• 1020 ұпай

ДОСТАРЫМ

12 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    нет игр


    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      past
    • 0
      Celine Dion - Titanik
    • 0
      Arabskie_pesni-Opa_O
    • 0
      arabskie_pesni__-Bez
    • 0
      05China girls
    • 0
      002Греческий хит.
    • 0
      Greece-GRECHESKIY_MED
    • 0
      grecheskaya_-_medlyak_get-tune_net
    • 0
      _medlyak-grecheskiy
    • Гүлзия Қуантаева
      6-ХИКМЕТ. САЛАУАТ

      Он сегіз мың ғаламға сәруар болған Мұхаммет,

      Отыз үш мың асхабқа сардар болған Мұхаммет.

      Жоқшылық пен індетке қанағатшыл Мұхаммет,

      Күнә тартқан үмбетке шапағатшыл Мұхаммет.

      Кірпік ілмей талықты, – сабыр табар Мұхаммет,

      Жетім, міскін, ғаріпті жарылқаған Мұхаммет.

      Үлес берген пендеге сара жолдан Мұхаммет,

      Азап кешкен әммеге пана болған Мұхаммет.

      Әбужаһил залымға төзім қылған Мұхаммет,

      Жалақордың хақ жолға өзін бұрған Мұхаммет.

      Жалғаншының қайғысын ұмыттырған Мұхаммет,

      Зікір айтып Рухын шынықтырған Мұхаммет.

      Малғұн, лағин, шайтанға соғыс қылған Мұхаммет,

      Шариғатқа үмбетін тоғыстырған Мұхаммет.

      Тариқатқа – жолбасшы, жаны ышқынған Мұхаммет,

      Ақиқатты баршаға табыстырған Мұхаммет.

      Жамандыққа – жақсылық бағыштаған Мұхаммет,

      Тауфық тілеп, залыммен алыспаған Мұхаммет.

      Сәждеге ұрып маңдайын, тағат қылған Мұхаммет,

      Қабыл болып дұғасы – таң аттырған Мұхаммет.

      Залымдардың бәлесін харап қылған Мұхаммет,

      Бір Алланың Дидарын талап қылған Мұхаммет.

      Бес уақыт намазда имам болған Мұхаммет,

      Миғражда көргені Дидар болған Мұхаммет.

      Ғаршы, Күрсі базарын иеленген Мұхаммет,

      Сегіз бейіш төріне Кие берген Мұхаммет.

      Міскін Ахмет құлына мұра қылған Мұхаммет,

      Жетімдерге жүрегін шыра қылған Мұхаммет.
      Маған ұнайды:
      25.03.2013, 9:01
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Қазақ хандығы
      Ресей Империясының құрамында

      Қазақстанды Ресейдің отарлауы 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды. Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті.

      1822 ж. “Сібір қазақтары туралы жарғы”, 1824 ж. “Орынбор қазақтары жөніндегі жарғы” деген құжаттармен қазақ жерін басқару тәртібі белгіленді. Осы заңдар бойынша Орта жүз бен Кіші жүз хандықтары жойылды. Кіші жүзде хандық биліктің орнына Ресейдегі сияқты әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Ал Орта жүзде “аға сұлтан” деген басқарушы қызмет енгізілді. Ішкі округтер құрылды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді.
      19-ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары Оңтүстік Қазақстанға өз бақылауларын орнатты. Қазақтар Қоқан мен Хиуа билеушілеріне қарсы жиі-жиі бас көтеріп отырды. Отарлық езгінің күшеюі, шұрайлы жерлерді тартып алып, бекіністер салу Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысын (1837 – 47) тудырды.
      19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылу үрдісі аяқталды.
      1914 ж. 1-тамызда Ресейдің 1-дүниежүзілік соғысқа тартылуы Қазақстан халқына ауыр соққы болып тиді.
      Жаппай наразылықтар нәтижесінде 1916 жылғы көтеріліс шықты. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 жылғы 25-маусымдағы майдандағы қара жұмысқа Қазақ пен Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
      1917 ж. патшаны тақтан құлатқан Ақпан революциясының оқиғалары көп ұзамай Қазақстанға да жетті.
      1917 ж. 21 – 28 шілдеде Орынборда 1-Бүкілқазақ съезі өтті. Делегаттар ұлттық автономия, жер-су, т.б. мәселелердің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлік және қазақ саяси партиясын құру мәселелеріне баса назар аударды. Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджан Тынышбаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жанша Досмұхамедұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, т.б. қайраткерлер отаршылдыққа қарсы Алаш партиясын құрды. Олар қазақ халқын отарлық езгіден азат ету ұраны төңірегіне топтасып, қазақтың дербес, тәуелсіз Алашорда демократиялық мемлекетін құруға кірісті. Бірақ көп ұзамай бүкіл Ресейдегі сияқты қазақ жерінде де кеңес билігі орнады.
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 16:49
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      ҰБТ оқушының 11 жылғы білімін анықтай ма?
      Ұлттық бірыңғай тест - білім ұйымдарынан тәуелсіз, мектеп бітірушілерді мемлекеттік аттестаттау және ЖОО-на қабылдау емтихандарын біріктіретін, жаңа технологияларға негізделген, білім сапасын мемлекеттік бағалау жүйесі. ҰБТ - оқушылар үшін ең маңызды кезең болып табылады. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда мүлде мойындалмайды, өздеріне қажетті ұпай санын жинай алмау - үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы жыл аяғындағы ҰБТ-ға дайындық - көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде.
      Осымен 9 рет өткізгелі өткізгелі тұрған тестілеу онсыз да қадірі түсіп бара жатқан ана тіліміздің беделін одан сайын түсіруде. Олай дейтініміз, сөйлей алатын «мылқаулардың» білімін анықтайтын тестілеу шын білімді сұйылтумен қоса, екі сөздің басын әрең қосатын қазақтарға тіптен жақсы болды. Тіліміздің құрметін арттырып, тіл байлығымызға демеу болудың орнына мүлде шектеп тастағандай. Сонымен қатар, «Тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп болжалдап белгілейтін оқушылардың ұпайы 11 жыл бойы аянбай еңбектенген оқушылардан асып түсіп, грант иегері атанды, ал мектеп табалдырығын аттаған сәттен қоштасар кезеңге дейін үздік оқыған оқушылардың оқуға түсе алмауы қынжылтады. «Болашақ-жастарда», «Жастар-өмірдің жалғасы», «Қазақстанымызды биікке көтеретін жастар» дейміз-ау тағы... Алайда мәселе білімге емес, ақша мен танысқа тіреліп тұрған заманда, әлеуметтік жағдайы төмен жастардың өмірден өз орындарын табуы да қиын. Бұл жайт Қазқстанымызды биікке көтермесі хақ. Яғни, ҰБТ - рухани байлығымыз бен білімімізге орасан зиянын және кері әсерін тигізеді. Жүйкені шымырлатқан ащы шындық осы. Оқушының білімі бағаланбағасын жерде, ҰБТ-ның не қажеті бар?
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 16:44
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Егемен еліміз демократия жолымен алға жүріп, әлемде өзіне лайықты орын алу үшін жұмыстанып келеді. Сан жүздеген жыл халқымыз бодандықтың бұғауын бұзуды армандап, тәуелсіздік жолында мыңдаған арыс құрбан болды. Бостандыққа барар жолда алдыңғы буын ағалардың жолын жастар да лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеді.
      Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеялармен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді. Өйткені, олардың алдында үлгі алар аталары, әже-ағалары бар. Егемендік жолында көш бастаған да жалынды жастар еді. Тоталитаризмнің тас бұғауын бұзуға алғашқы болып кіріскен де халқымыздың қайсар ұлдары мен қыздары екенін біз үнемі мақтанышпен айтуға тиіспіз. 1986 жылдың желтоқсаны – қазақ жастарының бостандыққа бағыт алғанын айқын көрсетті. Кеңес Одағының қылышынан қан тамып тұрған кезінде өлімге бас тігіп, өзгеге үлгі бола білген жастарымыз өздерінің аттарын тарихқа алтын әріппен жазды. Қайрат пен Ләззаттар «бізді өлтіруге болар, бірақ қорлауға жол бермейміз»,-деп қасық қандары қалғанша ар-намысын таптатпай, өр рухтарымен ерекшеленді. Сол «желтоқсаншылардың» сара жолымен келе жатқан қазіргі жастарымыз егемен елдің көк байрағын әуелетіп, «Менің Қазақстаным» деп ән шырқап, болашаққа нық қадам басып келеді.
      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 16:35
      Предыдущие 6 комментариев
    • Гүлзия Қуантаева
      Секіреміз алақайлап аспанға,
      7 алтын деп, тарихында спорттың.
      Көк туыңды желбіреткен
      Қазақ емес, қазағы емес өзімнің,
      Орыс, дүнген, өзбек пенен қытай ғой.
      Мәз боп едік соңғы алтынды алғанда
      Бір қазағым көтерді деп көк туымды аспанға
      Көтермеппіз, қазақ болып көк туымды шаттана
      Көтеріпті, әуелетіп әнімді,
      Тағы да бір метис боксер шаттана.

      Маған ұнайды:
      23.03.2013, 16:32
      Предыдущие 6 комментариев

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220