"Жас Ұлан" тарифі іске қосылмақ
Келісімнің негізгі мақсаты – жастардың бастамаларын қолдау ісінде, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының жан жақты дамуына жағдай жасауда мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың күш жігерін біріктіру. Аталған құжат көптеген әлеуметтік жобаларды бірігіп іске асыру үшін негіз болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тараптар оқушылар үшін ішкі желіде тегін қоңырау шалуға, басқа операторлар абоненттерімен төменгі тарифтермен байланысуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар білім интернет қорларына кіруге жеңілдіктер ұсынатын арнайы құрастырылған бірегей мобильді тарифті іске қосуды жоспарлап отыр.
Меморандумға мұрындық болып, қолдау көрсетіп отырған ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеті екені белгілі.
ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.2012 жылдың шілде айында Үкіметтің қаулысымен құрылды. Комитеттің негізгі міндеті жастар саясаты әдіснамасын құру, оны жоспарлау, нормативті қамсыздандыру, мемлекеттік органдар қызметінің мониторингі және бағалауы, сонымен қатар осы салада бақылау болып табылады.
«Мемлекеттік құрылым болып келетін Комитет, мемлекеттік және жеке кәсіптік серіктестікті дамытуда қызуғышылық білдіреді. Сондықтан да біз үш жақты Меморандумға қол қою бастамасын қуанышпен қолдадық. Beeline әлеуметтік-жауапкершілікті бизнесті іске асыруда басқа компанияларға сәтті үлгі болады деп есептеймін. Айта кететін жәйіт, мемлекет жағынан қаржылай демеу күтпей, өз бастамаларын өздігінен іске асыру мақсатында күш салып жүрген біздің жастардың белсенділігін атап өтпеуге болмайды. Аталған Меморандумға қол қою қорытындысы болатын әлеуметтік жобаларға Комитет, өзінің құзырет шеңберінде қолдау көрсетуге дайын», - деп ҚР БҒМ Жастар ісі жөніндегі комитет төрәйімі Роза Самидоллақызы атап өтті.
Басты серіктес ретінде «КаР-Тел» ЖШС - Beeline тауар белгісі шықпақшы.
«КаР-Тел» ЖШС - Beeline тауар белгісі астында мобильді және фиксациялық телефония, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтерді табыстау, оптоталшықты кіру технология негізінде интернетке кіру, Wi-Fi және 3G үшінші буын желісі қызметін ұсынатын еліміздегі жалғыз әмбебап байланыс операторы. Компания штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан «VimpelCom Ltd» халықаралық телекоммуникационды холдингінің бөлшегі болып табылады.
«Білімге қолдау көрсету Beeline корпоративті әлеуметтік жауапкершілігі стратегиясының өзекті бағыты болып табылады. Біз көкейтесті әлеуметтік мәселелерді ғана шешуге көмектеспей, сонымен қатар, прогресс үлгісі болып қызмет ететін, барша қоғамды дамуға шабыттандыратын жобаларды іске асыруға тырысамыз. Алайда, өзге де қызығушылық білдірген жақтармен әріптестікте әлеуметтік маңызды міндеттер әрқашанда сәтті шешім табады. Сондықтан да біз жоғарыдағы ынтымақтастық Меморандумына қол қою қажетті және маңызды қадам деп есептейміз. Осы қызметтестік шеңберінде Beeline еліміздің оқушыларына ыңғайлы, тиімді және де ең бастысы, біріктіруші өнім - заманауи оқушылардың қажеттіліктерін айқындайтын, арнайы тарифті жоспар ұсынады. Ал бұл серіктестігіміздің мақсаты болатын «жасұландықтарға», барша Қазақстан оқушыларына білімге, пайдалы контентке, заманауи телекоммуникационды технологиялар арқасында қатынасуға қол жеткізуді жеңілдететін көмектің бастамасы ғана», - деп Қазақстандағы Beeline коммерциялық бас директоры Александр Комаров ойын түйіндеген болатын.
Меморандумның негізгі ұйытқысы болып отырған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2011 жылдың шілде айында құрылған. Мемлекет басшысының идеясымен шабыттанған республиканың жас көшбасшылары 2011 жылдың 6 шілдесінде барлық балалар мен жасөспірімдерді біріктіретін бірыңғай қозғалыстың іргесін қалайды. Әр тұлғаның көшбасшылық қасиеті не болмаса шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында ұйым жұмысының басты бағыты 1 мен 11 сынып аралығындағы барлық оқушыларды біріктіруге сүйенеді. Бүгінгі таңда бірлестік қатарында елдің 16 өңірінен 1,5 миллионға жуық оқушылар бар.
Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының» төрағасы, Данияр Шамилов : «Аталмыш Үш жақты меморандумға қол қою үш Тараптар арасында тығыз және нәтижелі әріптестік фундаментін қалайтынына бүкпесіз сенемін. Қалыптасқан жағдайды қолдана отыра, Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер қозғалысының дамуына қолдарынан келгенше көмектесу ниеттері үшін Beeline ұялы желі операторына шексіз алғысымды білдіргім келеді. «Жас Ұлан» мобильді тарифін Жастар ісі жөніндегі комитеттің қолдауымен іске қосу - біздің өзара тиімді және ұзақ мерзімді серіктестігіміздің бастамасы ғана. Оқушыларды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған алдағы жобалар мен іс-шараларды бірігіп жүзеге асырудың негізі Меморандумға қол қою рәсімі болып табылады» - деп, әріптестікке зор үміт артатынын білдірді.
Болашақ өскелең ұрпақтың жан-жақты дамып, ел өркендеуіне өзіндік үн қосу жолында атқарылып жатқан осындай ізгілікті бастамалар ұлы істердің жаршысы болатынына сенімдіміз.
Пікірлер