Облыстық балалар қозғалысы жас көшбасшыларының «Келешек-2014» жазғы ауысымы
2014 жылдың 14 - 18 маусым аралығында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында облыстағы балалар қозғалысы жас көшбасшыларының белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, көшбасшыларға арналған оқу-жаттығу тренинг курстарын жүргізу мақсатында жас көшбасшыларға арналған «Келешек-2014» жазғы ауысымы өткізілген болатын. Ауысымды ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы, облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығы, «Жас өркен» балалар мен жастар ұйымдарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы.
«Келешек-2014» жас көшбасшылар ауысымына облыстық «Өркен» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткізілген балалар ұйымдарының слеті, семинар-тренингтер, форумдар мен байқауларға қатысып, облыстық, аудандық, қалалық және мектепішілік қоғамдық шараларда ерекше көшбасшылық қабілетімен көзге түсіп жүрген қалалық және аудандық мектептердің 7-9 сынып оқушылары қатысты. Сонымен қатар, ауысымға Алматы қаласы балалар қозғалысының белсенділері мен көшбасшылары қатысты.
«Келешек» ауысымы теңіз тақырыбында ұйымдастырылған болатын. Ауысым барысында көшбасшылық қабілетті дамытуға арналған тренинг ойындар, мәдени бағдарламалар, «Көшбасшы. Бұл кім?» интеллектуалдық ойыны, «Келешек» аралы экскурсиясы, «Оқиғаларды іздестіру» жіптік курс, «Келешек» аралының құписы» атты тәлімгерлердің концерті, «Алыс сапарға жүзу аңыздары», «Пираттардың теңіз айлағы», «Теңізшілердің Оскар сыйлығы» ойындары, старт-тинейджер, «Біз бәріміз – балалық шақ мекені» конференциясы, «Болашақ – біздің қолымызда» әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі, «Теңіз ертегілер» импровизациясы, квест ойыны, дискотека, «Бірге ойнайық!» ІІІ облыстық ойын-сауық бағдарламасының байқауы және т.б. көшбасшылық қабілетті дамытуға арналған шаралар өтті. Ауысымды «Өркен» қосымша білім беру орталығының әдіскерлері, «Жас өркен» жастар қоғамдық бірлестігінің жас көшбасшылары және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері жүргізді.
Жанна ГАБДУАЛИЕВА
Облыстық «Өркен» қосымша
білім беру орталығының тілшісі
Пікірлер