Жаңалықтар

«Jas.Qz» Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпыұлттық жастар жобасының» Батыс Қазақстан облысы жастары арасында өткізілетін үздік брендбук байқауы

30.06.2018, 9:00 | Пікір: 0

Байқаудың мақсаты

Жалпыұлттық жастар жобасының негізгі имидж өнімдерін, айшықты белгілерін жастардың көзқарасын ескере отырып қалыптастыру және жастардың қызығушылығын ояту.

Байқау шарттары

Байқау мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі.

Байқауға қатысуға Батыс Қазақстан облысының 14-29 жас аралығындағы қатысу үшін бекітілген үлгідегі өтінім (1 қосымшаға сәйкес) жіберген кез-келген жас шақырылады.

Байқауға қатысу үшін жіберу керек:

1) қатысушы портфолиосы (фотоматериалдармен, фотоколлаждармен, фотоальбомдармен     толықтыру құпталады);

2) жалпыұлттық жастар жобасына бағытталған брендбук материалдары (2 қосымшаға сәйкес).

 

Ескерту: Жұмыстар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

 

Басқа авторлардың материалдары мен ғаламтордан алынған материалдарды қолдануға тыйым салынады.

 

Толығырақ ақпарат алу үшін қосымшаны жүктеп алыңыз

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.