Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалармен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен І-ші Республикалық «Жаңа леп» балалар мен жасөспірімдерге арналған әндер байқауы
Мақсаты: балаларға арналған әндердің репертуарын толықтыру.
Міндеті:
- Мектеп оқушыларының отансүйгіштік сезімдерін оятып, қазақ тіліндегі әндерді дәріптеу.
- Дарынды ақындармен композиторлардың үздік шығармаларын анықтау.
- Балаларға арналған әндердің «Жас Ұлан» сазы альбомы мен кітапшасын шығару.
Балаларға арналған әндер: ата-ана, достық, ойын, т.б. тақырыбында.
Байқауға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне қазан айының 29-на дейін өтініш жіберулері тиіс.
Байқауға қатысушылар өтінішпен бірге шығармаларының CD- дискке жазылған фонограммасын, әннің сөзінің қағазға түсірілген үлгісін (электронды және қағазға шығарылған) өткізулері керек. Әннің оранжировкасына аса көңіл бөлінеді.
Байқау 3-кезеңнен құралады.
1-тур - Қазан айының 30 жұлдызынан қараша айының 6-на дейін. Әділқазылар алқасы шығармаларды тыңдайды.
2-тур- қараша айының 7-12-сі аралығында жеңімпаздарды анықтау.
3-тур -22 –қараша жеңімпаздарды марапаттау.
Әділқазылар алқасының құрамына композиторлар, әншілер, ақындар, өңдеушілер кіреді. Әділқазылардың мүшелері байқауға шығармаларын қатыстыра алмайды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау
1. 1- премия гран-при және лауреат атағы.
2. 1-бірінші орын және лауреат атағы.
3. 1-екінші орын және лауреат атағы.
4. 1-үшінші орын және лауреат атағы.
5. 3-Ынталандыру сыйлығы және дипломант атағы.
6. Әділ-қазылардың қарастыруымен номинациялар белгіленеді.
Қатысушылардың жас шамасы шектелмейді. Жеңімпаз аталған әндер арнайы «Жас Ұлан» лебі» альбомына енеді.
Байқауға қатысушының анкетасы
Әннің тақырыбы:_________________________________________________________
Ұсынылған номинациясы:_________________________________________________
Композитор (аты-жөні):___________________________________________________
Ақын (аты-жөні):_________________________________________________________
Орындаушысы (аты-жөні):________________________________________________
Ұзақтығы:
Әннің қысқаша тарихы:___________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мекен-жайы: _____________________________________________________________
Байланыс тел:____________________________________________________________
Электронды мекен-жайы:__________________________________________________
Толтырылған күні: ___/___/______
Қолы:______________________
Анкетаға қосымша әннің өңделген қалпында CD- дискке Mp3 форматында жазылған 2 данасы және әннің сөзі жазылған ( 1 дана қағазға түсірілген, 1 электронды түрде) болуы тиіс.
Пікірлер