Доска объявлений

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ 5 жылдығына арналған «Бірлігі жарасқан Қазақстан» флэшмобы

28.05.2016, 12:54 | Комментариев: 0

Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. 

«Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. Халық бірлігі - ел азаматтарының, аға буынның жас ұрпаққа ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етуімен айқындалады. Сондықтан да балалар мен жасөспірімдерге еліміздің болашағы бірлікте, білімділік пен біліктілік, белсенділік пен өжеттік, табандылық пен патриоттық, Отанға және отбасына деген сүйіспеншілікте екендігін түсіндіру қажеттілігі туындайды. Осыған орай, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған біртұтас тату елде бірыңғай мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында түрлі шаралар өткізудің маңыздылығын ескере отыра «Бірлігі жарасқан Қазақстан» атты іс-шараны ұйымдастырып өткізді.

Бұл шара ү.ж. 20 мамыр күні Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы паркте сағат 16.00-де өткізілді.

Аталмыш шараның негізгі мақсаты көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Бұл іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі департаментінің 3 қызметкері, Астана қаласындағы мектептерден 30 аға тәлімгер, 70-тен астам жасұландықтар мен ұланбасылар, 15 ұйым еріктілері қатысты.

Іс-шараны «Жас Ұлан» ұйымы Төрайымының орынбасары Айнұр Бектемирова ашып, алғашқы сөзді ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі департаментінің қызметкері Оралова Гүлнарға берді.

 

Іс-шара барысында Ұйым еріктілері өз өнерлерін көрсетіп, өздері дайындаған билерін биледі.

 

Бұдан соң қатысушыларға қағаздар таратылып, олар өз қолдарымен қағаз кеме жасады. Білмейтін адамдарға сол жерде Ұйым төрайымының орынбасары Александр Тен шеберлік сағатын өткізіп, қағаз кемелердің қалай жасалатынын көрсетті.
 
 


 


Қағаз кемелер дайын болған кезде Есіл өзеніне Қазақстанда бейбіт өмір сүріп жатқан 120-дан астам ұлт өкілдерінің санына орай 120 түрлі-түсті қағаз кеме жіберілді.

 


 

Аталмыш іс-шара балалардың идеялық және рухани-мәдени қалыптасуын тереңдетуге; тұрақтылықты, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға; қоғам санасына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын сіңіруге; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді деп сенеміз.

 

Комментарии

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.