Жаңалықтар

Мұғалімдерге, тәлімгерлерге, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басшыларына арналған республикалық семинар

24.10.2013, 22:09 | Пікір: 0

Бүгінде мектептегі өзін-өзі басқаруға, «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қалыптасуына, білім беруші мен оқушы арасындағы байланыстың артуына ерекше мән берілуде. 

     Осы орайда 23 мен 25 қазан аралығында «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ Мұғалімдерге,  тәлімгерлерге, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының басшыларына республикалық деңгейде семинар өткізуді қолға алды. Себебі, балалар қозғалысын дамытуда жақсы нәтижеге жету үшін барлық тәлім-тәрбие беретін институттардың күш-жігерлері біріктірілуі қажет.

Семинардың ашылуы «Нұр Отан» партиясының акт залында өтті. Қатысушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының» төрайымы Назира Бөлтірікова қарсы алып, оларды тоғандырған сұрақтардың барлығына жауап берді. 3 күн ішінде «Көшбасшылық кілті», «Көпшілік алдында сөйлеу өнері», «Мотивация және корпоративтік мәдениет» деген тақырыптарда шеберлік сыныптары өткізілді. Семинардың қатысушыларына Қазақстан Республикасының аға тәлімгері бірлестігі туралы ереженің жобасын дайындау тапсырылды. Сондай-ақ, іс-шара барысында қатысушылар балалар мен жасөспірімдер ұйымдарын дамыту, мысалы, экологиялық және спорттық тәлім беру туралы ойларымен бөлісті. Әр аймақтың өкілдері өзара тәжірибе алмасып, көп мәселелерді бірігіп шешу жолдарын қарастырды. 

Сонымен қатар, бұл шараның қатысушылары еліміздегі озат мамандардың тәжірибесімен де танысты. Шеберлік сыныптарын «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық институтының директоры Саясат Нұрбек және Мәскеу шешендік және риторикалық шеберлік Университетінің лицензиаты Толқын Қуанышева жүргізді. Семинардың соңында барлығы арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтарын алды.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.