Жаңалықтар

«Балалардың көзқарасын құрметтеу» тақырыбындағы семинар-тренинг

31.10.2019, 18:00 | Пікір: 0

«Балалардың көзқарасын құрметтеу» семинар тренингі Қазақстан Рсепубликасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы КБАҚ –ы  «Балалардың көзқарасын құрметтеу» мемлекеттік гранты аясында бала, ата-ана және психолог қатысуымен өтті.

Бағдарламаны бастамас бұрын «Автопортрет», «Демалыс күндері немен айналысқанды жақсы көремін» және т.б. ойындар ойнату арқылы қатысушылардың өзара қарым-қатынасын, эмоциясын реттеу, үлкендер мен балалардың бір-бірін тануына деген қызығушылықтарын ояту көзделеді, және суреттер тренинг өтетін қабырғаларға ілінді.

Тренинг бағдарламасында «Өрмекші», «Туыстық қарым-қатынастар мен міндеттер» ойындары қатысушыларды балалар және ата-аналар топтарына біріктіру арқылы жүргізілді. Сонымен бірге «Рефлексия», «МАК» -метафорикалық ассоциативті  карталар әдістері қолданылды.

Семинар-тренингке Атырау қаласы мектептерінің оқушылары және ата-аналар қатысты.

 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.