"Жас таланттар"

Достар! топқа мүше болуға асығыңдар!!!!

ҚАТЫСУШЫЛАР

85 адам

    ӘКІМШІЛЕР

    3 адам

    ҚҰЖАТТАР

    0 құжат

    • СТЕНА СООБЩЕСТВА

    • 19 жазба
    • шолпан мұқан
      Мен өмірді ұғындым.
      Асыл анам ,
      Мол мейірден жаралған ,
      Нұр жүзіңнен күн сəулесі таралған.
      Арман тұнған жетелейін жырыммен ,
      Мынау ғұмыр адастырар қара орман.

      Өзіңменен бекем əркез қамалым ,
      Бас имеске бар ма менің амалын .
      Ең алғашқы қадамымның куәсі ,
      Өзің барда жоқ адасар қамалым.

      Бүгін , міне ,
      Қуаныштан табыс нұр ,
      Сен болмасаң бірі де бос
      Қараң бұл.
      Сенің сыйлы жүрегіңнен нəр алған
      Кəусəр бұлақ ,
      Ағып жатқан жағам жыр.

      Анашым ,
      Мен сенің қызыл гүліңмін ,
      Шырқалатын көңілінде жырыңмын .
      Сен көлімсің ,
      Шөлдегенде сусындар ,
      Мен өмірді мен арқылы ұғындым.
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 16:53
      Предыдущие 6 комментариев
    • шолпан мұқан
      Аманат дала
      Бір - бірінен қалып - оқып жылдар өтті ғасырлар ,
      Бірін - бірі шалып озып қанша өтті пенделер.
      Кеудесінен танк өтіп
      жарқылдады жасындар
      Далам жатыр маңғазданып
      жоқ - тын оған тең келер.

      Тарихымның қатар беті
      Тек өзіңе жазылды .
      Шежіреме құяры бар мүлгіп жатқан тасының .
      Сен бергенсің қазағыма
      еркіндікті , жалынды
      Сенде өскен жусанменен ойнайды бар асылым.

      Тауым асқақ.
      Далам одан ешбір төмен емес - ті
      Қазақ үшін ол тым бөлек , түкпірінде сананың.
      Қан ағылып бұлақтайын ,
      Өткізіп сан белесті
      Қалдырылған қасиетті аманаты бабаның

      Көргің келсе шежіремнің ақиқатын , мөлдірін .
      Сырласыңдай сырласады .
      Тек сен барып сұрашы ,
      Айтады ол бабалардың , аналардың өрлігін
      Дархандықтың , даналықтың тағы да бір мұрасы.

      Бірі озып ,
      Бірі қалып өтіп жатыр жылдарым
      Қаламынан ақындардың қосылады жыр баққа
      Төтеп беріп уақыттың антқа салып сындарын
      Аманат боп қала беред (і ) , маңғазданып ұрпаққа
      Маған ұнайды:
      07.07.2016, 16:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айбат Бекжанов
      Маған ұнайды:
      03.04.2015, 15:30
      Предыдущие 6 комментариев
    • Самал Мұхтарова
      Балалық шақ-балдәурен

      Балғын бөбек, жастық шақ кезеңім бұл,
      Мәңгілік есте қалар кезеңі мол.
      Тәй-тәй басқан кезімнен қырдан асып,
      Арасы жиырма бестің кездері бұл.

      Арайлап атқан таңдарыма мәз болып,
      Өтіп жатыр күндеріміз сансыз көп.
      Өтер күндер, өтер жылдар талайғы,
      Жібермеңдер сол күндерді мәнсіз ғып.

      Бір шетінен сол күндерді ұстап ап,
      Бір жақсылық жаса, болсын ұсақ-ақ.
      Оқу-білім айдынында кеме боп,
      Мейлің жүзгін сол айдында ұзақ-ақ.

      Өкінбе сен! Бақытсызбын демегін,
      Балалық шақ ең бақытты кезеңің.
      Оралмайтын жиырма бестің арасы,
      Бір-ақ көпір бүгінің мен ертеңнің.

      Маған ұнайды:
      13.12.2013, 15:24
      Предыдущие 6 комментариев
    • Айғаным Отарбай
      Анама!
      Түн ұйықтамай баяу ғана әндеттің ,
      Қолын талмай бесігімді тербеттің .
      Аман - есен ер жетсін деп алаңдап ,
      Сәбиіне тыныштықты тіледің .

      Ана деген көк аспандағы шуақ күн ,
      Мен бекерге еркеліктен тулаппын .
      Ана болмай сәби жүрсе шырылдап ,
      Жердің беті жамылғандай қара түн .

      Жан анашым ақ кіргенде шашына ,
      Мен байқатпай қарай берем ұрлана .
      Қолғанат боп , ержетті міне сәбиін
      Сен Анашым қартаймашы , жасыма.

      Маған ұнайды:
      03.11.2013, 9:55
      Предыдущие 6 комментариев
    • ДОСТАР! ЖАС ТАЛАНТТЫ ДОСТАРЫҢЫЗ БОЛСА, ОСЫНДА ЖАРИЯЛАҢЫЗДАР!!!
      Маған ұнайды:
      29.09.2013, 11:36
      Предыдущие 6 комментариев
    • Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады

      «Табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады» - я, Астана қалалық саябағында өткен «ЕХРО-2017» көрмесіне орайластырылған экологиялық акцияның атауы осылай болатын. Республикалық «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен өткен аталмыш шараға қала мектептерінің оқушылары, жас ұлан ұйымының белсенділерімен ұйым көшбасшылары қатысқан болатын. Акция барысында қатысушылар төрт топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындауы міндетті болды. Берілген тапсырмалар соңында көңілді эстафета мен қызықты ойындарға ұласқан аталмыш шара жас ұландардың жүзіне күлкі үйрілтіп, зор қуаныш сыйлады. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, көңілдерінен нұр шашыраған әрбір жас ұландық шынайы шаттықтың кемеріне енген болатын. «Көшбасшы», «Қызыл өрік», «Алоха» мен «Бемз» сынды төрт топқа бөлінген білімпаз жастар түрлі сынақтарда өз білімдерін көрсетті. Дегенмен, жүзден жүйрік, мыңнан алғыр болып, ерекше білімпаздығымен дараланған «Алоха» тобы жүлделі І орынды еншілеген болатын. Өздерінің қызықты да тәтті қылықтарымен ерекшеленген «Қызыл өрік» тобы ІІ орын еншілесе, «Бемз» бен «Көшбасшы» топтары ІІІ орынды місе тұтты. Көңілді де қызықты ойындар мен қызу бидің шырайын шығарған ұландар ойындағы жеңістен гөрі көкіректеріндегі жылу мен рухтарының асқақтағандарын сезініп, одан асқан жеңіс болмасына бек сенімді болды. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды. Елордамызға деген ыстық ықыластары мен шексіз махаббатырын жасыра алмаған ұландардың жүздеріндегі күлкілері еш тыйылмады. Кіршіксіз жүректердің кір шалмас саналарында тазалықтың негізі сіңген әр ұлан - болашақта табиғатымыздың әр тасымен әрбір тамшы суының қадірін ұғып, олардың тазалығы жолында аянбай еңбек етеріне сенім білдіреміз. Себебі, табиғаттың тазалығы – кіршіксіз жүректен басталады.

      Аманжолов Бекарыстан
      Маған ұнайды:
      08.07.2013, 11:20
      Предыдущие 6 комментариев
    • достар, құрметті админ, меніңше ендігі кезекте жаз мезгіліне байланысты жырдар жазу керек сынды
      Маған ұнайды:
      10.06.2013, 15:22
      Предыдущие 6 комментариев
    • Dinara Djirgalbaeva
      Достар!!! осындай керемет өлең шумақтарын топ қабырғасына қоса беріңіз!!!!!
      Маған ұнайды:
      16.05.2013, 4:14
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ер Махамбет өлмейді!

      Жерімдеп өткен, жүрегі ел деп жылаған,
      Мұзында көрген, құзданда сан мың құлаған.
      Өрлігі асқақ, атағы шексіз мәшһүр боп,
      Тіктелген баспен қасқайып қарап тұр ағам!

      Ерлік пен елдік тұмар қып тағып жүрекке,
      Аттанды батыр “Әруақтап!” нұрсыз түнекке,
      Махамбет жүзі, ерлігі ұрпақ мақтаны,
      Арман, мақсаты ерлікке ерер түлекке!

      Езгілеп, езіп Жәңгірдей жылан жасағын,
      Қорғамақ болды ер ағам елін, қазағын,
      Тайсалмас, қайсар, лаулаған жалын көздегі,
      Соныңа қарап жыр етпек сені жас ақын!

      Ордада тудың, Орданы алар алып боп,
      Қолдады сені жорықта елің халық боп,
      Қорқыныш деген бір үрей болмады жүзіңде,
      Жауыңа күлдің түссеңде тұтқын қарық боп!

      Исатай ермен еліңді бастап ерлікке,
      Шақырдың насты, бірлікке және теңдікке.
      Арыстан жүзді, айбатты алып арысым,
      Ұмтылдың алға, еліңді бастап елдікке!

      Қаламмен жырды төгеде білдің жасымай,
      Жасымай және настарды белден асырмай.
      Жолбарыс жүзді, қырандай қайсар дарыным,
      Ерлік деп өттің, Жәңгірдей ханға бас ұрмай!

      Сан төбет сені таламақ болды тасада,
      Атыла берді, тістері сынып қалсада.
      Ақымақ жандар жықбақшы алып арысты,
      Күштері жетпей, әлдері кетіп, талсада!

      Шайқаста- шайқас, үрейде, дауыл көрсеңде,
      Езгілеп жауды, аямай жаншып, жеңсеңде,
      Тұрасың ылғи бейнесі болып ерліктің,
      Шайқаста емес, қапыда аға өлсеңде!

      Өлмейді рухың, сан ғасыр бойы жаңғырар,
      Жаңғырар және ерлігің елді таң қылар,
      Ұлықтап сені ұрпағың сұңқар мінезді,
      Әуезді дауыс ұл – қызың сені ән қылар!

      Өлмейді ерім, Махамбет ерім өлмейді,
      Мұныма менің көнбегің мейлі, көн мейлі,
      Рухы мен жаны қалықтап қазақ көгінде,
      Ерлігі оның көк туда биік көлбейді!
      Маған ұнайды:
      07.05.2013, 8:09
      Предыдущие 6 комментариев
    • Ата – анам,
      Өзіңнен жолыма бата алам,
      Өзіңсің қорғаған сан қауіп, қаталдан,
      Қалдырмай келесің қатардан.
      Құрметтім,
      Барыңда жоқтықты көрмеппін,
      Сен барда биікке өрлеппін,
      Сен барда қайғыны білмеппін.
      Ардақтым,
      Бабамның жолында жалғаттың,
      Қатерден сан мәрте қорғадың,
      Жанымыз тұрғанда ұшында қармақтың.
      Шуағым,
      Сыйлаған өмірдің шуағын,
      Шөл кезіп, су таппай қиналсам,
      Зәмзәмім, өзіңсің бұлағым.
      Аяулым,
      Жаныма жуытпай келесің қаяу – мұң,
      Жолыңда қасық қан, жан пида,
      Жанымды беруге даярмын.
      Тірегім,
      Сендер деп соғады жүрегім,
      “Ата – анам болса екен бақытты,”
      Алладан тек осы тілерім.
      Қорғаным,
      Ісімді әрдайым қолдадың,
      Өзіңе алғысым ретінде,
      Жыр – шумақ, әнімді жолдадым.
      Жыр үнім,
      Тілеген жеңісін ұлының,
      Бүгінде сендерге жыр арнады,
      Баптаған ұлдарың, құлының,
      Баптаған ұлдарың, құлының!
      Маған ұнайды: