«Жас Ұлан» жасөспірімдер КТК лигасы республикалық жарысының ережесі
1.Жалпы ереже
«Жас Ұлан» жасөспірімдер КТК лигасы республикалық жарысы 2012 жылғы маусымы (бұдан әрі -Жарыс) ҚР жастар саясатын жүзеге асыру аясында балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту және балалар қозғалысын қолдау мақастында өткізіледі.
Конкурсқа жалпы білім беретін мекемелердің, 6-16 жастағы оқушылардан құралған, КТК командалары қатысады.
2. Мақсаты мен міндеті
Мақсаты: мектептерде көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын дамыту, жас буынды тәрбиелеу, бос уақытын тиімді пайдалануды насихаттау.
Міндеті:
- Балалар мен жасөспірімдер бастамаларын дамыту;
- балалар мен жасөспірімдер бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
- мектептерде көңілділер мен тапқырлар клубы қозғалысын, «Жас Ұлан» жасқөспірімдер КТК лигасын құру және дамыту;
- КТК ойынын балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының бір саласы ретінде насихаттау;
- КТК мектеп лигасы командалары арасында шығармашылық және достық қарым-қатынасты күшейту;
- дарынды жас өспірімдерді іздеу;
- балалар шығармашылық ұжымдарының кәсіби деңгейін көтеру.
3.Ұйымдастырушылар
Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің идеологиялық-ұйымдастырушылық қолдауымен, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ (бұдан әрі - «Жас Ұлан») ұйымдастырады.
4. Жарыстың өткізілу орны және уақыты
Жарыс жыл сайын Қазақстан Республикасы барлық өңірлерінде қыркүйектен бастап қараша айына дейін өткізіледі.
3. Өткізу тәртібі мен шарттары
Жарыс үш кезеңнен тұрады:
І. Аудандық/қалалық кезең 2012 жылғы қыркүйек айынан қазан айына дейін өткізіледі.
Аудандық/қалалық кезеңнен облыстық КТК лигасына өтетін ең үздік командалар анықталады. Облыстық кезеңге аудандық/қалалық кезеңнен 1 орын алған командалар жолданады.
Аудандық/қалалық кезең төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
- Таныстыру (5 минутқа дейін) – 5 балл.
- Сұрақ–жауап (өз жауабынсыз, 2 қызықты сұрақ, 7 минутқа дейін) -5 балл.
- Музыкалық қойылым (5 минут). Ең жоғарғы 5 баллмен бағаланады.
ІІ. Облыстық кезең 2012 жылғы қазан айында өтеді.
Облыстық кезеңге аудандық іріктеу жарыстарынан жеңген ең үздік команда қатысады. Облыстық жарыста жеңген команда республикалық лигаға қатысуға жолдама алады. Ұйымдастыру алқасы республикалық кезеңге облыстық құрама команданы құрып, жолдауды ұсынады.
Облыстық кезең төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
1. Таныстыру (5 минутқа дейін) – 5 балл.
2. Сұрақ жауап (өз жауабынсыз, 2 қызықты сұрақ, 7 минутқа дейін) -5 балл.
3. Балалар фильмін, анимациялық фильмдерді және мультфильмдерді жанды дыбыстандыру. Ең жоғарғы 5 баллмен бағаланады.
ІІІ. Республикалық кезең 2012 жылғы қараша айында өтеді.
Республикалық кезеңде ең үздік командалар (1-ші, 2-ші, 3-ші орын) грамоталармен, дипломдармен марапатталады және басты сыйлық «Жас Ұлан» кубогы табыс етіледі.
Республикалық кезең төмендегі бағдарлама бойынша өтеді:
1.Таныстыру (5 минутқа дейін) – 5 балл.
2.Сұрақ-жауап (өз жауабынсыз, 2 қызықты сұрақ, 7 минутқа дейін) -5 балл.
3.Музыкалық үй тапсырмасы (5 минут). Ең жоғарғы 5 баллмен бағаланады.
4.Балалар фильмін, анимациялық фильмдерді және мультфильмдерді жанды дыбыстандыру. Ең жоғарғы 5 баллмен бағаланады.
Тақырыпты ойынның басталуына дейін 15 күн ішінде Ұйымдастыру алқасы анықтайды.
4. Қатысушылар
Жарысқа жалпы білім беретін мекемелердің (мектеп, лицей, гимназия және т.б.) КТК командалары қатысады. Ұйымдастыру комитетіне белгіленген формада тапсырыс берген КТК командасы жарыс Қатысушысы болады және Қатысушының міндеттерін өз жауапкершілігіне алады. Команда мүшелерінің негізгі қатысушыларының жасы 10-нан 16-ға дейін. Команда құрамы, техқызметкер мен команда жетекшісін қосқанда 8 адам болуы тиіс.
5. Командаларға қойылатын шарттар
- Белгіленген регламенттен аспау. Аталған шартты бұзған жағдайда, қазылар алқасы жарыстың жалпы нәтижесінен балды шегереді.
- ҚР Заңын, оның ішінде ҚР Президенті және оның жанұясы мүшелерінің құқығын сақатау туралы бапты, Тіл туралы Заңды қатаң сақтау.
- Фонограммалар қолдану кезеңі бойынша мини-дискке жазылу қажет.
- Командалардың өнер көрсетуі төмендегі шарттарға сәйкес болу қажет:
- мәдениетті сахналық деңгей (сөйлеу мәдениеті,сахнада өзін-өзі ұстауы);
- жанрлардың көптүрлігі;
- көңілді, тапқырлық, әзіл;
- актер шеберлігі;
- жеке авторлық, әдеби материал.
Жарыс қатысушысы мыналарға құқылы:
- шараның басталуына дейін бір күн ішінде жүргізушіге өз демеушілері туралы ақпарат беруге;
- ұйымдастыру комитеті командаларға көрермендер залын өз жанкүейерлерімен қамтамасыз етуді ұсынады.
Қатысушы міндеттері:
- командалардың келуі және кетуі туралы мәселелерді шешу, костюм және реквизиттер дайындау, музыкалық сүйемелдеумен қамтамасыз ету;
- гримерлық бөлмелерде өз реквизиттеріне, киімдеріне және жеке заттарына бақылау ұйымдастыру;
- жарыстың басталуына дейін 10 күн ішінде редакторға қағаз және электронды түрде сценарий тапсыру;
- дайындық күн тәртібін сақату, жарыста белгіленген уақыттан аспау;
- Ұйымдастыру және редактордың шарттарын орындау;
5. Ұйымдастыру алқасы
Жарысты ұйымдастыру алқасы «Жас Ұлан» өкілдерінен және басқа да ұйымдар, қоғам, мәдениет қайраткерлерінен құрылады.
Ұйымдастыру алқасы жарысқа басшылық етеді, өткізу түрін жасайды, жарыстың бағдарламасы мен тақырыбын бекітеді, қазылар алқасын, редакторларды құрады, қаржыландыру, ұйымдастыру мәселелерін шешеді, жарыстың имидждік стилін қалыптастырады, өткізу маусымының күнтізбелік жоспарын бекітеді.
Ұйымдастыру алқасы мыналарға құқылы:
-жарыстың өткізу шарттарын өзгертуге;
- бағдарламаға қосымша шаралар қосуға;
- маусымдық шараның өткізу уақытын өзгертуге;
- ереженің бір немесе бірнеше пунктерін бұзған жағдайда, командаларды ойыннан шығаруға;
- Команда мүшелерінің этикет пен тәртіп бұзған жағдайда Ұйымдастырушылар команданы ойыннан шығаруға құқылы.
6. Жарыс редакторлары
Редакторлар;
- командалардың өнер көрсету сапасын алдын ала қадағалайды;
- әр команданың сценариін өзгертіп, дұрыстауға құқылы;
- командалардың жазбаша арыздары негізінде авторлық құқық дауларын шешеді;
- командаладың өнер көрсету мазмұндылығына жауапты;
- этикалық нормаларға және жас ерекшеліктеріне байланысты КТК командаларының қойылымдарын, сценарийлерді өңдеуді талап етуге; қойылымның ұзақтығын қадағалауға;
- КТК ойынына дайындығы төмен немесе мүлдем болмаған жағдайда команданы ойыннан шығаруға немесе кқрермен ретінде залға шығаруға, сонымен қатар Қатысушының міндеттерін орындамаған жағдайда ойыннан шығаруға;
Редакторлардың шешімі барлық командалар үшін міндетті, олардың көрсеткен ескертулерін орындамаған жағдайда командаларға берілетін бағаны қазылар алқасы төмендетеді.
7. Қазылар алқасы
Жарыста қазылар алқасын ұйымдастыру комитеті бекітеді. Олардың құрамы 7 адамнан аспайды. Қазылар алқасы құрамына студенттік командалар қатысушылары, актер, жарыс ұйымдастырушылар өкілдері, қоғам, мәдениет қайраткерлері және басқа да жастар ұйымдарының мүшелері кіреді. Қазылар алқасы командаларды төмендегі шарттарға байланысты бағалайды:
- жарыс тақырыбының сәйкестілігіне байланысты;
- орындаушылардың актерлық шеберлігіне байланысты;
- әзіл сапасы;
- режиссерлік тапқырлық және күтпеген шешімдер;
- сахна мәдениеті;
- музыкалық әрлеу;
- регламентті сақтау.
8. Қорытынды жіне марапаттау
Жарыста 5 балдық бағалау жүйесі. Республикалық деңгейде қатысушылар арсында жеңімпаз командалар (біріші орын-1 – 100 000 теңге, екінші орын-2 — 75 000 теңге, үшінші орын -3 — 50 000 теңге) грамоталармен, дипломдармен марапатталады және басты сыйлық «Жас Ұлан» кубогы табыс етіледі.
9. Қаржыландыру
Командалардың қатысушыларына байланысты шығындар (жол, тұру шығындары, тәуліктік шығындар) жіберуші ұйым тарапынан.
Жарысты ұйымдастыру және өткізу шығындарын «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы жүзеге асырады.
Ұйымдастырушылар және қатысушылар қосымша демеушілік қаржыландыру көздерін қарастыруға құқылы.
Қосымша
Қатысушылар өтінімі
1. Қала________________________________________________________________
2. Жіберуші ұйым ___________________________________________________
3. Команда атауы _____________________________________________________________
4. Жетекші мен техперсоналды қосқандағы барлық адам саны _______________________________________________
5. Адрес, телефон, E-mail (міндетті түрде),
факс)__________________________________________________________________
6. Команда жетекшісі(Аты-жөні толығымен), ұялы. тел. ________________
______________________________________________________________________
- Қағаз және электронды түрдегі қойылым сценариі
- Қойылымның видеотаспасы (мүмкіндігінше)
№ |
Аты жөні |
Туған жылы, күні, айы |
Туу туралы куәліктің немесе төлқұжаттың нөмірі, қашан және кіммен берілді |
Тұрғылықты женрдің, қаланың индексі, көшесі, үйдің №, пәтердің № |
1 |
(Жетекші) |
|
|
|
2 |
(Капитан) |
|
|
|
3 |
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
10 |
|
|
|
|
11 |
|
|
|
|
12 |
(Дыбыс өңдеуші) |
|
|
|
Пікірлер