Доска объявлений

І-ші "Жас Ұлан - Жарқын болашақ" облыстық слеты

20.11.2012, 17:46 | Комментариев: 0

«Көшетін бабалар отырғызса,
көлеңкесін ұрақтары пайдаланады»

Күнделікті өмірде ешкім адам үшін ағаштардың маңыздылығы туралы ойланбайды. Негізі ойлану керек... Себебі, ғажайып табиғаттың жаратылыстары жайқалған ағаштар бізге көп нәрсе сыйлап, орнына ешнәрсе талап етпейді – аптап күннің арасында көлеңке, тәтті жидек, өмірлік маңызы бар оттегі және Отанымыздың нағыз әсем көрінісі.

Бірақ, өкінішке орай 21 ғасырға ормансыздандыру тән, яғни орманмен алынған жердің қырға, жайылымға, қалаларға айналып бара жатқандығына куә болудамыз. Бұл процесс өзімен бірге су басу, ғаламдық жылу сияқты қайта айналып келмейтін өзгерістер алып келуде.

Сондықтан да, бүгіннен бастап қоршаған ортаны қоғау үшін «Жас Ұлан» ұйымының кеудемсоқ және дарынды мүшелері жұмыс бастайды. 2012 жылдың 21 қарашасы Қызылорда облысының  № 264 мектебінде Облыстық білім басқармасы «Жас Ұлан» ұйымымен бірге І-ші «Жас ұлан - Жарқын болашақ» облыстық слет ұйымдастыруда. Іс-шараның салтанатты түрде ашылуы жаңадан ашылған «Жас ұлан» аллеясында жасөспірімдердің ағаш отырғызуымен басталады. Сонымен қатар, онлайн-конференция, семинар, «Кітапқұмар» акциясының қортындысын жасау, ең үздік тәлімегерлерді марапаттау жоспарлануда.

Жасөспірімдердің ниетін колдағандарыңыз үшін – мың алғыс!

Уақыты: 21 қараша 2012 жыл
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, №264 мектебі
Ұйымдастырушылар: Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» ББЖҰ, Қызылорда облысының Білім басқармасы

Телефон:
8 701 671 77 67

Комментарии

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.