• 90527 ұпай

ДОСТАРЫМ

137 дос

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    3 ойын

    • 0
      ШИРОКА РЕКА
    • 0
      Елена_Ваенга_-_Снова_стою_одна
    • 0
      сырым исабаев - сагынамын_
    • 0
      Наби...-мумкiн емес...
    • 0
      Тау сезим
    • 0
      18-K.Nurtas-unsiz mahabbat__• [[ DJ AzA $ ErLaN ]] • __
    • 0
      Ауыл комедия
    • 0
      Erke kyz+Казбек коке
    • 0
      !002. yerbolat & ШоХан - Астана [www.kazhit.com]
    • 0
      Êàíà__Øàìøûðàãûì_(audiopoisk.com)
    • 0
      027 Bari alda - Jybanysh Jeksenuly
    • 0
      кешир-жаным.
    • 0
      k_umbetov_-_id_293273981_-_k_umbetov_-_id_293273981_mp3dor.ru
    • 0
      Мейрамбек+Беспаев+-+йЁМЮКЮЛЮ+(music.nur.kz)
    • 0
      ! Aray_toby___ozin_gana
    • 0
      ! Jigitter - Ainaldim elim
    • 0
      05-Asan Seni gana___• (( DJ AzA-2011-ErLaN )) • __
    • 0
      17..Асан Пердешов - Жубатасын ба(dj_lord)
    • 0
      06-Mirambek-senushin jaralgandaimin__• [[ DJ AzA $ ErLaN ]] • __
    • 0
      ! Aset karabalin - Kol jetpes Arman (Zaman tobi)
    • Арал Арал
      Қалайсыз мен сізге тек қана алға деп айтқым келді.Тағы да аралға келетін ойыңыз барма?
      Маған ұнайды:
      19.12.2013, 7:05
      Предыдущие 6 комментариев
      Бекарыстан Аманжолов
      аманшылық алла жазса барып қалармын
      21.12.2013, 11:21
      Арал Арал
      аха
      21.12.2013, 11:49
    • Бекарыстан Аманжолов
      Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады

      «Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады» - я, Астана қалалық саябағында өткен «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның атауы осылай болатын. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға қала мектептерінің оқушылары, жас ұлан ұйымының белсенділерімен ұйым көшбасшылары қатысқан болатын. Акция барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындауы міндетті болды. Берілген тапсырмалар соңында көңілді эстафета мен қызықты ойындарға ұласқан аталмыш шара жас ұландардың жүзіне күлкі үйрілтіп, зор қуаныш сыйлады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көңілдерінен нұр шашыраған әрбір жас ұландық шынайы шаттықтың кемеріне енген болатын. «Көшбасшы», «Қызыл өрік», «Алоха» мен «Бемз» сынды төрт топқа бөлінген білімпаз жастар түрлі сынақтарда өз білімдерін көрсетті. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болып, ерекше білімпаздығымен дараланған «Алоха» тобы жүлделі І орынды еншілеген болатын. Өздерінің қызықты да тәтті қылықтарымен ерекшеленген «Қызыл өрік» тобы ІІ орын еншілесе, «Бемз» бен «Көшбасшы» топтары ІІІ орынды місе тұтты. Көңілді де қызықты ойындар мен қызу бидің шырайын шығарған ұландар ойындағы жеңістен гөрі көкіректеріндегі жылу мен рухтарының асқақтағандарын сезініп, одан асқан жеңіс болмасына бек сенімді болды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Елордамызға деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббатырын жасыра алмаған ұландардың жүздеріндегі күлкілері еш тыйылмады. Кіршіксіз жүректердің кір шалмас саналарында тазалықтың негізі сіңген әр ұлан - болашақта табиғатымыздың әр тасымен әрбір тамшы суының қадірін ұғып, олардың тазалығы жолында аянбай еңбек етеріне сенім білдіреміз. Себебі, табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады.

      Аманжолов Бекарыстан
      Маған ұнайды:
      08.07.2013, 11:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • Temirlan Abdisadik
      salem jas ulannin jigitteri
      Маған ұнайды:
      24.05.2013, 8:57
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      Қымбат маған...

      Қымбат маған Алаш жұртым, қазағым,
      Бастан кешкен сан тарихтың азабын.
      Қымбат маған отты, рухты ерлерім,
      Көрген талай құзғындардың мазағын.

      Қымбат маған нұрын төгер ақ таңым,
      Бөленетін сол бір нұрға бақтарым.
      Қымбат маған туып –өскен ауылым,
      Ауылымда өткен балғын шақтарым.

      Қымбат маған дара шапқан тұлғалар,
      Тұлғаларым өзен бойлар жылғалар.
      Қымбат маған кең пейілі қазақтың,
      Өзгені ойлап өз асынан құр қалар.

      Қымбат маған Тәуелсіздік, айбыным,
      Ол болмаса атпай тұғын ай – күнім.
      Қымбат маған салт – дәстүрім, өнеге,
      Салт -дәстүрім сарқылмайтын байлығым.

      Қымбат маған ұлықтаған ұлылар,
      Ұлылардан үлгі – өнеге құрылар.
      Қымбат маған асқар тауым, шыңдарым,
      Бел жағалап, бұлттар сонда тығылар.

      Қымбат маған өзен, көлім, су, тасы,
      Су жағалап жайылатын ботасы.
      Қымбат маған кең жазира ен далам,
      Ен даламның жасыл кілем, жотасы.

      Қымбат маған өз отбасым, тірегім,
      Ал тірегім, кеудемдегі жүрегім.
      “Аман болғай маған қымбат даралар”,
      Қымбат әр бір ақ таңымда тілерім.
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 5:24
      Предыдущие 6 комментариев
      Қуат Бейсенбай
      Ке ре мет,,Бекарыстан мырза 8 қырлы 1 сырлы екендігіңіз байқалып тұр
      09.04.2014, 15:03
    • Бекарыстан Аманжолов
      Кездерім бар...

      Кездерім бар құздардан жығылатын,
      Өз – өзіммен ұрынып, тығылатын.
      Өлең менен жалығып кей сәттерде,
      Менен өлең мен одан тынығатын.

      Кездерім бар жырлармен сырласатын,
      Шумақтармен еріксіз мұңдасатын.
      Ұйқастармен алысып таң атқанша,
      Құдіретімен өлеңнің құз басатын.

      Кездерім бар түнменен сөйлесетін,
      Жұлдыздармен қуана тілдесетін.
      Сырымызды біздердің тыңдамақ боп,
      Ай қарайтын, кей сәтте желде есетін.

      Кездерім бар қайғымен алысатын,
      Құлагер боп мұңменен шабысатын.
      Сүрінгенде сан мәрте биіктерден,
      Қуаныш пен жыласып, табысатын.

      Кездерім бар жүретінде айтақтай,
      Алып ұшып, жүрегімде жәй таппай.
      Ренжіскенде шаттық кетіп қасымнан,
      Езуімде жиылатын байқатпай.

      Кездерім бар мына өмірден жалығар,
      Шабыт қысып, демім жетпей тарығар.
      Жүрегімде ала – дүлей дауыл боп,
      Тіл байланып, сөз қатудан қағылар.

      Кездерім бар сағынатын өткенді,
      Еске алатын, мың жығылған өткелді.
      Өткендерім кетсін мейлі сағым боп,
      Есіме алып жыламаймын текке енді...
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 5:23
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      Ата – анам,
      Өзіңнен жолыма бата алам,
      Өзіңсің қорғаған сан қауіп, қаталдан,
      Қалдырмай келесің қатардан.
      Құрметтім,
      Барыңда жоқтықты көрмеппін,
      Сен барда биікке өрлеппін,
      Сен барда қайғыны білмеппін.
      Ардақтым,
      Бабамның жолында жалғаттың,
      Қатерден сан мәрте қорғадың,
      Жанымыз тұрғанда ұшында қармақтың.
      Шуағым,
      Сыйлаған өмірдің шуағын,
      Шөл кезіп, су таппай қиналсам,
      Зәмзәмім, өзіңсің бұлағым.
      Аяулым,
      Жаныма жуытпай келесің қаяу – мұң,
      Жолыңда қасық қан, жан пида,
      Жанымды беруге даярмын.
      Тірегім,
      Сендер деп соғады жүрегім,
      “Ата – анам болса екен бақытты,”
      Алладан тек осы тілерім.
      Қорғаным,
      Ісімді әрдайым қолдадың,
      Өзіңе алғысым ретінде,
      Жыр – шумақ, әнімді жолдадым.
      Жыр үнім,
      Тілеген жеңісін ұлының,
      Бүгінде сендерге жыр арнады,
      Баптаған ұлдарың, құлының,
      Баптаған ұлдарың, құлының!


      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 5:15
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      Қайран шала қазағым....

      Кез –келген дамыған елдің алдыңғы шартта өз тарихы, тілі, діні, тұрақтылығы мен толеранттылығы, содан соң экономикалық жетістігі болуы тиіс. Осы шарттардың бірі орындалмаса, ол мүгедек адам сынды. Қарапайым түрік мектептері сабақтарды тек түрік тілінде жүргізсе, Перуліктер мемлекеттік тілді білмегендіктерге айыппұл салады. Осындай алғы шарттар мен олар өз тілдерін сақтап қалуда. Тіпті көршілес, өзіміз баспана салдыртып, рахатын көріп жүрген өзбек халқы жиырма жылдың ішінде бір ретте болсада тіл мәселесін көтермеген. Енді өзіміздің ұшқан құстың қанаты талып, шапқан жүйріктің тұяғы шалынар алып Қазақиямызға келейік. Дамыдық, жетілдік, өзгемен терегеміз тең болды деп айқай салатын біз, тіл мәселесіне келгенде ол тараудың бетін жылы жауып қоятынымыз бар. Бұл күндері кез – келген кісінің аузынан қарапайым “привет, да так, да ты что, салемчик” деген сөздерді естиміз. Қарапайым қара көз бауырларымыздың арасында жаны қазақ, қаны қазақ бола тұра ана тілінде шала сөйлейтіндер жетерлік. Тіпті кей мекемелерде қазақша білмей, қазақтың қамын жейтіндерде бар. Алып Қазақстанда 67% пайыз тұрғын ғана қазақша сөйледі екен. Ал енді ойланайық, халқының көбі қазақтардан құралатын бұл мемлекетте тек осынша пайызы ғана өз тілінде сөйлейді. Сонда біз қалайша өз тілімізді көтермекшіміз, егер өзіміз ана тілімізді шала сөйлеп жүрсек. Я, қазағым жағдайымыз тамаша деп айта алмаймыз. Біз қызық болсын деп бірнеше бала бір күнде кім қанша орысша айтатын, яғни орысша сөздерді қолданатынын сынап көрдік. Сонда өз – өзімізден ұялдық. Бір – біріміздің аузымызды аңдып, айтпаймын дегеннің өзінде әр қайсымыз 134 рет орысша сөз қолданыппыз. Сонда бұл әдет боп кеткен бе? Не деген масқара! Өз – өзімізден ұялғандықтан бір сағат үнсіз отырдық. Бірақ бір жағынан 70 жыл Кеңес Одағында болып, атеистік көз қарасқа үңіліп қалған бізге, бұл кешірімді де шығар. Сонда бізбен көршілес, бізбен бірге тәуелсіздік алған мемлекеттер қалайша бұл кеселден арылды? Қалайша оларда осы жиырма жыл ішінде бірде – бір рет тіл мәселесі тумады? Тоқ етері қателік өзімізден екен ағайын. Елбасымыз осы кеселді түбегейлі жою мақсатында арнайы бағдарлама қабылдады. Ендігі үміт сонда. Бірақ қанға сіңген бәледен арылу оңай емес. Сондықтан жас достар өз ана тілімізді былғамай, таза сөйлейік!
      Маған ұнайды:
      20.04.2013, 19:07
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      сәуірдің 11 жұлдызында өткен "тұғырлы елдің көреген көшбасшылары" атты облыстық жас көшбасшылар арасында өткен интеллектуалды сайыста бас жүлде жеңіп алдым, атаулы шарада аға буын өкілдерінен оза шапқаныма өте разымын...
      Маған ұнайды:
      13.04.2013, 16:40
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      үстіміздегі жылдың 11 сәуірінде орталық сайлау коммиссиясының өкілдерімен дөңгелек стол өткен болатын. аға буын өкілдерімен өткен бұл жиынға қатысып, сайлау жайлы мол ақпарат алғаныма шыны керек өте қатты разымын.
      Маған ұнайды:
      11.04.2013, 18:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      Қызылорда қаласында Жастар қауымдастығымен бірлесе отырып "темекіні таста, жаңа өмірді баста" атты денсаулық акциясы өткен болатын.
      Маған ұнайды:
      08.04.2013, 9:04
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      әлемді аузына қаратқан Азияданы күткен сәтім есімнен кетпейді: 40градус суықтық, дала боран, сол боранда қолғапсыз далада туды желбіреткенім, басыма кепка киіп, құлағымның үсіп қалып, артынан 2 жеті тұммауратқаным-ай! дегенмен азияда алауын сыр елінде алғашқылардың бірі болып көру құрметіне ие болдым.
      Маған ұнайды:
      08.04.2013, 9:01
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      осы үш сөз өмір негізі
      Маған ұнайды:
      22.03.2013, 10:48
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      қазақ қайсар халық!
      Маған ұнайды:
      22.03.2013, 10:44
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      балалар - өмір мәні.....
      Маған ұнайды:
      22.03.2013, 10:43
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      18 наурыз күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың облыс көшбасшыларымен өткен дөңгелек столға қатыстым. жиын өте қызықты өтті.
      Маған ұнайды:
      20.03.2013, 11:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      құрметті әлеумет келе жатқан мейрам құтты болсын!


      Маған ұнайды:
      20.03.2013, 8:50
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      Қазақстан Республикасы
      Қазақстан Республикасы – президенттікбасқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.
      Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
      Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.
      Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.
      Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің қамтамасыз етілуі қажеттігі ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік етеді.
      Әкімшілік-аумақтық құрылымы бойынша ел 14 облыс және республикалық маңызы бар 2 қалаға бөлінеді:
      1. Астана – республикалық маңызы бар қала
      2. Алматы – республикалық маңызы бар қала
      3. Ақмола облысы
      4. Ақтөбе облысы
      5. Алматы облысы
      6. Атырау облысы
      7. Батыс Қазақстан облысы
      8. Жамбыл облысы
      9. Қарағанды облысы
      10. Қостанай облысы
      11. Қызылорда облысы
      12. Маңғыстау облысы
      13. Оңтүстік Қазақстан облысы
      14. Павлодар облысы
      15. Солтүстік Қазақстан облысы
      16. Шығыс Қазақстан облысы
      Қазақстан тұрғындарының саны 2012 жылдың 1 қаңтарында 16 млн. 675 мың адамды құрады. 2009 жылғы ұлттық санақ бойынша Қазақстан қоғамының ұлттық құрамы төмендегідей болды:
      • Қазақтар - 63,07 %
      • Орыстар - 23,70 %
      • Өзбектер - 2,85 %
      • Украиндар - 2,08 %
      • Ұйғырлар - 1,40 %
      • Татарлар - 1,28 %
      • Немістер - 1,11 %
      • өзге ұлттар - 4,51 %
      Қазақстан Еуразия құрлығының ортасында орналасқан. Алып жатқан жер көлемі 2 млн. 724,9 мың шаршы шақырым, еліміз әлем елдері арасында аумағы бойынша тоғызыншы орында. Солтүстігі мен батысында еліміз Ресеймен – 7 591 шақырым (әлемде құрғақтағы ең ұзын үзіліссіз шекара), шығысында Қытаймен – 1 783 шақырым, оңтүстігінде Қырғызстанмен – 1 242 шақырым, Өзбекстанмен – 2 351 шақырым және Түркіменстанмен – 426 шақырым шекара арқылы шектеседі. Құрғақтағы шекарасының жалпы ұзындығы – 13 200 шақырым. Оған қоса, республиканың құрлық ішіндегі теңіздері – Каспий және Арал теңіздері бар. Қазақстан – Әлемдік мұхитпен тікелей жалғаспайтын әлемдегі ең ірі ел.
      Ел аумағының ауқымды бөлігін – 44%-ын шөлдер және 14%-ын шөлейтті жерлер алып жатыр. Далалық жерлер Қазақстан аумағының 26%-ын, орман-тоғайлар 5,5%-ын құрайды. Қазақстанда 8,5 мың өзен бар. Каспий акваториясының солтүстік-шығыс бөлігі республика шегіне кіреді. Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан арасында бөлінген. Қазақстанда үлкен және шағын 48000 көл бар. Оның ең ірілері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан және Алакөл.
      Мұхиттардан алыстығына байланысты елдің ауа райы күрт континентальды болып келеді. Қаңтардағы орташа ауа температурасы − солтүстікте -19 °C-дан оңтүстігінде -2 °C-ға дейін, шілдедегі орташа ауа температурасы − солтүстікте +19 °C-дан оңтүстігінде +28 °C-ға дейін. Жаз мезгілі ыстық және құрғақ, қысы суық және қарлы.
      Қазақстан Республикасы – экономикалық өсімінің негізгі көзінің бірі пайдалы қазбалар өндіру болып саналатын индустриялық ел. Еліміздің минералдық-шикізаттық базасы 5000-нан астам кен орнынан құралады, олардың болжамды құны ондаған триллион АҚШ долларына бағаланады. Республика әлемде мырыш, вольфрам және бариттің барланған қоры бойынша – бірінші орын, күміс, қорғасын және хромит қоры бойынша – екінші, мыс және флюорит бойынша – үшінші, молибденнен – төртінші, алтын қоры жөнінен алтыншы орын алады.
      Сонымен қатар, Қазақстан батыс облыстарда шоғырланған мұнай мен газдың айтарлықтай мол қорына ие. Ел жылына 80 миллион тоннадан астам мұнай және газ конденсатын алатын әлемдегі ірі мұнай өндіруші мемлекеттер қатарына жатады. 2020 жылға қарай өндірісті жылына 120 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстан анықталған мұнай қоры жөнінен әлемде 9-орында тұр. Оған қоса республикамыз ранг жөніндегі әлемдік табелде көмір қоры бойынша – 8 және уран қоры бойынша 2-орын алады.
      Дәстүрлі түрде елде ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан әлемдегі ең жетекші астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорттаудан да көш бастаушылардың бірі саналады. Егін шаруашылығы солтүстікте дамыған – егістіктің 70 %-ы бидай, арпа, тары сияқты дәнді және техникалық дақылдарға тиесілі. Елдің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіріледі. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің бауларымен, жүзімдіктерімен және бақша өнімдерімен де мәлім. Ауыл шаруашылығының жетекші саласы мал шаруашылығы болып саналады. Мал шаруашылығының негізгі бағыттары – қой, жылқы, түйе, ірі қара мал шаруашылығы және шошқа өсіру. Сонымен бірге, республикада құс шаруашылығы мен балық шаруашылығы да дамыған.
      Қысқа тарихи мерзім ішінде – тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастап елдің жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 16 есеге – 700 АҚШ долларынан 12 мың долларға дейін өсті. Бұл – тіпті қарыштап даму үстіндегі оңтүстік-шығыс азиялық «жолбарыстармен» салыстырғанда да ғаламат нәтиже. Британдық мамандардың бағалауынша, ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығындағы ең қарқынды 25 дамушы экономика арасынан Қазақстан тек Қытай мен Катарды ғана алға салып, 3-орын алады. Бүкіләлемдік банктің жіктемесіне сәйкес, республикамыз табыс деңгейі орташадан жоғары елдер тобына енді.
      Тәуелсіздік жылдары Қазақстанға 150 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды, бұл – Орталық Азияға салынған инвестицияның 70% мөлшері. Елдің алтын-валюта резерві 2012 жылғы 1 маусымда 85 миллиард АҚШ долларына тең болды, оның 50 миллиард доллардан астамы Ұлттық қорға тиесілі.
      Кәсіпкерлік жүргізу шарттары бойынша Бүкіләлемдік банк рейтингінде Қазақстан 2011 жылы барлық ТМД елдерінен озып, 47-орын алды. Ал Менеджментті дамытудың халықаралық институтының (ІМD) жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде республикамыз 2011 жылы Индонезия, Түркия, Италия және өзге де көптеген елдердің алдына шығып, 36-орынға табан тіреді.
      Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2011 жылы 125 миллиард доллардан асты. Экспортталатын басты тауарлар – кен өндіру, отын-энергетика, металлургия және химия өнеркәсіптерінің, сондай-ақ астық индустриясының өнімдері. Республиканың сауда саласындағы негізгі серіктестері – Ресей, Қытай, Еуропа және ТМД мемлекеттері.
      Экономиканы әртараптандыру шеңберінде елде Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаға сәйкес, бүкіл ел бойынша бұрынғы кәсіпорындар мен өндіріс орындары жаңғыртылып, жаңалары ашылуда.
      Қазақстан «Жаңа Жібек жолы» атты ауқымды жобаны жүзеге асыруда, ол елдің құрлықтағы басты байланыстырушы буын ретіндегі тарихи рөлін жаңғыртып, оны өңірдің аса ірі іскерлік және транзиттік хабына – Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік көпірге айналдыруға тиіс. Осы мега-жобаны іске асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай республика арқылы өтетін транзиттік жүк ағыны 2 есе дерлік өсіп, одан әрі жылына ең азы 50 миллион тоннаға жетуі тиіс.
      Елдің айрықша әсем ландшафттық байлығы мен бірегей мәдени-тарихи мұрасын дамудың жаңа мүмкіндіктерінің айналдыра алатын Қазақстанның туристік кластері де айтарлықтай әлеуетке ие болып отыр.
      Елде жаппай әлеуметтік жаңғырту жұмыстары жасалуда – жаңа мектептер, кәсіптік колледждер және университеттер салынуда, заманауи медициналық емхана мен ауруханалар ашылуда, халықты әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдірілуде.
      Қазақстан – Ұлы дала көшпенділері мемлекеттік құрылымдарының тарихи мұрагері болып саналатын және біртіндеп олардың баста геосаяси мұратын – Еуразиядағы ықпалдастыққа, бейбітшілік пен жасампаздықтың біртұтас кеңістігін қалыптастыруға ықпал етуді жүзеге асырып келе жатқан, өзіндік төлтума мәдениеті мен тарихы аса бай ел.
      Бүгінгі таңда республикада 130 этнос өкілі өмір сүреді, ұлтаралық қарым-қатынастардың үйлесімділігі жөніндегі консультативтік-кеңесшілік орган – Қазақстан халқы Ассамблеясы табысты жұмыс жасауда. Астанада 2012 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі өтті, оның жұмысына шамамен әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты. Жыл сайын 2008 жылдан бастап Астана экономикалық форумы бүкіл әлемнің жетекші экономистерінің, талдаушылары мен сарапшыларының басын қосып келеді. Астана мен Алматыда 2011 жылдың басында Қысқы Азия ойындары табысты өтті. Ел құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.
      Еліміз Орталық Азиядағы көшбасшы бола отырып, өңірдегі тұрақтылықтың нығаюына үлкен үлес қосуда. Республикаәлемдік деңгейде де зор табыстарға қол жеткізіп келеді. Мұны Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі мен 2010 жылғы желтоқсан айында Астанада осы беделді халықаралық ұйымның саммитінің өтуі дәлелдейді. АӨСШК – ЕҚЫҰ-ның азиялық баламасы жобасын іске қосу елдің маңызды бастамасына айналды. Қазақстанның ислам әлемдегі жетекші ұйым – ИЫҰ төрағасы ретіндегі жасампаз қызметі де оң баға алды. Сонымен қатар, еліміз жаһандық антиядролық қозғалыста жалпыға мойындалған көшбасшы болып саналады. Жалпы, Қазақстан бүгінде халықаралық іргелі ұйымдар – ТМД, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және өзге де ұйымдар аясында түрлі әріптес мемлекеттермен өзара белсенді ықпалдастық жүргізуде.
      2010 жылғы шілдеде Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағы, ал 2012 жылғы 1 қаңтардан Біртұтас экономикалық кеңістік жұмысын бастады. Бұл бірлестіктер мүше мемлекеттердің экономикасының тиімді дамуына және тұрғындарының тұрмыс деңгейін тауар, қызмет, қаржы және адам капиталының үш ел шекарасы арқылы еркін қозғалысы қағидаты негізінде арттыруға бағытталған.
      Экономиканың барлық саласындағы тұрақты өсім, халықаралық деңгейде мойындалу, саяси тұрақтылық қазіргі Қазақстан қоғамының өсіп-өркендеуінің негізіне айналып отыр. Бүгінгі Қазақстан – өз топырағының асыл дәстүрлерін ардақ тұтатын, кемел болашаққа қадам басқан жасампаз ел.
      Маған ұнайды:
      20.03.2013, 7:58
      Предыдущие 6 комментариев
    • Бекарыстан Аманжолов
      Ұлтты әбігерге салған ҰБТ....

      Бүгінгі күні қоғамды толғандырып, санамызды сан тарапқа жетелеген өзекті мәселелер жетерлік. Солардың бірі және бірігейі-Ұлттық бірыңғай тестілеу. Оқушылардың он бір жылдық білімін сынауға арналған бұл жүйе бұл күнде қоғамға керек пе? Міне, осы сұрақ талайдың көкейін тесіп, өзегін өртеуде. Елімізге ХХІ ғасырдың басында келген бұл жүйе әр оқу жылының соңында өзіндік сыйын ұсынуда. Я, мені дұрыс түсіндіндіңіздер. Өзіндік сыйы бар. Алғашқы жылдары шпорлар, ұялы байланыс құралдары өршіп кетті. Мұнан соң психологиялық тұрғыдан сыну, жылау, талып қалу сынды жәйіттер белең алды. Тіпті, үйреншікті жағдайаттарға айналды. Оқушының болашағына бірде балта шауып, бірде бағын ашар бұл сынақ бұл күнде ойын аппаратындай болып кетті. Жүз жиырма бес сұрақ оқушының білімін тексеруге жете ме? Ол оның бар білімін, зейінін айқындап бере ала ма? ҰБТ дегенді естіп оқушылардың көбі 9 сыныптан соң орта арнаулы оқу орындарына түсуде. Әрине, ҰБТ-дан қорыққандықтан. Ал ҰБТ-ға қалып, сол сынақтан өтем деген өрендер қыл көпірде тұрғандай күйде болады. Қобалжу, ұйқысыздық, мазасыздану, уайым жеу, абыржу т.с.с. Осындай қасиеттер 11 сыныпта оқитын жас түлектердің 99% белен алуда. Шыны керек атқа мінер ағайындар білімді оқушылар бұл сынақтан мүдірмей өтеді дейді. Соған ант-су ішіп, ақталады. Ал сонда биылғы төмен дәреже қайда қалмақ? Алтынды ақтай алмай өз-өзіне қол жұмсап жатқан, яки сондайға бармақшы болып, аман қалған өрендер ше? Осы ҰБТ-ның негізін салған АҚШ-тың өзі бұл күнді осы жүйеден бас тартуда. Ал біз сонда енді не істемекпіз? Рас, ол озық үлгі, керемет жүйе. Дегенмен 3000 сұрақты жаттап, жоғарғы балл алуда оңай емес шығар. Алайда мұнда білім емес, есте сақтауың жақсы болса болды. Осы бір құйтырқы жүйенің кесірінен жас түлектер таңдаған мамандығы бойынша емес, грантқа түсер салаға ойысады. Енді болашаққа көз жүгіртейік. Арада бірнеше жыл өтті. Жас түлек өзі қаламаған мамандық бойынша оқу оқып, оны бітірді. Сонан соң ол мамандық бойынша емес, өзге жұмыс жасап кетті, я кондуктор, болмаса тазалақшы бола шығады яки көше кезіп, ішімдікке салынып кетеді. Сонда болашақта елдің дамуына қандай мамандар атсалыспақ? Қазақстанның болашағы кімнің қолында болмақ? Осы сұрақ өзекті тесіп қала бермек. Сонда да көпке күл шашпайық. Білімін бәйгеге салып, межелеген баллын алып жатқан оқушылар қаншама. Олардың өздері бір жыл бойы ұйқы көрмегендіктерін, тіпті бірнеше мәрте көз сығып, жылап алғандығын айтып, бірде қуана еске алса, бірде тітіркене сөйлейді. Тіпті, ұстаздар қауымының көбі дерлік оқушыларға сабақ үйретудің орнына, тестің жауабын қалай белгілеп, тестті оңай жаттаудың жолдарын үйретуде. Бұл күнгі қоғамды әбігерге салып, жұртты дүрліктірген бұл ҰБТ қашан тоқталмақ яки өзгермек? Болмаса осы бір елге жат сынақ түрі жастарымыздың зәре – құтын қашырып, рухын сындырып, шыдамын тексере бермек пе? Жас түлектің талайының тағдырын шешіп, болашаққа бағыт беріп отырған бұл сынақ әлі мыңдаған жасты өксітіп, мыңдаған жастың болашағына балта шабары сөзсіз. Дегенмен атқа мінер ағайындар бұл мәселеден құтылар жол табар деген ойдамыз. Ұлтты әбігерге салған ҰБТ ұлттық рухымызды сөндірмесе болғаны. Білімнің кемесіне мінген жас түлектер, ҰБТ ұран емес, одан өмір бітпейді. Сондықтан сабырдың салмақтысын ескеріп, өз білімдеріңе сенгейсіңдер, ал ҰБТ-ға келсек, ол әлі ондаған жыл бойы ұлтты әбігерге салары сөзсіз.
      Маған ұнайды:
      20.03.2013, 7:40
      Предыдущие 6 комментариев
      NAZYM amantaikizi
      salem men senin pikirine kosilam jali ..YBT-`YLTIN BOLAWAGIN TEJEY `DEGEN
      27.04.2013, 6:29
    • Бекарыстан Аманжолов
      Бұл күні қоғамда адамдар жалқаулықтың түбіне жеткен. Тіпті саләм, саламатсыз ба деген кәдуілгі сәлемдесуге жауап қатпайды. Бұл кісі менсінбеушілік пе, болмаса жауқаулық па?
      Маған ұнайды:
      18.03.2013, 6:50
      Предыдущие 6 комментариев
      Айжан Реймова
      жақсы адам сәлеміңді міндетті түрде алады. Ал сәлемінді алмайтын адамды мен кісіні менсінбеушілңк деп білем.
      26.10.2013, 14:17
    • Бекарыстан Аманжолов
      Қазақстанның табиғаты
      Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр.
      Географиялық зерттелу тарихы
      Еуропа мен Азия елдері арасындағы қарым-қатынастың көпшілігі (керуен жолдары, елшілік көштері, т.б.)ежелгі заманнан-ақ қазіргіҚазақстан аумағындағы жер арқылы өткен. Осыған байланысты Қазақстанның кейбір табиғи нысандары туралы жазба деректер өте ерте кезден белгілі болған. Мысалы, Геродот (б.з.б. 5 ғ.) Каспий теңізінің шығысында шексіз жазық өңір жатқандығын және оны массагеттердің мекендейтіндігін баяндаған. Птолемей (б.з. 2 ғ.) өз еңбектерінде Жайық (Dаіх), Жем (Rhymmus) және Сырдария(Jаxаrtеs) өзендері туралы мәліметтер келтірген.
      • 9 – 10 ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне толық сипаттама беріп, картаға түсірді және гректердің Әмудария мен Сырдарияөзендері Каспий теңізіне құяды деген топшылауын теріске шығарып, Арал теңізіне құятынын анықтаған. Арабтардың сол кездегі деректерінде Жайық, Жем, Сағыз өзендері аталған. 13 ғасырда Моңғолияға Италия саяхатшысы Плано Карпини және фламанд саяхатшысы Виллем Рубрук бастап барған елшілер өздері жүрген Қазақстан аумағындағы шөл, шөлейт аймақтардың қысқаша сипаттамасын берген. Олар өздерінің жеке бақылаулары негізінде Каспий теңізінің тұйық алап екендігі туралы маңызды геогр. мағлұматтарды жаңартып толықтырған және Алакөл,Балқаш көлдері, Тарбағатай, Жетісу Алатауы (Еренқабырға) жайында алғашқы деректер келтірген.
      • 15 – 17 ғасырлардағы Қазақстан туралы географиялық мәліметтер Ресей әдебиеттерінде жинақтала бастаған. Бұл мәліметтер Мәскеу мемлекетін және оған іргелес аумақтарды бейнелеген “Большой чертеж” (“Үлкен сызба”) картасында жүйеленген. 1627 ж. шыққан “Книга большого чертежа” (“Үлкен сызба кітабы”) атты еңбекте қазіргі республиканың батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінің біршама жерлеріне нақтылы сипаттама берілген. 17 ғасырларда Қазақ ордасына және Орта Азия хандықтары жеріне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулері жиілей түскен. Олардың Жайық өз. сыртындағы дала туралы мәліметтері жинақталып, “Чертеж всей земли безводной и малопроходной каменной степи” (“Бүкіл жері сусыз, өтуге қиын тастақты дала сызбасы”) деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С.Ремезов жазған “Чертежная книга Сибири” (“Сібірдің сызба кітабы”) атты орыстың тұңғыш геогр. атласы құрамына енген. Мұнда Қазақстан аумағының көпшілік бөлігі қамтылған. 18 ғ-дыҢ 30-жылдарынан 19 ғ-дың 60-жылдарына дейін созылған Ресейдің Қазақстанды отарлау үрдісі оның аумағының геогр. зерттелуінің сипаты мен барысына әсерін тигізбей қоймады. Бұл кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекеті билігін орнату және нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы әскери және ғыл. экспедициялар ұйымдастырылды.


      "Ертіс өзені"
      Ертіс өзені бойында бекіністер салуға және Жоңғар хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты Шығыс жәнеОңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық картаға түсіру ісі жүргізілді. Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий менАрал теңіздері жағалауында, Сарысу, Шу өзендерінің алаптарында картаға қарапайым түсірулер іске асырылды. Бұл түсірулердің нәтижесінде, бір жағынан, Қазақстанның жеке өңірлерінің тұңғыш ірі масштабты карталары жасалса, екінші жағынан, табиғат ерекшеліктері туралы ғылыми мәліметтер жиналды. Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғыл. еңбек П.И. Рычковтың 1762 ж. шыққан “Топография Оренбургская” (“Орынбор топографиясы”) атты кітабы болды. Қазақстанның геогр. зерттелу тарихында 1768 – 74 жылдардағы акад. экспедициялар ерекше орын алды. Ресейдің Ғылым және көркемөнер академиясының академиктері мен адъюнктері Қазақстанның Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы бөлігін, Маңғыстау түбегін, Ырғыз бен Торғай өзендерінің алабын, Есіл даласын, Ертіс маңы ойпатын,Кенді Алтайды және Қалба жотасын зерттеді.
      • 1820–21 жылдары экспедициялық зерттеулер нәтижесінде “Естественная история Оренбургского края” (“Орынбор өлкесінің табиғат тарихы”) атты 3 томдық еңбек жарияланды. Оның 1-бөлімінде Бат. Қазақстанның табиғат жағдайларына жалпы сипаттама берілді.
      • 19 ғ-дың 1-жартысында қазіргі Қазақстан аумағын зерттеуші экспедициялардың саны артты. 1827 жылдан 1872 жылға дейінгі аралықта Г.С. Карелин өлкені картаға түсірумен бірге әр түрлі аймақтардың (Каспий теңізі жағалауы, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы тауларының) жануарлар мен өсімдіктер дүниесінен коллекциялар жинады. Атақты неміс ғалымыА.Гумбольдт өзінің Алтайға жасаған саяхаты (1829) нәтижесінде “Центральная Азия” (“Орталық Азия”) деген көлемді еңбегін шығарды. 19 ғ-дың 30-жылдарына дейін Қазақстан туралы жиналған географиялық деректер А.И. Левшиннің “Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей” (“Қырғыз-қазақ не қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының сипаттамасы”) деген кітабында (1832) қорытындыланды. Бұл кітап Қазақстанның жері туралы берілген алғашқы толық географилық сипаттама болды.


      "Балқаш көлі"
      • 1840–50 жылдар аралығында Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан өңірлеріне Ресей ботанигі Л.И. Шренк саяхат жасады. Ол Жетісу Алатауына, Балқаш–Алакөл ойысының шығыс бөлігіне физикалық-географиялық сипаттама берді. 19 ғасырдың орта шенінде Арал (А.И. Бутаков) және Каспий (К.М. Бэр, Н.А. Ивашинцов) теңіздері жан-жақты зерттелді.


      "Алакөл көлі"
      1857 ж. Арал-Каспий атырабына императорлық Санкт-Петербург Ғылым Академиясы ұйымдастырған экспедицияға И.Г. Борщов пен Н.А. Северцов қатысты. Экспедиция жұмыстарының қорытынды деректерінің маңызы өте зор болды. Экспедиция жүмысының нәтижесінде Батыс Қазақстанның жер беті, геологиялық құрылысы, климаты, флорасы және фаунасы туралы нақты деректер кеңейді. Борщов “Материалы для ботанической географии Арало-Каспийского края” (“Арал-Каспий өлкесінің ботаникалық географиясына арналған деректер”) деген классикалық монографиясында Батыс Қазақстанды ландшафтылық-географиялық облыстарға бөлді.
      • 1856–57 жылдары П.П. Семенов (Семенов-Тян-Шанский) Тянь-Шань тауына өзінің әйгілі саяхатын жасады. Ол бұл сапарындағы зерттеу қорытындысында таулы өлкенің орографиясына (таулы жер бедері) жаңаша сипаттама беріп, тұңғыш рет биік тау ландшафтын анықтады. П.П. Семеновтың бұл сапарда ашқан аса маңызды жаңалықтарының бірі – Орта Азиядан тау мұздықтарының табылуы. Ғалымның осы жолғы еңбегі Орта Азия мен Қазақстанның Тянь-Шань сияқты таулы өлкелерін жан-жақты зерттеудің ғылым негізін жасағандығы болды.


      "Тянь-Шань тауы"
      • 19 ғ-дың 50–60-жылдарында Жетісу Алатауы мен Іле өңірін қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов зерттеді. Жетісу және Тянь-Шаньның табиғатына ғылыми сипаттама берді. Балқаш көлі мен Алакөлдің пайда болу және қалыптасу тарихының өте ұқсастығын дәлелдеді. Жетісу Алатауы мен Солтүстік Тянь-Шань тауын жануарлардың таралуына қарай биік таулық белдеулерге бөлді. Сонымен бірге осы зерттелген өңірлердің маршруттық және жалпы шолулық карталарын жасады. 19 ғ-дың алғашқы жартысында кен байлықтарын іздеуге байланысты физикалық -географиялық сипаттағы бірқатар жаңа деректер алынды. Әсіресе, Орталық Қазақстан мен Тарбағатай тауының және Маңғыстау түбегінің геологиялық құрылысы, орографиясы туралы нақтылы деректер жиналды.
      • 19 ғ-дың 60-жылдарында Ресейдің Қазақстанды отарлаудың тарихи үрдісі аяқталды. Соған орай кен байлықтары пайдалануға, темір жолдың салынуына және егістік жер қорының кеңеюіне көп көңіл бөліне бастады. Жалпы географиялық зерттеулермен бірге арнаулы геология, топырақтану, ботаника, гидрология, т.б. салалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1865–79 ж. аралығында А.Татаринов Оңтүстік Қазақстаннан Ленгер, Келтемашат, Боралдай, т.б. қоңыр көмір кен орындарын ашты. Бұрын Маңғыстау түбегінен көмір кенінің ашылуына байланысты мұнда одан әрі барлау жұмыстары жүргізілді. Қазан төңкерісіне дейін Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстарының ең көрнектісі – Н.И. Андрусовтың “Мангышлак” (“Маңғыстау”) атты еңбегі. Мұнда автор түбектің тектоникасы, стратиграфиясы туралы белгілі болған барлық деректерді тұжырымдады.
      • 1865–79 жылдары И.В. Мушкетов пен Г.Д. Романовский Арал маңын, Қаратауды, Тянь-Шаньның солтүстігін, Балқаштың оңтүстігін, Тарбағатайды зерттеп, Түркістан аймағының алғашқы геологиялық картасын (1881) жасады. Онда бүкіл Оңтүстік Қазақстан өңірі камтылды. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған “Туркестан” (“Түркістан”) еңбегін жазды (1886–1906). Ол сонымен бірге 1887 ж. Верныйдағы (қазіргі Алматы) зілзаланың себебін және зардаптарын зерттеді. 19 ғасырдың 90-жылдарында Сібір темір жолын салуға байланысты Солтүстік Қазақстанда көрнекті геолог К.И. Богдановичтің жалпы басшылығымен бірнеше экспедициялық зерттеу жүргізілді. Осының нәтижесінде Солтүстік және Орталық Қазақстанның геологиялық құрылысының негізгі сипаты анықталып, бірнеше көмір кен орындары (Екібастұз, т.б.) ашылды. А.Н. Замятин, Н.Н. Тихонович және С.И. Мироновтың зерттеулері нәтижесінде Ембі мұнайлы өңірінің стратиграфиясы мен тектоникасының жалпы сұлбасы жасалды, мұнайдың жер асты тұз күмбездерімен байланыстылығы анықталды.
      Қоныстандыру басқармасының Н.Г. Кассин, А.А. Козырев, П.В. Матвеев басқарған экспедициялары Қазақстанның бірқатар аудандарының жер асты сулары туралы тұңғыш мәліметтер берді. Геология, топырақ тану, ботаника, т.б. экспедициялар өз жүмыстарына қосымша Қазақстанның жер бедері және оның ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасы туралы зерттеулер жүргізді. Мысалы, Мушкетов өзінің геологиялық зерттеулерінің нәтижесінде Тянь-Шаньның қазіргі жер бедерінің қалыптасу заңдылықтарын ашты және орогр. құрылысының негізгі белгілерін анықтады. Оның Арал Қарақұмында жүргізген бақылаулары Қазақстан мен Орта Азиядағы қуаң өңірлер жер бетінің өзгеруіне эолдық факторлардың күшті әсер тигізгенін дәлелдеді. Д.Л. Иванов Батыс Тянь-Шаньнның ірі масштабты гипсометриялық картасын жасады. М.В. Баярунас Маңғыстаудың оңтүстігіне жүргізген геологиялық зерттеулері кезінде қосымша геоморфологиялық бақылаулар жүргізіп, Қарақия, Қауынды, т.б. тұйық ойыстарға жан-жақты географилық сипаттама берді. Санаулы ғана арнаулы геоморфологиялық зерттеу жұмыстарының ішінде Л.С. Бергтің еңбегі ерекше. Ол алғашқы болып Солтүстік Арал шөлдерінің жер бедері пішіндеріне геоморфологиялық сипаттама берді.
      • 19 ғ-дың 70-жылдарынан Қазақстан аумағында метеорологиялық бақылаулар жүргізілді, бірақ мұнда метеорологиялық станциялардың саны өте аз болды және аумақ бойынша орналасуы біркелкі болмады.


      "Арал теңізі"
      • 1898 – 99 жылдары Берг, П.Г. Игнатьев және В.Д. Елпатьевский Орыс Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің тапсырмасымен Солтүстік және Орталық Қазақстанның ірі көлдеріне зерттеу жүргізді. 1899 – 1902 ж. аралығында Берг Арал теңізінің гидрологиясын зерттеді. Нәтижесінде Арал теңізі туралы бұрынғы түсініктер түбірімен өзгертілді. Бұрын бүкіл Тұран ойпатын жауып, шығыста Балқаш көліне дейін созылып жатқан біртұтас Арал – Каспий алабы болды деген ұғым теріске шығарылды. Өз зерттеулерінің нәтижесін Берг “Аральское море” (“Арал теңізі”) монографиясында (1908) қорытындылады. Бұл еңбек өз деректерінің нақтылығымен, ғыл. қорытындыларының маңыздылығымен бүгінгі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Осыдан кейінгі жылдары Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттеді.


      "Қазақстан өсімдіктері"
      • 20 ғасырдың басында қазіргі Қазақстан жерінде топырақтану зерттеулері етек жайды. Қоныстандыру басқармасы ұйымдастырған экспедицияларға топырақ зерттеушілер С.С. Неуструев, Л.И. Прасолов, А.И. Безсонов, т.б. басшылық етті. Қазақстанның өсімдігін зерттеуге ботаник және географ А.Н. Краснов үлкен еңбек сіңірді. Оның экспедициясы Алтайды, Каспий ойпатын, Шу-Іле тауларын, Іле өзен алабын, Іле Алатауын қамтыды. Ол алғашқылардың бірі болып Тұран шөлін жіктеп, онда шөлдің саздақты, құмайтты, тастақты, сортаң түрлерінің бар екендігін анықтады. Геоботаникалық зерттеулердің ішінде В.В. Сапожников Тянь-Шаньда, Жетісу Алатауында, Алтайда ботаникалық және географиялық зерттеулер жүргізді. Ол бұл тау жүйелеріндегі өсімдіктердің таралуының бірқатар заңдылықтарын ашты. В.М. Савич Батыс Қазақстанда жүргізген геоботаникалық зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, шөл және дала белдемінің ауыспалы сипатта екендігі туралы пікір айтты. 1908 жылғы Торғай экспедициясынан бастап И.М. Крашенинников 30 жыл бойы Қазақстанды геоботан. тұрғыдан зерттеді. Ол өз еңбектерінде, әсіресе, өсімдік ассоциациясының жер бедерімен және топырақпен өзара қатынасын терең талдады.
      • 19 ғ-дың соңы – 20 ғ-дың басында Қазақстан фаунасын зерттеуге көңіл бөліне бастады. Ірі зоологиялық зерттеулерді Арал – Каспий экспедициялары жүргізді. Жаратылыс зерттеушілердің Петербург қоғамы өлкенің жаратылыс тарихын анықтау мақсатында экспедиция ұйымдастырды және Каспий мен Арал теңіздерінің фаунасын зерттеуде бай материал жинақтады. Экспедицияның ихтиологиялық коллекциясын зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, К.Ф. Кесслер жаңа геологиялық уақытта Каспий мен Арал теңіздері арасында болған байланыстылық туралы пікірге алғашқылардың бірі болып өз күмәнін айтты. Северцовтың, А.М. Никольскийдің зерттеулері географиялық тұрғыда жүргізілуімен ерекшеленеді. Северцов “Вертикальное и горизонтальное распределение туркестанских животных” (“Түркістан жануарларының таулы және жазық өңірде таралуы”) деген күрделі еңбегінде (1873) Орта Азияны географиялық аудандастырудың негізін қалады (Оңтүстік Қазақстанды қоса).
      ________________________________________
      Қазақстанның орнитофаунасын алғаш талдап зерттеушілер: Н.А. Зарудный, П.П. Сушкин, В.Н. Бостанжогло. Бұл ғалымдар өздерінің тікелей бақылаулары мен бұрынғы мәліметтерді пайдаланып Қазақстан аумағында кұстардың геогр. таралуын жете түсіндірді. Сондай-ақ, олардың еңбектерінде Қазақстанның жазық бөлігін аудандастыру мәселесі қамтылған. Северцов, Краснов, Берг, Неуструев, Крашенинниковтың еңбектерінде табиғат кешендерінің әр түрлі құраушылары аралығындағы байланыстылық талданып, физикалық-географиялықзаңдылық тұжырымдалып, табиғи аудандастыру мәселелері көтерілді. Қазақстан аумағының қазіргі физикалық-географиялық бөлінуінің негізі Бергтің “Опыт разделения Сибири и Туркестана на ландшафтные и морфологические области” (“Сібір мен Түркістанды ландшафтық және морфологиялық аймақтарға бөлу тәжірибесі”) мақаласында (1913) қаланды. Осы жұмысында Берг нақтылы деректер негізінде Қазақстан аумағын ландшафтылық белдемге және морфологиялық облыстарға бөлді. Бергтің аудандастыру туралы еңбегінің Қазақстан аумағы үшін қазірге дейін ғыл. маңызы күшті.
      Қазақстан жерінің кеңестік дәуірде зерттелуі Қазақстанның өндіргіш күштерін соц. негізде дамыту мәселелерімен тікелей байланыстырылды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы табиғи қорлардың зерттелуімен ұштастырылды. Әрбір ірі құрылысқа байланысты географиялық ортаның элементтері – жер қойнауы, топырақ қабаттары, су қорлары, климаты, т.б. зерттеле басталды. Кен байлықтарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау кеңінен етек алды. Топырақ және өсімдік түрлерін зерттеу экспедицияларының жұмысы жандандырылды. Жаңа қалалар мен елді мекендердің пайда болуына және одан әрі дамуына байланысты Қазақстанның көпшілік бөлігінің климаттық жағдайы зерттелді, су қорларын іздеу жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Дегенмен, республика жерінің географиялық зерттелу барысы әр кезеңде әр түрлі болды. Бұл жағдай ең алдымен республикадағы табиғи ресурстардың игерілу қарқынына, ғылыми мекемелердің жұмыс көлеміне байланысты болды.
      Осы шаралардың барлығын жүзеге асыру үшін Қазақстан аумағы геогр. жағынан жан-жақты зерттеле бастады. Зерттеу, әсіресе, 20 ғасырдың 20-жылдарының ортасында елімізде халық шаруашылығын қайта құру және соцоллогиялық экономиканың негізін қалау кезеңінде кең өріс алды. Жеке облыс аумағын жүйелі және жан-жақты зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырыла бастады.

      Минералдық шикізат

      тардың кеңінен іздестіріле барлануына байланысты Қазақстан жерін зерттеуші институттардың, геологиялық партиялардың және трестердің (Сібір , Орталық геологиялық институттың Сібір бөлімі, Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл және Қазақ геологиялық барлау трестері, Ауыр өнеркәсіп халкомының Қазақ геология-гидрогеология басқармасы, т.б.) саны көбейе түсті. 1926 ж. КСРО ҒА жанында құрылған одақтас және автономиялы республикаларды зерттеуші арнаулы комитет Қазақстанның жер қойнауын зерттеу жұмысын қолға алды. 1933 жылы Қзақ гидрометеорология басқармасы ұйымдастырылды. 1932 жылы КСРО ҒА-нда Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған конференция өтті. Бұл жағдай республикада жүргізілген көптеген зерттеу жұмыстарының бастамасы болды. Сол жылы КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылды (1939 ж. КСРО ҒА-ның бөлімшесіне айналды).
      ________________________________________
      Геологиялық зерттеулердің басты мақсаты' – еліміздің өнеркәсібіне аса қажет кен орындарын табу және оларды барлау болды. Бұл бағытта В.К. Котульский (Алтайда), В.П. Нехорошев, Н.Н. Горностаев, А.К. Мейстер (Шығ. Қазақстанда), М.П. Русаков, Н.Г. Кассин, Д.С. Коржинский (Орталық Қазақстанда). Замятин (Жем алабында), т.б. еңбек етті. Кен орындарының өнеркәсіптік маңызын анықтай түсу үшінӘулиеата уезінде, Мұғалжарда, Қызылқұмда (И.П. Герасимов, П.К. Чихачев), Солтүстік-Шығыс Қазақстанда (А.А. Козырев), Орталық Қазақстанда (Қ.Сәтбаев) геологиялық зерттеулер іске асырылды. Геоморфологиялық байқаулар Үстіртте (Н.Л. Благовидов), Каспий ойпатында (Герасимов) жүргізілді. Н.А. Копыловтың 1927 ж. шыққан “Материалы по гипсометрии Казахстана” (“Қазақстан гипсометриясы бойынша деректер”) кітабында Қазақстан геоморфологиясы туралы алғашқы маңызды мағлұматтар берілді.
      Оңтүстік Қазақстан облыстарының климатын зерттеуде Түркістан метеорологиялық институты елеулі үлес қосты. Түркістан (1924) және Қазақстанның (1925) климаттық жағдайлары туралы еңбектер жарық көрді. Республика аумағын климаттық аудандастыру алғашқы қадамы [1927 ж. шыққан М.Д. Пономарев пен В.Н. Барсуктың “Климатический очерк Казахстана” (“Қазақстанның климаттық очеркі”) еңбегі] жасалды.
      Қазақстандағы алғашқы гидрологиялық кешенді зерттеу жұмысы ретінде М.М. Давыдовтың (1925) және Б.X. Шлегельдің (1926) еңбектерін атауға болады. Бұлар Оңтүстік Қазақстан өңірінің су шаруашылығы жағдайын сипаттады. КСРО ҒА-ның басшылығымен Қазақстан гидрографиясының жоспарлы зерттелуі жолға қойылды, осы мақсатпен республиканың батыс бөлігіне бірнеше экспедициялар шықты. Бұлардың материалы бойынша 1928 ж. П.Н. Лебедевтің “Краткий гидрографический очерк Казахстана” (“Қазақстанның қысқаша гидрографиялық очеркі”) және “Гидрометеорологический очерк Казахстана” (“Қазақстанның гидрометеорологиялық очеркі”) еңбектерін баспадан шығарды. Шу, Талас, Сырдария өзендерінің төм. ағысындағы көлдер зерттелді.
      КСРО Географиялық коғамының Верный және Түркістан бөлімдері Кіші және Үлкен Алматы өзендерімен өтетін лай тасқындардың себебін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра бастады. Қоныстандыруға және жер қорын есепке алуға байланысты Қазақстан өңірлерінің топырағын зерттеу кең өріс алды. Республика аумағы топырақ жамылғысының алғашқы сипаттамаларын Р.И. Аболин (1922), К.Д. Глинка (1923) және Л.И. Прасолов (1925) берді. Олардың жұмыстарында топырақ-өсімдік белдемдерінің сұлбасы жасалып жіктелді.Қостанай (В.И. Баранов), Орал (И.И. Фелимонов, И.В. Ларин), Ақтөбе (М.И. Рожанец) және Жетісу (А.Мухли) облыстарының аумағына экспедициялар шықты. КСРО ҒА-ның экспедициялары құрамында Герасимов Үстірттің, Неуструев Каспий ойпатының топырақ жамылғысын зерттеді. Әсіресе, Герасимовтың еңбектерінде (1928–30) бұл өңірлердің топырақ қабаттарының қалыптасу жағдайлары және бұған байланысты өңірді физикалық-географиялық аудандастыру жөнінде құнды деректер берілді.
      ________________________________________
      Геоботаникалық зерттеулердің де өзіндік қолданбалық мақсаты белгіленді. Бұлардың алдына жайылымды, шабындықты және жыртуға жарамды жерді анықтау әрі оларға сипаттама беру міндеті қойылды. Алғашқы жылдары геоботан. жұмыстың көпшілігі Батыс Қазақстанда жүргізілді (И.В. Ларин). КСРО ҒА-ның қазақстандық экспедициясы құрамындағы топырақ-ботаника отряды бұл өңірдің өсімдігін зерттеуге елеулі үлес қосты. Республиканың Жер Халкомы Семей және Павлодар облыстарына экспедициялар жіберді. Бұл саладағы зерттеудің алғашқы жиынтық қорытындыларын (1923–25) Крашенинников жариялады. Ол өз еңбегінде өсімдік жамылғысы географиясын түсіндіруге генетик. принципті пайдалануды және физ-геогр. аудандастырудың алғашқы сұлбасын ұсынды. Осы кезеңде республика фаунасын зерттеуде Д.Н. Кашкаров, В.Н. Шнитников, Б.С. Виноградов, т.б. елеулі үлес қосты.


      "Өндіріс орындары"
      Өндірісті тиімді де дұрыс орналастырудың маңыздылығы экономиканы қайта құру жоспарын жасау кезінде айқындала түсті. Алғашқы бесжылдық (1929–32) жоспарларында Қазақстанда өнеркәсіп және ауыл шаруашылығының барлық салаларының техникалық базаларын жасау қарастырылды; ол үшін республикадағы геогр. зерттеулерді кеңінен және жан-жақты жүргізу керек болды. Бұл кезеңде (1928–40) экспедициялық зерттеулер кең етек алды. Республикада тұрақты ғылыми-зерттеу мекемелерінің және жергілікті ғылыми кадрлардың көбеюінің нәтижесінде Қазақстан жерінде тұрақты бақылаулар жүргізу жолға қойылды. Геологиялық барлау жұмыстары түсті және сирек металдар, көмір, т.б. кен байлықтарының қоры жөнінен Кеңес Одағы бойынша Қазақстанды жетекші орындардың біріне шығарды. Алтайдың, Орталық Қазақстанның кентастық кен орындарын және Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, Арал маңы, Мұғалжар тауы, т.б. өңірлердің геологиялық құрылысын зерттеу қарқынды түрде жүргізілді.
      Климаттық және гидрологиялық жұмыстар метеорол. және гидрометеорол. ст-лардың көбеюіне негізделе жүргізілді. Су қорларын зерттеу өрістеді. Өндіріс қажеттерін өтеу және салынуға тиісті гидротех. құрылыстардың геогр. жағдайларын анықтау үшін кейбір жеке алаптарға кешенді зерттеулер жүргізілді. Бұлардың нәтижесінде И.И. Фелимоновтың Жайық-Көшім каналы, Орт. Қазақстанды суландыру перспективасы, Б.К. Терлецкийдің Балқаш-Алакөл алабы жөнінде, Солтүстік және Орталық Қазақстан туралы “КСРО су қорларының анықтамасы” жинағының 13-томы, т.б. еңбектері жарық көрді. Арал теңізі мен Балқаш көлін жаңадан зерттеу басталды. Іле Алатауына Н.Н. Пальгов гляциологиялық бақылаулар жүргізді.
      • 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941–45) жалпы геогр. зерттеулер біршама қысқарды, негізінен майдан мен тыл мұқтажын өтеу ғана ескерілді.
      КСРО ҒА-ның Географиялық институтының көпшілік қызметкерлері Алматыға көшіріліп, Топырақ тану және Ботаника институттарымен және басқа жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып, ауыл шаруашылығын өркендетудің қорларын табу және зерттеумен шұғылданды. Дәл геоморфологиялық карталар жасалды, су және топырақ жамылғысының қорлары түбегейлі зерттелді. Солардың нәтижесінде жерді тиімді пайдалануға нақты ұсыныстар берілді. Республика алғашқы рет табиғи мал азығының қоры бойынша аудандастырылды (Л.Г. Соболев), геоморфология бойынша (И.П. Герасимов), агроклиматологиядан (П.Н. Колосков) ірі қорытындылар шығарылды, топырақты зерттеудің геохимиялық тәсілі жасалды (М.А. Глазовская), су ш. қажетін өтеуге катысты табиғат жағдайларының бірнеше карталары (Б.А. Федорович, С.Л. Кушев) құрастырылды. Бұл материалдарды қорытындылай келе А.А. Григорьев өзінің Қазақстан табиғаты туралы очерктерін жариялады. Осы жылдары КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің Геогр. секторын белгілі ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол республика экономикасын мамандандыруды жетілдіре түсу мақсатында Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді. Соғыстан кейінгі жылдары (1945 жылдан бастап) Қазақстандағы геогр. зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Халық ш-н қалпына келтіру және одан әрі дамыту үшін табиғи ресурстарды көптеп табу және оларды шұғыл шаруашылыққа пайдалану керек болды. 1946 ж. ҚазКСР ҒА құрылды. Оның кұрамында бірнеше экспедициялар ұйымдастырылып, Арал теңізіндегі Барсакелмес аралының, Балқаш көлінің оңтүстігіндегі шөлдің, Жетісудың геогр. жағдайлары зерттелді. Республика аумағын физикалық-географиялық аудандастырудың алғашқы сұлбасы құрастырылды (Н.Г. Рыбин, 1948). Бұрынғы жүргізілген зерттеу материалдары негізінде республика табиғатының басты кешендеріне тұжырымды сипаттама берілген “Қазақстанның физика-географиялық очерктері” (1952) жарыққа шықты.
      ________________________________________
      Қазақ КСР ҒА-ның Географиялық институты Қазақстан табиғатын зерттеуді одан әрі жалғастыра берді, “Қазақстан. Физика-географиялық сипаттама” (1950) жинақ кітабын шығарды. КСРО ҒА-ның өндіргіш күштерді зерттеу кеңесі игерілуге тиісті жаңа аудандарда кешенді экспедициялық зерттеулер ұйымдастырды. Осы мақсатпен Торғайдың шикізат қоры, Солтүстік және Орталық Қазақстанның минералдық шикізат, гидроэнергетикалық және ормандық қорларын зерттеді. Тянь-Шаньда биік таулық физикалық-географиялық станциясы құрылды. Республика жерін геоморфологиялық зерттеу, әсіресе геоморфологиялық картаға түсіру ісі өрістеді. Жер қойнауын зерттеу тәсілдерінің бірі – геологиялық картаға түсіру жалпы зерттеу процестерінің құрамына енгізілді. Сөйтіп геоморфологиялық карта табиғи аудандастыру мен ландшафтын зерттеудің негізіне айналды.


      "Қазақ КСР ҒА-ның тұңғыш президенті"
      Суландыру, орман алқаптарын отырғызу, тың және тыңайған жерді игеру шараларына байланысты республиканың жеке аудандарының микроклиматы және жылу балансы зерттелді. Аңызақ жел, атмосфералық қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттың өзгеру заңдылықтары зерттелді. Осы зерттеулердің деректері негізінде “Қазақстан климаты” (1959) атты жинақ шықты.
      Гидрологиялық зерттеулердің ішінде республика көлдерінің жете тексерілгенін аңғаруға болады. Бұл жұмысты кейіннен КСРО ҒА-ның Көлтану институты айналған көлтану лабораториясы мен Қазақ КСР ҒА-ның географиялық секторының қызметкерлері бірлесе жүргізді. Зерттеу жиынтығын А.В. Шнитников қорытындылады. Көлдердің физикалық-географиялық жағдайымен қоса олардың гидробиол. және экон. жақтары да зерттелді. Көлдердің жалпы кадастры құрастырылды. Жер беті суы қорларын зерттеу нәтижелері тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты біршама толықтырылды. Бірнеше ірі гидрологиялық кешендік зерттеулер жүзеге асырылды және бұлардың деректері “Ресурсы поверхностных вод районов освоения целинных и залежных земель” (“Тың және тыңайған жерді өңірлерінің беткі ағын қоры”), “Ресурсы поверхностных вод СССР” (“КСРО жер беті ағынының қоры”) жинақтарына енгізілді.
      Топырақ

      жамылғысын зерттеген әр саланың ғылыми және өндірістік мекемелердің қорытындылары көп томдық “Почвы Казахской ССР” (“Қазақ КСР-інің топырағы”) басылымында және бірнеше жалпы шолулық карталарда жарияланды. Геоботаникалық және зоогеографиялық зерттеулердің жиынтық деректері жарық көрді. КСРО ҒА-ның аэротәсілдер лабораториясы Солтүстік Қазақстанның табиғи жағдайын зерттеудің аэротәсілін белгіледі. Экономикалықгеография саласында Қазақстанның табиғатын, халқын, экономикасын және мәдениетін бейнелейтін кешендік еңбектер (И.Т. Тәжиев, М.Ш. Ярмұхамедов, К.Б. Ахмедова, т.б.), өндіргіш күштерді тиімді орналастыруға, экономикалық аудандастыруға және экономикалық аудандарды мамандандыруға, аумақтық-өндірістік кешендердің қалыптасу мәселелеріне, еңбек және табиғи қорларға баға беруге арналған жұмыстар (В.А. Адамчук, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева, С.Әбдірахманов, т.б.) жарық көрді. Республика жерін жан-жақты зерттеу нәтижесінде Қазақстанның және оның жеке аймақтарының кешендік атластары құрастырылды. Тың өлкесінің, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірнеше ландшафтылық карталары шықты. Ландшафтылық зерттеулердің кеңінен етек алуына ландшафт танушы ғалымдардың бүкілодақтық 6-кеңесінің (1963) Алматыда өтуі әсер етті. Арал маңы мен Жезқазған өңірінің, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау облыстарыньщ ландшафтылық жағдайы зерттелді ( География жәнеГеография институты).

      Жер бедері
      Республика аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер үлесіне тиеді, қалған бөлігі – ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Оңтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарға негізінен теңіз деңгейінен 200 – 300 м ғана биік келген жазық жер бедері тән. Оңтүстік-шығысы биіктігі 5000 – 6000 метрлік таулы өңір болып келген. Яғни, республиканың топографиялық жер бедері оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа және шығыстан батысқа қарай аласарады. Сонымен бірге, Қазақстан жерінде Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі сынды тұйық сулы алаптар, терең ойыстар мен құрғақ арналар баршылық. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол республиканың оңтүстік-шығыс бөлігін қамтитын Тянь-Шань тау жүйесінде. Каспий теңізінің шығыс жағалауында құрлықтық бөлігінің ең ойыс жері, теңіз деңгейінен 132 м төмен жатқан Қарақия (Қаракие) ойысы орналасқан.[1].
      Маған ұнайды:
      14.03.2013, 11:21
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220