• 298 баллов

ДРУЗЬЯ

2 друзей

    МОИ ПОДАРКИ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    СООБЩЕСТВА

    состою в сообществах

    ИГРЫ

    нет игр

    Много интересных и разных игр
    ждут вас в каталоге.
    • 0
      Шyngys+-+кЮЯ+нМРСЯРЁЙ∙╟∙╟[BauYrzhaN]≥2o(music.nur.kz)
    • 0
      Шyngys+-+Rap+is+Shit+(ft.+aZRaiL)(music.nur.kz)
    • 0
      МАХАББАТ+-+СТАНЦИЯСЫ.(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Телефон+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Суранамын+Оригинал+2013++www.exclusivemusic.kz(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Суйемiн+Сенi2013(Оригнал)(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Сендей+Жан2013(Оригинал)(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Сагыныш+моншактары+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Сагындым+Сенi2013(Оригинал)(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Попурри[2о1з]B.BauYrzhaN(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Кайрат+Нуртас-Суранамын+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Жануям+Оригинал+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Кайрат+Нуртас+-+Бара+Алмадым+Оригинал+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Али+Окапов+-+Арманга+-+Арманга(music.nur.kz)
    • Айгерим Караева
      Мұқағали Мақатаев олендері

      ҮШ БАҚЫТЫМ

      Ең бірінші бақытым – Халқым менің,
      Соған берем ойымның алтын кенін.
      Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
      Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

      Ал екінші бақытым – Тілім менің,
      Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
      Кей – кейде дүниеден түңілсем де,
      Қасиетті тілімнен түңілмедім.

      Бақытым бар үшінші – Отан деген,
      Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
      ... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
      Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

      Түтін түтет,
      Өс, өрбі, көгере бер,
      Немерелер көбейсін, шөберелер.
      Жадыңда ұста :
      Жақсылық күтпегейсің!
      От емес, оқ сұрасаң менен егер!

      Үш бірдей бақытым бар алақанда,
      (Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)
      Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
      Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

      №17-Палата

      Бұл бөлмеде-екі орыс,бір қазақ,
      Үшеумізді бір ғана дерт тұр қажап.
      Кемедегі адамдардың жаны бір,
      Сондықтан да ынтымақ бар бір ғажап.

      Үшеумізде жалғыз ғана қауіп бар,
      Кім біледі,тағдырымыз анықтар...
      Дала күңгірт,жатыр ма әлде жауып қар?
      Желмен ұшып барама әлде мамықтар?!

      Тұрғындары он жетінші бөлменің!
      Аз ғой әлі көрмегеннен көргенің.
      ...Сағымдайын сайран дүние сен бе едің?!
      Сайран салып,саған неге көнбедім...

      Бұл бөлме де-үш тағдыр бар,үш Адам,
      Торда отырған торғайларға ұқсаған.
      Үш адамдар үш түрлі емес,жалғыз дерт,
      Жалғыз тұзақ алты аяқты тұсаған...

      ...Махаббат па?

      ...Махаббат па?
      Махаббат болған еді.
      Таудың мен еркін жүрген тағысы едім,
      Тапты да,түсірдіғой торға мені.

      Махаббат па?
      Махаббат болған менде.
      Жиі барғам аққулар қонған көлге,
      Ал кәзір тоңған жүрек,солған кеуде.

      Ғашықтық па?
      Ғашық та бола білгем.
      Бір-ақ жанға ғашықпын бала күннен,
      Жанымменен сүйемін,жанарыммен.

      Сағыныш па?
      Қалай оны тауыса аламын.
      Сағынғанмын,шөлдегем,
      Ақыры шаршағаным,шаршағаным.

      Сүйгенім бе?
      Сүйгенім өмірде емес
      Ұйықтасам,түнде түсім,көңілде елес,
      Өлгенше кетер емес көңілден еш...



      Мастың монологы

      Ақымаққа болмайды ақыл айтып,
      Алдап кетер көзіңді бақырайтып.
      Ағажан, маған несін әуре болдың
      Бір ауыз сөзіңізге татымайтын.

      Басуға күш жоқ менде мас желікті,
      Ақыл бермей, тәңірім бас беріпті.
      Бір түйір ақыл қонбай кетіп барам,
      Мінеки, қырық бірге жас келіпті.

      Жоламай құрбыларым сырласуға,
      ВІнілер ажуалап құрдасымдай,
      Әлі де қылтың-сылтың жүр басылмай,
      Базарда беті ашылған ұрғашыдай.

      Мендегі көрік бөтен, желік бөтен,
      Ит құйрығын бұлғаса, еріп кетем.
      Кім білсін, апам мені көтергенде
      Есектің миына жерік пе екен?

      Ағажан, сөзіңізге татымайтын
      Ақымаққа қайтесіз ақыл айтып?
      Тартты, әне, ол мүйістегі шайханаға,
      Баса киәп кепкісін жапырайтып.

      Алғашқы махаббатқа хат

      Бір үмітке бір үмітті жалғадым,
      Көп-ақ екен бергенімнен алғаным.
      Заңғар көкке самғағаным не керек,
      Саған ұшып бармаған соң, арманым.

      Әнмен айтып балаңдығын, пәктігін,
      Көктем де өтті зорға басып аптығын.
      Күнде баққа қыдырғаным не керек,
      Сен қасымда болмаған соң, шаттығым

      Адасқанда

      - Әлі жүріп келеміз бе, ей?
      – Келеміз.
      - Өстіп жүріп өлеміз бе, ей?
      - Өлеміз...
      Құзар тауда біз адасып келеміз,
      Бір жылынып, бір суынып денеміз.

      Бақыт-бағдар - барлығы да белгісіз,
      Қап-қара түн, өзіңді өзің көргісіз.
      Мне нравится:
      11.03.2013, 18:38
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айгерим Караева
      М. Мақатаев "О, поэзия!"

      О, поэзия!

      "Поэзия, менімен егіз бе едің?
      Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
      Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
      Қарауытқан таулардан сені іздедім.
      Сені іздедім кездескен адамдардан,
      Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
      Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
      Сені іздедім жоғалған замандардан.
      Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
      Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
      Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
      Қызыл - жасыл шұғыла шашылганда,
      Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
      Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
      Арманымнан іздедім алып ұшқан.
      Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
      Сені іздедім жадырау,жабығыстан,
      Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
      Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен.
      Қуаныштан, түршигу,күрсінуден,
      Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
      Сені іздедім сезімге у шараптан да,
      Минуттардан іздедим, сағаттан да.
      Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
      Сені маған егіз ғып жаратқан ба?"

      Мне нравится:
      11.03.2013, 18:37
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220