Жаңалықтар

"Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының облыстық "Жайық ұландары - болашақ қырандары" слеті

11.06.2013, 17:00 | Пікір: 1

17 мамыр күні "Дарын" қосымша білім беру орталығының базасында облыстық "Жайық ұландары-болашақ қырандары" слеті өткізілді. Қатысушылар саны 90 адам.

         Слетке Ақжайық ауданы, Бөкей ордасы ауданы, Бөрлі ауданы, Жаңақала ауданы, Жәнібек ауданы, Казталов ауданы, Қаратөбе ауданы, Сырым ауданы, Тасқала ауданы,Теректі ауданы, Шыңғыралау ауданы, Орал қаласының "Жас Ұлан" ұйымдары қатысты.

         Слеттің негізгі мақсаты облысымыздағы балалар ұйымдарының дамуына қолдау көрсету, патриоттық тәрбиені дамыту, "Жас Ұлан" ұйымы жұмысын насихаттау.

         Слет бес аталым бойынша жұмыс жасады. "Жас ұлан, достарын шақырады" бөлімі бойынша қатысушылар ұйым жұмысын насихаттау бағытында үгіт топтарының шығармашылығын көрсетсе, "Біздің жетістігіміз-еліміздің жетістігі" бойынша дайындап келген бейне роликтерін ортаға салды. "Лезде дайын бол" аталымы бойынша берілген тапсырмаларға жауап беріп шешендік өнерлері мен тапқырлықтарын байқатты. Түстен кейін "Білеміз, үйренеміз, жасаймыз" тақырыбында өткен шеберлік сыныптарына қатысушыларымыздың тыңғылықты дайындалғаны байқалды. Әсіресе, Ақжайық ауданы оқушыларының дайындаған "Фейс-Арт" жұмысы көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар "Жас тілші" аталымы бойынша жас тілшілеріміз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Қазылар алқасы әрбір аталым бойынша үздіктерді анықтады.

         Слет аясында халықаралық сенім телефоны күніне орай "Сенім телефоны" акциясы ұйымдастырылып сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, көптеген ұжымдық топтастыруға арналған ойындар көрсетілді.

    

     Слет қорытындысы бойынша әрбір аталымдар бойынша орындар берілді. "Жас Ұлан достарын шақырады" аталымы бойынша І орын Жаңақала ауданы иеленсе, ІІ орынды Бөкей ордасы және Орал қаласы жеңіп алып, ІІІ орынды Сырым, Шыңғырлау, Тасқала аудандары өзара бөлісті. "Лезде дайын бол" аталымы бойынша І орынға Орал қаласы, ІІ орынға Казталов, Ақжайық аудандары, ІІІ орынға Теректі, Қаратөбе, Жаңақала аудандары иеленіп, "Бейне роликтер" аталымы бойынша І орынды Бөрлі ауданы, ІІ орынды Орал қаласы және Шыңғырлау ауданы, ІІІ орынды Ақжайық, Жаңақала, Сырым аудандары жеңіп алды. Ал,  "Жас тілші" аталымы бойынша  І орынға Бөкей ордасы ауданы, ІІ орынға Жәнібек, Бөрлі, ІІІ орынға Тасқала, Шыңғырлау, Сырым аудандары ие болды. Шеберлік сыныптары аталымы бойынша І орын Ақжайық ауданның, ІІ орын Теректі, сырым аудандарының, ІІІ орын Казталов, Қаратөбе аудандарының және Орал қаласының "жас ұландықтарына " берілді. Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының алғыс хаттары, дипломдары мен сыйлықтары берілді. Облыстық "Жас Ұлан" ұйымы атынан алғыс хаттар табыс етілді. 

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
  • Бекарыстан Аманжолов

    Оралдық жас ұландықтар, бағынджырған белестеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Жас ұланның ақ туын тек биікте шалқыта бергейсіздер!

    12.06.2013, 11:59
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.