұрып,

      Буыны құрып,

      Тағы қуып салпылдап.

      Абұйыр қайда, ар қайда?

      Әз басыңа не пайда?

      Ит үрсе, бала

      Таяғын ала,

      Қуады итпен кектесіп.

      Ұрысқансып “ой” деп,

      “Ұят” деп, “қой” деп,

      Үлкендер тияр “тек” десіп.

      Оны білсең, мұның не?

      Мен де ұят іс қылдым де.

      Білгенге жол бос,

      Болсайшы қол бос

      Талаптың дәмін татуға.

      Білмеген соқыр

      Қайғысыз отыр,

      Тамағы тойса жатуға.

      Не ол емес, бұл емес,

      Менің де күнім — күн емес.

      Ғылымды іздеп,

      Дүниені көздеп,

      Екі жаққа үңілдім.

      Құлағын салмас,

      Тіліңді алмас

      Көп наданнан түңілдім.

      Екі кеме құйрығын

      Ұста, жетсін бұйрығың.

      Жартасқа бардым,

      Күнде айғай салдым,

      Онан да шықты жаңғырық.

      Есітіп үнін,

      Білсем деп жөнін,

      Көп іздедім қаңғырып..

      Баяғы жартас — бір жартас,

      Қаңқ етер, түкті байқамас.

      Жаяуы қапты,

      Аттысы шапты,

      Қайрылып сөзді кім ұқсын.

      Іште дерт қалың,

      Ауыздан жалын

      Бұрқ етіп, көзден жас шықсын.

      Күйдірген соң шыдатпай,

      Қоя ма екен жылатпай?

      Мамықтан төсек,

      Тастай боп кесек,

      Жанбасқа батар, ұйқы жоқ.

      Сыбыр боп сөзі,

      Мәз болып өзі,

      Ойланар елдің, сиқы жоқ.

      Баяғы қулық, бір алдау,

      Қысылған жерде жанжал-дау.

      Атадан алтау,

      Анадан төртеу,

      Жалғыздық көрер жерім жоқ.

      Ағайын бек көп,

      Айтамын ептеп,

      Сөзімді ұғар елім жоқ.

      Моласындай бақсының

      Жалғыз қалдым — тап шыным

      Маған ұнайды:
      15.03.2013, 12:02
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Ойлай бер мені

      Тағатсыз күткен ыстық үн,
      Жаралы хал ғой – ғашық хал.
      Күйсандық көрсең, бір тілін
      Мені ойлап бар да, басып қал.

      Тек қана көзге жас алма,
      Ойлай бер мені күніге.
      Махаббаттардың қашанда
      Ойламау жеткен түбіне.

      Жаныма қап ең жақын боп,
      Жүректе бүгін сыздау көп.
      Мен болсам кеттім ақын боп,
      Азырақ бақытсыздау боп…

      Жолығар болсам қайта мен
      Сағыныш толы сол шақпен.
      Бәрін де саған айтар ем
      Жалғыз-ақ тамшы моншақпен.

      Төлеген Айбергенов
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 10:08
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Біздің көктем
      Мұқағали Мақатаев
      Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
      Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
      Көктем келді. Өмірдің келешегі -
      Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
      Сағым қыздың ап қашып орамалын,
      Асыр caп тентек жігіт - жел еседі.
      Көктем келіп ауылға қыз көрікті,
      Таң-тамаша дүние жүзге еніпті.
      Асқар ала таулардан асып әрі,
      Аяз атаң барады мұз бөрікті.
      Көктем, көктем! Қыз - көктем ауылдағы
      Өлең-жыр, әзіл-күлкі ауыл маңы.
      Тиянақ таппай ұшқан көк көбелек,
      Көк гүлге қонды-дағы дамы
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 6:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Наурыз
      Мұқағали Мақатаев
      Ақпан кетті араз боп наурызбен,
      Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.
      Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,
      Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
      Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,
      Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
      Шатырында үйлердің наурыз жүр,
      Мұз көргісін ақпанның лақтырып.
      Тозған тонын бойына кие алмай бір,
      Қайда барса қарт Аяз сыя алмай жүр.
      Асқар таулар атасын шақырады,
      Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.
      Қарар емес наурыз атағына,
      Алар емес ақпанды қатарына.
      Күні бойы жылаған қарт пенденің,
      Түні бойы мұз тоңды сақалына.
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 6:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Отан
      Мұқағали Мақатаев
      Отан!!
      Отан!
      Сен болмасаң, не етер ем?
      Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
      Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
      Құс ұясыз,
      Жыртқыш інсіз болмайды.
      Отансыз жан өмірінде оңбайды.
      Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
      Тірі адамға - сол қайғы!
      Күн көреді,
      Әкесіз де, анасыз,
      Өмір сүрер.
      Әйелсіз де, баласыз,
      Ал Отансыз -
      Нағыз сорлы панасыз?
      Білесің бе,
      Отанның сен не екенін?
      (Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
      Екі Отан жоқ.
      Жалғыз Отан - мекенің!
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 6:54
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Ғашықпын


      ә. Т.Рахимов
      с. М.Мақатаев

      Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
      Мен болмасам - болмайын, сол аман ба?
      О, Тәңірім, неткен жан қайрылмайтын,
      Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!

      Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға,
      Мен болмасам - болмайын, сол аман ба?
      О, Тәңірім, неткен жан қайрылмайтын,
      Жүрегі еттен бе әлде қоладан ба?!

      Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,
      Бір алтын оның әр тал шашы маған.
      Сағынайын, таусыла сағынайын,
      Сағынышқа жаралған ғашық адам.

      Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам,
      Бір алтын оның әр тал шашы маған.
      Сағынайын, таусыла сағынайын,
      Сағынышқа жаралған ғашық адам.

      Сарғайған сағынышты басып толық,
      Бар үміт, бар сезімді шашып болып,
      Өтермін мен, сірә да, бұл өмірден
      Мәңгілік сол адамға ғашық болып.

      Сарғайған сағынышты басып толық,
      Бар үміт, бар сезімді шашып болып,
      Өтермін мен, сірә да, бұл өмірден
      Мәңгілік сол адамға ғашық болып.
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 6:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің 75 жылдығына таныстыру
      № 7 орта мектеп


      1. Армысыздар көпшілік,көрермендер,
      Жарқын шаттық көңілге бөленгендер
      Жалындаған жастарын біз секілді,
      Өздеріңе шын ниетпен сәлем берер.
      2. Өмір әркез қолдайды табандыны,
      Жігерсіздің қашанда қараң күні.
      Жігерлі жандар болған соң толып тұр ғой,
      20 жасқа құқықтану мамандығы.
      3. Мектебіміз киелі сан-жетіліктің атында,
      Білім беру жолында,үздіктердің сапында.
      40 жылдық тарихында талай шәкірт баптаған,
      Білімнің қайнар ордасы-мектебіммен мақтанам.
      4. Сенім артып,бұл сынға жіберді асыл мектебім,
      Күш саламыз ақтауға үкілеген үмітін.
      Осы мақсат шын ендірді,қиялатты,сендірді,
      Тың бойлатты тарау-тарау баптарына құқықтың.
      5.Осылайша жалғап мен жырды жырға,
      Тарихтың көз жібергем шындығына.
      Біздің мерекемен тұспа-тұс келіпті ғой,
      Университеттің 75 жылдығы да.
      6. Мерейтойың құтты болсын,киелі қара шаңырақ,
      Қуанышыңды бөлісуде жер-жерден келіп,сан тарап.
      Өсудесің толысып,ілесіп өмір көшіне,
      Жарқырап жанды өзіңнен талай жарық шамшырақ.
      7.Мерейі үстем,іргелі оқу ордасы,
      Сыр бойында еңселі биік көшбасы.
      Абыройлы елге қызмет етіп жүр,
      Түлеп ұшқан өзіңнен сан шәкірттер.
      8. Жеңіске жетсем деген тілектері,
      Білім десе тулайтын жүректері.
      Сіздермен бірге болған бұл сайыста,
      №7 мектептің өнерлі түлектері.
      9. Аллам бізге бар бақыт жиып берген,
      Бұл өмірде не артық,сүйікті елден.
      Әр қашанда көтеріп ел мерейін,
      Көрінейік,тек қана биіктердін.
      Маған ұнайды:
      25.02.2013, 16:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Тәрбие бастауы-мейірімділік
      «Қартайса болды,қариялар қараусыз қала ма?» деген ой көңіл түкпірімде ұзақ жатып,ширығып,ақыры осы мақаланы жазуыма түрткі болды.Иә,бұл пікір бір қарағанда тосындау естілер,бірақ қарттар үйіне бас сұғып,ондағы кісілердің жәудіреген мұңлы жанары мен шаршаңқы кейпін көргенде еріксіз осы ойға берілгенім рас. «Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқыттырмай», барын алдына тосып,мәпелеп өсірген ата-анасын бауыр еті-баласы қарттар үйіне әкелуге не себеп болды екен? Болашақта өздері де қартаятынын ескерді ме?Сонда өздерінің де осындай жағдайға түсуі мүмкін екенін ойлады ма?.Әлде қазіргі жастар бойында мейірімділік қасиеті жетіспей ме?-деген сұрақтар мазалайды.Аталмыш үйде қарттарға жеткілікті көңіл бөлініп,үкімет тарапынан барлық жағдай жасалғаны айқын аңғарылады.Әйтсе де бейнетінің зейнетін көрер шағында өз ошағының басында немере,шөберелер күлкісіне көміліп,жадырап отырғандары жарасымды емес пе?! Осындай жабырқау көңілді жандар сәл қуаныштан марқаяды.Бұл тарапта Қызылорда облысының Балалардың құқығын қорғау департаментінің жанынан құрылған «Мейірімді жүректер одағы» еріктілер бастамаларын дамыту орталы-ғының қайырымдылық іс-шараларының тәрбиелік маңызы зор.Одақ мүшелері мерекелер қарсаңында қарттар үйі,балалар үйіне барып,шағын концерттік бағдарлама,сый-сияпат ұсынып,әрдайым көңілдеріне шуақ ұялатып жүр.Біз мұндай іс-шараларымыз арқылы үлкендердің батасын алсақ,ол қатарластарымызға үлгі болары сөзсіз. Мейірімділік әр жүректе болса,өмірде жаманшылық істерге орын болмасы анық. Сондықтан әр жеткіншектің бойына жастайынан мейірімділікті сіңіріп тәрбиелеу ләзім.
      Маған ұнайды:
      25.02.2013, 16:12
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Батыр бабаларымыздың рухына бас иеміз

      «Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түскен
      және ол өнегелер адамдарды алға жетелейді».
      В.Гюго
      Егемендік жолындағы күрестерде халқымыздың не түрлі қайғы-қасіреттерді ба-
      сынан кешкені мәлім.Сонау империяның бодандық бұғауын киіп,онан өктемшіл одақтың әмірінде жетпіс жылдай күй кешкен халқымыз тәуелсіздік туын тіккеннен бері өз біртуар тұлғаларын лайықты ұлықтап келеді.Еліміздің өзіне лайық тарихы бар десек,соның бір кесек бөлігі Сыр бойының еншісінде.Олай дейтінім,біздің өлке дара туған,атағы алысқа кеткен батырлар мен баһадүрлердің,сөз мәйегін тартқан шайырлар мен шешендердің отаны.Тарихтан белгілі,өркениетті елдер ең әуелі осы Сыр бойына қарай сұқтарын қадаған.Ұлы жорық басқарушылары Кир мен Дарий,Ескендір Зұлхарнайын да Сыр бойына келіп маңдай тіреген.Бірақ олар да жолбарыс жүректі сақтар мен массагеттердің тегеурініне шыдамай,кері қайтқан.Осыдан біздің халқымыздың жауынгерлік,батырлық дәстүрі тым ертеректен бастау алатындығы көрінеді.
      Шапқыншылардан елін,жерін қорғауда қазақтардың ұлт-азаттығы жолындағы күресте айрықша қаһармандық танытқан ірі тұлғалардың бірі биыл туылғанына
      200 жыл толғалы отырған Бұқарбай батыр Естекбайұлы.
      Бұқарбай Естекбайұлы көне көз қариялардың бірінен-біріне қалдырған әңгіме-леріне қарағанда 1812 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданына қарасты қазіргі Бұқарбай батыр ауылында дүниеге келген.Шыққан тегі Кіші жүздің Табын тайпасынан,оның ішінде Теке,одан Атанша болып тарайды. Әкесі Естекбай аздаған күн көрісті шаруа болса да,адалдығымен,еңбек сүйгіштігімен ауыл адамдарының құрметіне бөленген кісі екен.Баласы болмаған Естекбай аты шыққан әулие-әмбилерді жағалап,Бұхар төбесіндегі Баһуадин әулиенің басына да түнейді.Сол жерде оның түсінде әулие аян береді.Ақ киімді,аса таяғы бар кісі: «Он ұл берейін бе немесе он ұлға татитын бір ұл берейін бе?»десе керек, «тілегіңді айт»деп тұрғанда сасқалақтаған Естекбай «Бір ұлға зар болып жүріп,он ұлды сұрағаным болмас» деді де: «Бір ұл берсең де ризамын»- деген екен.Әулие батасын беріп: «Бір өзі онға татитын батыр болар ұл бердім,ажалы кісіден болмас,құдайдан болар,еліңе қайта бер»деген екен.
      Елге келгесін ұзамай бала дүниеге келеді,атын Бұқарбай қояды. Құдайдан бір,адамнан екі сұрап алған бала өсе келе көз жастарын көргендей,қазақ жұртына даңқы тараған,елге қамқор,абыройы артық адам болады.
      Елінің жау бетіндегі қорғаны,ақ білектің күшімен,көк найзаның ұшымен талай дұшпанның басына заманақыр орнатқан адам дүниеге осылай келеді. «Алып-анадан» деген мақал нақ осы жерде орнын тапқан секілді.
      Бұқарбай батыр Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысты.
      Оның қосынындағы ерлікті оқиғаға толы 10 шақты жыл батыр өмірінің аса маңызды тұстары.Батырдың Сыр бойы халқы үшін еткен еңбегінің бірі Ақмешіт қамалының төменгі жағындағы қоқандықтар байлап тастаған қара бөгетті бұзуы.Қара бөгеттің жығылуы жер анаға әр кіргізіп,тіршілікке сән береді,мал өрісі кеңіді,елдің ырзық несібесі көбейді.
      Батырдың адалдығы,мәрттігі,адамгершілігі туралы ел аузында әңгімелер легі көп-ақ.Сол қасиеттер арқылы ол сарбаздары мен халқы арасында үлкен беделге ие болған,халық жүрегінен лайықты орын алған сүйікті ардагер ұланы екеніне көзіңіз жетеді.Ол жөніндегі бізге жеткен әңгімелер аңызға айналып,қазақ батырының Қаһарман бейнесі сомдалған.Батыр туралы Сыр сүлейлері Т.Ізтілеуов,Балқы базар,Ж.Жабаев жырларында жырланған.
      1993 жылдың тамыздың тамылжыған күндерінде Жалағаштықтар торқалы тойдың куәсі болды.Ақсу ауылының батысында ақ шаңқаң киіз үйлер қаз-қатар тігіліп,
      аламан бәйге өтілді,айтыс ақындары жыр додасына түсті.Жалағаштан ардақты атамызға ескерткіш орнатылып,үлкен көшеге есімі берілді.Бұқарбай есімімен аталған ауылда жаңа мешіт ашылып,жаңа мұражай жабдықталды.Мұндай игілікті істер ұрпақтарының батыр рухына тағзымы іспеттес.
      Батырдың өмір жолын айғақтайтын «Бұқарбай қыстауы», «Бұқарбай арығы»,
      «Бұқарбай қорымы» деген жер атаулары әлі де қолданыстан шыққан жоқ.
      Еліміздің тарихындағы соңғы екі ғасырдың ұрымтал оқиғалары кейінгі кезде ғана тайға таңба басқандай жан-жақты баяндала бастады десем,артық айтқандық болмас.Әсіресе, жариялылық саясаты талай шындықтың бетін ашуға,ақ пен қараны ажыратуға,пікірімізді жасқанбай айтуға жол ашып берді.Бұлай деуге себеп,осы Кенесары бастаған көтерілістің көп жылдар бойы басқаша сипатта тарих беттерінен орын алуы бізді қынжылтқаны.
      «Ешкім де,еш нәрсе де ұмытылмайды» деген қанатты сөз бар.Бірақ мұның өзі барлық уақытта іс жүзіне аса бермейді.Жоңғар басқыншыларына қарсы болған ұрыстарды «қазақтың Куликовосы»деп заңды атап жүрміз.Оқиға әлдеқайда беріде болса да,батырдың,қолбасшылардың,қарапайым халқымыздың ерлік істерінің өзі жете баяндалып жүрген жоқ.Бәйтен,Сәрке батырлардың өмір жолы аз зерттеліп,
      Қабанбай,Бөгенбай,Саурық,Тайлақ,Наурызбай батырларды зерттеп,аттарын мәлімдеп жүрген тарихшылар Сыр бойындағы осы ерлер жөнінде мардымды ештеңе айтпауы көңіліме көлеңке түсіреді.
      Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.Осы ұлттық тұлға биігіне қазір кімдер көтеріле алды? Осы биік азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға кімдер лайықты ? Және қандай істері арқылы осындай дәрежеге жетуге болады?
      Ең алдымен ұлттық тұлға деген ұғым – тарихи өлшем. Яғни тарихи тұрғыдан ұлт үшін, халық үшін орасан маңызы зор, тарихи мәні терең іс-әрекетке барған, немесе аса жауапты тарихи сәттерде халық тағдырында айрықша орны болған адамға халықтың өзі осындай ұлттық, тұлғалық деңгейге көтеретін бағаны беріп отырған. Міне,қазақ тарихының әрбір белесінде осындай орасан зор халықтық мәні бар тарихи оқиғаларға араласқан, немесе осы тарихи оқиғаларды басқарған, ұйымдастырушы болған, немесе асқан ерлік көрсеткен азаматтар – халық батырлары атанған. Ұлттың тұлғалары атанған. Қазақ ұлтының бағына, тағдырына орай Тарих-ана әр ғасырда жаужүрек, батыр ұлдары мен қыздарын мол жаратқан. Ұлт содан аман қалған.
      Жалпы «батырлық» ұғымын терең мағынада қарастырған ләзім.Әр дәуірдің,әр саланың өз «батырлары»бар деп есептеймін.
      «Батырлық-білекте емес,жүректе»деп қапысыз айтқан дана халқымыз бұл ойымды нақтылай түседі. «Ақ күріштің атасы»атанған Ыбырай атамыз, «темір тракторды» тізгіндеген Жадыра,Қасымтай,қоймаға күрішті еселеп құйған Сәлима әжелеріміздің еңбегін ерлік деп ұғынамын.Ұлы Отан соғысы тұсындағы,тәуелсіздік жолындағы желтоқсандық батырлар ерлігі жазылған,жазылар дастан бір төбе.Күні кешегі Лондон олимпиадасында еліміздің туын желбіретіп,әнұранымызды сан мәрте шалқытқан толағайларымызды да батыр десек жарасар.
      Ұлылардың өмірі,ерлігі бізге қашанда үлгі-өнеге.Біз сол кісілердің тағылымды өмірі арқылы тәрбиеленеміз,бойымызға патриоттық,отансүйгіштік сезім жинап өсеміз.Біздің арамыздан да болашақ батырлар шығарына кәміл сенемін.
      Туған жердің тұтастығы,туған елдің азаттығы жолында арыстандай алысып өткен баһадүрлердің бірі Бұқарбай атамыздың туылғанына биыл 200 жыл толу мерекесін өткізгелі отырған батырдың ұрпақтары мен күллі Сыр бойы жұртына той торқалы болсын деймін және осындай киелі топырақта туылып,сол дүлдүлдердің ұрпағы екенімді мақтанышпен сезініп, батырдың ұрпағы ретінде өз үлесімді өз шығармам арқылы қосқаныма тәубе етемін.
      Қайсар рухты қазақ барда,егемен ел Қазақстан барда өткен батырлар рухына тағзым бола бермек,қазіргі заман батырларына лайықты құрмет көрсетілмек,
      болашақта әлі талай дүйім жұртты тамсандырар батырлар туылмақ!
      Лайым,солай болсын!
      Аида БАТУХАН
      №7 орта мектептің 10 сынып оқушысы,
      Қызылорда қаласы
      Маған ұнайды:
      25.02.2013, 16:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • Аида Батухан
      Достар,бізді біріктіретін осы әлеуметтік желіге рахмет айтамын!
      Маған ұнайды:
      06.02.2013, 10:15
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220