Жеңіс күніне орай «Ешкім де ұмыт қалмайды» атты байқауы өтті
Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында 15 мамыр күні Жеңіс күніне орай театрлық труппалар арасында «Ешкім де ұмыт қалмайды» атты байқауы ұйымдастырылды.
Шара өткізілуінің бас мақсаты дарынды жастарға қолдау көрсету арқылы жас таланттарды анықтап, театрлық сахнада өнер көрсететін жастарды қолдау және де қазақ халқының ұлттық дәстүріне деген жастардың қызығушылығын арттыру болды. Мерекелік байқауға Панфилов ауданы, Көксу ауданы, Қаратал ауданының өнерпаз жастары қатысты. Жастар соғыс кезіндегі ауыл көрінісі, бейбітшілік үшін күрескен майдангерлердің басынан өткергендері туралы көрініс көрсетті.
Қанша боздақтарымыздың қанымен, жанымен қол жеткізген Ұлы Жеңіс күнін, соғыс кезіндегі өмірді шебер көрсете білген Панфилов ауданының өрендері жүлделі 1 орынды алды. Жеңімпаздарға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Комментарии
өте керемет қолға алынған жәйіт. Дегенмен, тек жеңіс күндері емес, басқа уақыттарда да үнемі өткізіп тұру керек сынды.