• 340 ұпай

ДОСТАРЫМ

28 дос

    МЕНІҢ СЫЙЛЫҚТАРЫМ

    нет подарков

    Вам пока ничего не подарили.

    БІРЛЕСТІКТЕР

    состою в сообществах

    ОЙЫНДАР

    нет игр

    сізді каталогта көптеген қызықты ойындар күтіп тұр.
    • 0
      Melo'Men+-+Melo'Men-Неге+Жылайды+Ару+Оригинал+2013(music.nur.kz)
    • 0
      Melo'Men+-+Келмеші(music.nur.kz)
    • 0
      k.nur_f1357645982
    • 0
      k.nur_f1357636867
    • 0
      k.nur_f1357637447
    • 0
      bagi-_f1358660549
    • 0
      bagi-_f1358660670
    • 0
      k.nur_f1357635431
    • 0
      k.nur_f1357635220
    • 0
      a.per_f1357615837
    • 0
      asan__f1357614320
    • 0
      a.per_f1357616352
    • 0
      a.per_f1357615750
    • 0
      Торегали_Тореали_&_Еркін_Нуржанов_-_Ботам-ай
    • 0
      Aydarbek+Rysbek+-+Oralshy+Mahabbat
    • 0
      Aydarbek+Rysbek+-+Oralshy+Mahabbat (1)
    • 0
      - [plus-music.org]
    • 0
      - Той [plus-music.org]
    • 0
      12-Kuda bala Kudasha__• [[ DJ AzA $ ErLaN ]] • __
    • 0
      11-Ua jengeler_• [[ DJ AzA $ ErLaN ]] • __
    • NAZYM amantaikizi
      Маған ұнайды:
      12.06.2013, 15:15
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      № Кітаптар Авторы
      1 Қара сөздер мен таңдамалы өлеңдер Абай Құнанбайұлы
      2 «Абай жолы» Мұхтар Әуезов
      3 «Бақытсыз Жамал» Міржақып Дулатұлы
      4 «Ақбілек» Жүсіпбек Аймауытов
      5 Өлеңдері мен шығармалары Мағжан Жұмабаев
      6 «Оян, қазақ!», өлеңдері мен шығармалары Міржақып Дулатов
      7 «Үш анық», өлеңдері мен шығармалары Шәкерім Құдайбердіұлы
      8 Өлеңдері мен шығармалары Ахмет Байтұрсынұлы
      9 Өлеңдері мен шығармалары Махамбет Өтемісұлы
      10 «Тар жол тайғақ кешу» Сәкен Сейфуллин
      11 «Шұғаның белгісі» Бейімбет Майлин
      12 «Таза бұлақ» кітабы және өзге де шығармалары Ыбырай Алтынсарин
      13 «Қан мен тер» Әбдіжәміл Нұрпейісов
      14 «Көшпенділер» Ілияс Есенберлин
      15 Өлеңдері мен шығармалары Мұқағали Мақатаев
      16 «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» Бердібек Соқпақбаев
      17 «Ұлпан» Ғабит Мүсірепов
      18 «Ақиқат пен аңыз» Әзілхан Нұршайықов
      19 «Махаббат қызық – мол жылдар» Әзілхан Нұршайықов
      20 «Ұшқан ұя» Бауыржан Момышұлы
      21 «Аласапыран» Мұхтар Мағауин
      22 «Өлгендер қайтып келмейді» Бердібек Соқпақбаев
      23 «Аманай мен Заманай» Сәкен Жүнісов
      24 «Өркениеттің адасуы», өлеңдері мен шығармалары Мұхтар Шаханов
      25 «Қарғын», «Сүйекші», «Тіршілік» Дулат Исабеков

      Маған ұнайды:
      12.06.2013, 15:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      БТ:40 мың сұрақ оқушының миына салмақ түсіру емес пе?»
      Дата: 16.03.2013 в 09:52 · Категория: Без категории

      ҰБТ-ға ғылыми тұрғыдан талдау жасап, ендi соны жұртшылықпен бөлiскендi жөн көрдiм.

      Ғылыми талдау­лар мынаны көрсеттi: 1) әрбiр пән бойынша шамамен 8-10 мың сұрақ құрастырылады екен. Және сұрақтар осы пәндердiң 5-11 сыныптардағы бағдарламасы негiзiнде құрастырылады. Сонда бес пән бойынша 40 мыңдай сұрақ құрастырылады екен. Осы сұрақтарды әрбiр оқушы қарап шығуы керек. Бұл оқушының миына қандай салмақ түсiредi десеңiзшi! Оның үстiне, бұл сұрақтардың мазмұны кейде орта мектеп бағдарламасына сай келмей жатады және т.т. Тестiнiң мәнi мынада екен­дiгi белгiлi: әр сұраққа бес жауап дайындалады, оқушы соның тек дұрыс болатын бi­реуiн ғана белгiлеуi керек. Сол себептен де көптеген жағ­дайда оқушы сұрақ нөмiрi мен оның дұрыс жауабының нөмiрiн жаттаумен айналысады. Сонымен қатар тест сұ­рақтары оқушының 7 жыл бо­йына алған пәндiк бiлiм деңге­йiн дәл анықтауға мүм­кiндiк бермейтiнiн көр­сеттi. Тест нә­тижесiнде пәндiк ба­ға­ны белгiлеу ережесi де түсiнiк­сiз.Қорыта келгенде, ҰБТ оқу­шы бiлiмiн сырттан анықтауға мүмкiндiк бергенiмен, дайындығы нашар оқушыға сырттан көмек iздеуiне көп уақыт бередi және оқушының пәндiк бiлiм деңгейiн нақты анықтай алмайды деген қорытынды жасауымызға болады.Жоғарыдағы пiкiрлерiмнiң дұрыс екенiн негiздеу үшiн Қазақстанның Еңбек Ерi, Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия директоры А.Т.Мирзоянның “Алматы ақшамы” газетiнде осы жылдың 16-шы тамызында жарық көрген “ҰБТ нәтижесi мектеп рейтингiсi­нiң көрсеткiшi бола алмайды” деген мақаласына сiлтеме жасағанымыз артық болмас. Мақала авторы ҰБТ жайында сөз ете отырып, былай деп жазады: “Ендiгi аса бiр өзектi мәселе – тестiлердiң бiлiм мазмұны арасындағы алшақтықтың болмауына қол жеткiзу. Ол үшiн орта бiлiм беру стандарттары мен оқу бағдарламалары негiзiнде жалпыға ортақ базалық тест дайындалса деп ойлаймын. Бұл базалық тест – қатаң түрде Ұлттық Бiрыңғай Тестiнiң негiзiне сәй­кес­тендiрiлiп, оқу жылының басында алдын ала жарияланса. Бұл арқылы бiз мектеп бiтiру­шiлердi шексiз түрде басылып шығып жататын дайындық тестi­лiк сұрақтар жинақтары бойынша беталды дайындалудан, оларды сатып алудан, сөйтiп, шәкiрт уақытын босқа шығындаудан және денсаулыққа күш түсiруден сақтар едiк”.Жоғарыда аталған жағдайлар болмау үшiн бiлiмiн тексерту кезiнде оқушының қосымша уақытының болмауын қамтамасыз етуiңiз керек. Ал бұл үшiн бiлiм тексертудiң ұлттық бiрың­ғай жазбаша емтихан (ҰБЖЭ) деп аталатын түрiн енгiзуiмiз керек деген сенiмдемiн. Осы ар­қылы бiз оқушыға берiлген сұрақ­қа жазбаша жауап беру уақытын ғана беруiмiз керек. Әрине, бұл кезде әрбiр оқушыға әрбiр пән бойынша 1-3 сұрақ берiледi. Сұрақ санын оқушының өзi таңдайды. Мысалы, пән бо­йынша төрттiк баға алғысы келген оқушыға екi, ал бестiк баға алғысы келген оқушыға үш сұрақ берiледi. Оның үстiне, берiлген сұрақтарға жауап беру уақыты да әртүрлi. Мысалы, бiрiншi сұраққа жауап беру уақыты – 5, екiншi сұраққа – 10, үшiншi сұраққа – 15 минут. Сонда әрбiр оқушы барлық пәннен бестiк баға алғысы келсе, онда оған 2,5 сағат, ал егерде төрттiк баға алғысы келсе – 1,25 сағат уақыт берiледi. Оның үстiне, егерде бiз қазiргi компьютерлiк техниканың жетiстiктерiн толығынан қолданатын болсақ, онда оқушының пәндiк бiлiм деңгейiн сырттан дәл анықтауға мүмкiндiк аламыз.Айту Ағатаев,педагог-ғалым,Алматы қаласы.
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 9:17
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi

      Билет №3 1. Цитоплазма және оның маңызы. 2. Жануарлар әлемінің сипаттамасы. Жануарлардың биосферадағы маңызы. 3. Мәдени өсімдіктердің орталықтары. Билет №4 1. Зат және энергия алмасу. Адам ағзасы үшін бұл құбылыстардың маңызы. 2. Биологиялық эволюция себептері. Эволюция процесінде өсімдіктердің күрделену деңгейінің өзгеруі. 3. Микроскопты жұмысқа дайындау, ұлғайтылғанын анықтау. Билет №5 1. Асқорыту, адам ағзасына асқорыту бездерінің маңызы. 2. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі жүйелік топтары. Олардың белгілері. 3. Әр түрлі жасушаларының микропрепараттарын қарап, жануар жасушасының препаратын анықтау. Плазмалық жарғақша ерекшелігі. Билет №6 1. Орталық жүйке жүйесі. Жұлынның және ми бөлімдерінің құрылысы, қызметі. 2. Буынаяқтылар-құрылысы күрделі омыртқасыз жануарлар. Олардың буылтық құрттармен туыстығы. Буынаяқтылардың табиғаттағы маңызы. 3. Жасуша теориясын зерттеген ғалымдар. Билет №7 1. Зат айналымы және энергия ағымы. 2. Егер сұр түстен ақ түс басым болса, төмендегі шағылыстырудан қандай ұрпақ күтуге болады: гетерозиготалы сұр аталық, гомозиготалы ақ түсті аналықпен будандастарылады. Есепті шығар. 3. Өсімдік және жануарлар жасушаларының құрылысы, қызметі, олардың ұқсастықтары және айырмашылықтары. Билет №8 1. Жынысты көбею және оның формалары. 2. Түр, оның белгілері, құрамы. 3. Варициалық қатар құруға мысал келтір. Билет №9 1. Гениологиялық әдіс, оның шартты белгілері. 2. Жануарлардың ұрықтану ерекшеліктеріне сипаттама бер. 3. Энергетикалық алмасы, оның кезеңдері.
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 9:11
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Құрметті отандастар!
      Қадірлі Олимпиада жеңімпаздары!

      Баршаларыңызды 30-ыншы жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстанның тамаша жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Екі апта бойы барша Қазақстан халқы ұлы аламанға үкілеп шығарып салған үміттерінің тілеуін тілеп, жанкүйер болды. Алыс сапарға, жауапты жарысқа елдің батасын алып аттанған ұл-қыздарымыз үмітті ақтады! Қазақстан спортшылары ел тарихында бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Лондон төрінде қазақ елінің Көк байрағы 7 мәрте әлемнің барлық елдерінің Туларынан биікке көтерілді. Отанымыздың Әнұраны 7 рет Лондон көгінде әуеледі. Спортшыларымыз Олимпиаданың алғашқы күнінен бастап, соңғы сәттеріне дейін қоржынға медаль салумен болды.

      Құрметті қазақстандықтар!
      Кірпік қақпай, теледидарға телміріп, тілекші болған миллиондаған қазақстандықтың ықыласы әрбір спортшыға қанат бітірді. Осылай, барша қазақстандықтардың мерейі үстем болды. Біз болашақта бұдан да биік асуларды бағындыра береміз.

      Қымбатты достар!
      Мен, барша қазақстандықтарды Ұлттық құраманың Лондондағы ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Біздің олимпиадашылардың Лондон төріндегі жеңісінің төркіні – «жеті», «он үш», «он екі» деген сандармен байланысты болды. Қазақстандық спортшылар он үш медаль жеңіп алды. Бейжің Олимпиадасымен салыстырғанда, біздің «Олимпиадалық алтын жетістіктеріміз» 3,5 есеге өсті.

      Мен, барша қазақстандықтар сияқты, біздің олимпиадашыларымыздың құрметіне Лондон төрінде 7 рет Әнұранымыздың шырқалып, Туымыздың көтерілгенін мақтаныш тұтамын. Он үш - бұл біздің спортшыларымыз жеңіп алған наградалар саны. Алтыннан бөлек, бір күміс, 5 қола медаль бар. Он екі – бұл Қазақстанның Олимпиададағы спорттық рейтингі. Біздің құрама таңқаларлық жетістікке қол жеткізді. Бейжің Олимпиадасындағы 29-шы орыннан Лондондағы ойындарда бірден 12-ші орынға көтерілдік. Қазақстан екі жүз бес Ұлттық құрама арасында жетекші спорттық державалар сапына қосылды. Бұл біздің халқымыз үшін теңдессіз жетістік!

      Құрметті Олимпиадашылар!
      Біз Сіздердің жарқын жеңістеріңізді тағатсыздана күттік! Он алты күн бойы бүкіл ел, Сіздердің ойындарыңызды көріп, жанкүйер болды. Мен, Сіздердің осы бүкілхалықтық қолдауды, Лондон төрінде тұрып сезінгендеріңізге сенемін. Сіздер бүкіл халықтың, менің үмітімді ақтадыңыздар! Бүкіл қазақстандықтар атынан Сіздерге және жаттықтырушыларыңызға, Сіздердің жарқын жеңістеріңізге үлес қосқандардың барлығына алғыс білдіремін. Бүгін осы кешке Сіздердің ата-аналарыңызды шақырдым. Оларға біздің көпұлтты елімізге спорттық даңқ сыйлаған Сіздердей батырларды тәрбиелегені үшін рахмет айтамын!

      Құрметті қазақстандықтар!
      Қазақстанның Олимпиадалық жетістігінің үш себебі бар. Бірінші – мемлекеттің дене шынықтыру мен спортты қолдауы. Спорт пен салауатты өмір салты – бұл «Қазақстан-2030» стратегиясының басты бағыттарының бірі. Біз бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарудамыз. Ең табысты 20 қазақстандық олимпиадашы еліміздегі 16 аймақтың 14-нен. Бұл бүкіл елде спорт саласының маңызды түрде дамып келе жатқандығын білдіреді.

      2006 жылы менің тапсырмам бойынша жоғары деңгейдегі спортты қаржыландыру 3 есеге өсті. 2012 жылдың бюджетінде бұл бағытқа 10 миллиардқа жуық теңге бөлінді. Бүкіл ел аумағында 33 мың спорт нысаны салынып, жұмыс істеуде. 70 мыңнан астам спорт секциялары бар. Спортпен айналысатын қазақстандықтардың саны – 3 миллион. Біз спортты қолдау саясатын жалғастырамыз.

      Екінші – бұл талант, әрбір қазақстандық олимпиадашының жеңіске деген құштарлығы. Сондай-ақ, жаттықтырушылардың толассыз еңбегі. Біз біздің спортшыларымыздың сайыстардағы қиын тартыстарының куәсі болдық. Біз, әрбір қазақстандық жеңістің ауыр еңбекпен келгенін көрдік. Олимпиада күндері алғашқы алтынды әкелген Александр Винокуровтың жеңісі, Қазақстанның Олимпиададағы жеңісінің бастауы болды. Зүлфия Чиншанло мен Майя Манеза, Светлана Подобедовалардың ауыр атлетикадағы жеңісі біздің Олимпиададағы жеңістерімізді жалғастырды. Илья Илин әлемдік рекордпен қатар, Тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиаданың екі мәрте чемпионы атанып, өзінің теңдессіз көшбасшылығын дәлелдеді. Илья мен Зүлфия жаңа Әлем рекордын, Светлана Олимпиадалық рекордты жаңартты. Ольга Рыпакованың алтын әкелген үштікке секірісін біз ұмытпаймыз. Даңқты боксшы, Ұлттық Олимпиадалық құраманың капитаны Серік Сәпиевтің «алтын» жеңісі Қазақстан үшін Лондон Олимпиадасындағы жеңісті мәре болды. Серік тартыс нүктесін жеңіспен қойып, Баркер Кубогын алып, техникалық жағынан «ең мықты боксшы» атанды.

      Бейжіңдегі сәтсіздіктен соң, мен оны жеке өзім қолдадым. Қазақстан қоржынына өз үлесін Олимпиаданың күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, қола медаль иегерлері Марина Вольнова мен Иван Дычко, палуандарымыз Гюзель Манюрова, Даниял Гаджиев пен Ақжүрек Таңатаров та қосты. 7 спортшымыз бокс, ауыр атлетика, грек-рим күресі мен еркін күрестен 5-ші орынға ие болды. Бұл болашаққа арналған қосымша күш. Қазақстандықтар Олимпиаданың басқа да бағдарламалары бойынша табысты өнер көрсетті. Бұл біздің ел спортының әлеуеті зор екендігін көрсетеді.

      Олимпиадалық жетістіктің үшінші себебі - еліміздегі халықтар достығы мен бірлігі! Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы нағыз «спорттық Халық Ассамблеясы» болды. Біздің Олимпиада чемпиондары, жүлдегерлері 6 халықтың өкілдері. Олар 9 облыста, Алматы мен Астана қалаларында тұрады. Біздің құрама Лондонда бір жанұя сияқты өнер көрсетті. Олимпиадалық құраманың жаттықтырушылары да әр ұлттан құралған. Қазақстандық спортшылардың жеңістері, біздің халқымызды біріктіре түсті. Қазақстан Республикасында бірлік пен теңдіктің, бауырластық пен патриоттықтың барлығын көрсетті.

      Қымбатты достар!
      Біздің Олимпиадашылардың табысы – еңбекқорлық пен партиоттықтың, жастар мен барлық қазақстандықтардың өз күшіне сенімділігінің көрсеткіші. Мен, осы Олимпиада чемпиондарының табысы мыңдаған жастардың жүрегіне от береріне сенімдімін. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан 63 жазғы, қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары, соның ішінде 18 Олимпиада чемпионын тәрбиеледі. 116 қазақстандық түрлі әлем чемпионаттарында үздік орындардан көрінді. Қазақстанда 250 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер 418 балалар, жасөспірімдердің спорт мектептерінде шынығады. Мен, біздің спортшыларымыздың жеңісінің стадиондарға жүздеген болашақ чемпиондарды әкелеріне сенімдімін.

      Әлемдік спорттық жетістік – бұл мемлекет әлеуетін көрсетудің ең тамаша мүмкіндігі. ХХІ ғасырда тек күшті, дені сау ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан, мен Үкімет алдына 2020 жылға қарай елдің 30 пайызын спорт пен денешынықтыруға жұмылдыру туралы міндет қойдым. Біздің спортшыларымыздың табысы – бұл салауатты өмір салтына шақырудың жарқын көрінісі. Егер әрбір қазақстандық біздің олимпиадашыларымыздай, мақсатына жетуге ұмтылса, Қазақстан, сөзсіз, жетекші елге айналады.

      Құрметті олимпиадашылар!
      Құрметті чемпиондар!
      Сіздердің жеңістеріңіз – Қазақстанның Әлем чемпионаттары мен спорттық ойындарын өткізу құқығына жай қол жеткізбегендігінің айғағы. Азиада ойындарынан кейін, бізде бай тәжірибе бар. Барша халық біздің елде 2017 жылы өтетін Универсиадаға дайындалады. Спортшыларымыздың алдында 2014 жылғы Сочи Олимпиадасына қатысу күтіп тұр. Және Рио-де-Жанейродағы ХХХI Олимпиада ойындарына дайындалу қажет. Енді бізге биіктен түспеу керек. Мен, қазақстандық спорттың алдында әлі де жеңістер мен жетістіктердің мол екендігіне сенемін. Олимпиададағы табыс - Отан алдындағы үлкен еңбек. Сондықтан, мен біздің спортшыларымыз бен жаттықтырушыларына Мемлекеттік наградалар беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Менің тапсырмам бойынша, әрбір Олимпиада чемпионына мемлекет 250 мың доллар, күміс жүлдегеріне 150 мың доллар, қола жүлдегерге 75 мың доллар төлейді. Барлық әкімдерге өз жерлестерінің Олимпиададағы жетістіктерін өз деңгейінде атап өту туралы тапсырма берілді. Мемлекет Сіздерге әрдайым қамқорлық жасайды. Мысалы, Өскеменде жаңа спорт кешеніне Ольга Рыпакованың атын беру жоспарланып отыр. Бұл шешімді қолдаймын. Әрбір спорт мектебі мен стадиондар біздің олимпиадашылардың есімдерін иеленуге құқылы.

      Қымбатты отандастар!
      Лондон Олимпиадасы Қазақстан спорты тарихына алтын әріптермен жазылады. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін 31-ші жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан ең мықтылардың қатарында барады. Ендігі міндет - ел абыройын осы биіктен төмендетпеу. Біз сендерден болашақта да ерен ерліктер, жарқын жеңістер күтеміз! Жеңістерің жеңістерге ұласа берсін! Еліміздің мәртебесі биіктей берсін! Қазақстан жасасын!
      Маған ұнайды:
      04.05.2013, 8:41
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Ғабит Мүсірепов → Тастың әңгімесі
      Тастың әңгімесі
      Мен қара мрамор, қара таспын. Адам қолынан өткен соң айнадаймын. Алдымдағының бәрін көремін, түгел көремін. Адам күнге қарай алмайды. Мен қарай аламын. Адам қызыға қарайды, қуана қарайды, қорқа қарайды. Мұның бірі де дұрыс көру емес. Менде ондайдың бірі де жоқ, мен анық көремін. Мен түнде ғана көре алмаймын.
      Мен қара мрамор, қара таспын. Көргенімді ғана айта аламын. Мен адамның қуанышын да сезінбеймін, қайғысын да сезінбеймін. Менде көргенімнен бұзылар көңіл де жоқ. Мен қалай көрсем, солай ғана айта аламын. Менің куәлігімнен адам өзі қандай қорытынды жасар, оны адамның өзі білсін.
      Ол мейрам күні емес-ті. Бұл кезде бұл елде мейрамға ұқсар еш нәрсе жоқ-ты. Соғыс салмағынан жаншылып, жеңіліс азасын енді ғана сезіне бастаған ел езу тартуға ұялатын. Менің алдымнан ылғи жабырқау адамдар өтіп жатты. Көпшілігі балғын жастар, оқушылар, әйелдер мен кәрілер. Жемірілген өкшелер, жырым-жырым шалбар балақтары өтіп жатты. Қабақтары түюлі, үсті-бастарына қара май, көгалжім, сарғылт бояулар жұққан, шалбар тізелері бұлтиып кеткен жұмыскерлер мана, күн шықпай өткен.
      Соғыстан бұрын қыздар менің тұсымнан өткенде көздері бір жарқ етіп қалушы еді, қазір ол да жоқ. Балалар мойны жіңішкерген, әйелдер еңсесі түсіңкі, барлық адам кішірейіп, шөгіп кеткен. Бірен-сараңдаған соғыс машиналары үн шығармай, ұрланып қана кетіп барады. Бұған дейінгі кеудем соқ, әңгі жүрістің уақыты өтіп кеткендей.
      Аспан бұлтсыз, күн шаңқан ыстық еді. Қаланың орталығын түгел орап алған орманды таулар ыстықтан балбырап, мүлгіп тұр. Менің бетіме жібек көйлектің желпігеніндей де леп келмейді. Көше бойындағы ағаш жапырақтары әлдеқандай дыбысқа тоса қойған құлаққа ұқсап тынып қалыпты.
      Қала төбесінен жарты километр биікте әлдене бұрқ етті де от - жолақ, аппақ бағана орнай қалды: жоғарғы жағы бұрқырап қайнап, бұйраланған ақ қалпақ түбі қаланың дәл орталығына қадалыпты. Жан-жаққа мен көріп-білмеген от тасқыны, жарық тасқыны гу ете түсті. Қала отқа түскен қағаздай бүрісіп бір қалды да жоқ болды. Темір жанып күлге айналды. От пен жарық сұрапылы көзінді ашып-жұмғанша қаланы тозаңға айналдырды да үлкен бір өңеш барлық шаң-тозаңды суырып-сорып аспанға ұшырып әкетті. Қала орнында кедір-бұдырлы қара күйік қалды. Мен, құлағым болса, аспанның жарылғанын естідім дер едім. Содан саңырау болып қалдым дер едім. Бірақ, мен қара таспын, еш нәрсені естігенім жоқ.
      Аспаннан жерге найзадай қадалған от тасқыны менің алдыма әкеліп бір топ адамды үйіп тастады. Бәрі де атылып келіп түсті. Бәрі де зеңбірек өңешінен атылғандай пәрмендеп келіп соғылып жатыр. Аяқ-қолдар үзіліп кетіпті. Бастар мылжа-мылжа... Адам басы тасқа келіп соғылмауға керек екен де... Менің бетіме шұбатылған адам ішектері келіп жабысты, адам қаны шашырады. Ішектер жабыса беріп күйіп кетті, қан шашырай беріп күйіп кетті. Ауа отқа айналды.
      Трамвай аялдамасында ығы-жығы адам. Іші-тысы толған адам, трамвай орнынан қозғала берді де лап етті. Трамвайдың темір қаңқасы бір сәтке ғана көзге ілекті де жоқ болды. Ығы-жығы болып тұрған адамдар да ғайып болды. Адам күйгенін сезінген жоқ, өлгенін сезінген жоқ. Егер жетпіс бес мың адамның күйгенін сезініп, ауырсынып ыңыранғанын естісең не болар едің?!
      Мыңдаған жас балалардың мөлдіреген қара көздері күйіп жатқанын көрсең не болар едің?! Мыңдаған мектеп қыздарының киімдері лып етіп кетіп, жалаңаш қалған балғын дененің қуырдақтай шыжылдап қуырылып жатқанын көрсең не болар едің?! Әйтеуір мен соны көрген жоқпын. Жылан тілі жылт еткендей ғана уақыт өтті, қала жоқ болды. Ілезде қала орны кедір-бұдыр қара күйік дала болып жапырақтары жұлқына бұйраланып алай-түлей болды да, күзді күні топталған қара торғай сияқтанып бұрқ етіп ұшып кетті. Тау бөктерінде мыңдаған піл өліктері жатқандай.
      Қаланы өртеп, шаң-тозаңға айналдырып, ұшырып әкеткен бәлені тұра қуғандай жел аңырап кетті. Жолында жеңіл үйлер кездессе бұ да жұлып әкететін. Құйындатып, ұйытқып соғады. Қаланы талай кезген жел, қала бақшаларын талай иіскеген жел бүгін қара күйікті иіскелеп жүр. Қара күйік тым үлкен, бүкіл бір елдің басына қара жамылуға жететін.
      Қара күйіктің алау-жалауы басыла бергенде тіршілік қозғалысы белгі берді. Алдымен аң-таң алақтаған балалар көрінді. Аң-таң болмасқа амал жоқ. Бала түгіл үлкеннің ойына мұндай апат барлығы келген емес. Бұл дүниеге бірінші рет келген апат. Адам жасаған, адамның өзін қыру үшін жасаған апат.
      Балалардан кейін қара күйіктің маңайына әйелдер, шалдар келді. Айнала қаранады, қаланы іздейді. Таба алмай жүр. Таныс дүниесін тани алмай қалыпты. Таба алмассың да, тани алмассың. Адам, сен оны іздеме, қара түнек қайдан қопарылып кетті, соны ізде! Зұлымдық ордасын өрте!
      Қара күйіктің қақ ортасында бір-ақ үйдің қаңқасы көрінеді. Айналасы тып-типыл. Бұл бес қабат, төбесі киіз үй сияқты көк күмбез, дөңгеленіп бітетін үй болатын. Өзі де дөңгеленіп салынған үй. От найзалар тура қадалмады ма, әлде дөңгелене салынған үйге соғылған от топаны екі жағынан сусып кетті ме, әйтеуір сол үйдің қаңқасы аман қалған.
      Қара күйікте қыбыр-қыбыр тіршілік басталды. Быт-шыт болған, қуырылып қалған адам денелерін өртеп жүр. Адам өртенген ұясының орнын тазалап жүр. Біреудің қолын, біреудің басын, енді біреудің әлденеменесін тауып алып, шөмелелеп, үйіп өртейді. Менде естір құлақ болса, ең ауыр азап осы болды дер едім.
      Ұзамай менің қарсы алдыма бірнеше жазулы тақтайлар пайда болды. Апат отының ыстықтығы үш жүз мың градус екен. Апат оғы қадалған жердің айналасы бір километр көлемінде жанды-жансыз түгел жоғалыпты. Одан әріректе апат күші бәсеңсіген. Тас пен темір балқып барып, есін жинаған. Жан иесі бұл маңайда да түгел қырылған.
      Мен қара мрамор, қара таспын. Айлар өтті, жылдар өтті, мен оны санай алмаймын. Мәңгілік уақытты ғана білемін.
      Қазір баяғы қала қайта орнына түсті. Бұрынғысынан биік те көркем, көшелері кең. Қара күйіктен із қалған жоқ. Адамдар жабылды, таулар жабылды, сулар жабылды. Бақшалар тірілді. Бұл жөнінде адам еңбегін жыр қылып айтуға болар еді. Бірақ, менің айтайын дегенім ол емес, анау сұрапыл апат жайы. Темір өртенген күн, тас өртенген күн жайы. Ұмытпа демекпін. Сақтан демекпін.
      Апат топаны қадалған, қаланың қақ ортасында қазір биік тас ескерткіш тұр. Оң қолын жоғары көтеріп, сұқ саусағымен аспанды меңзеген адам мүсіні. Екі көзі жұмулы, енді аспаннан апат келмеуін тілеп отырғандай.
      Менің айтарым да осы ғана. Ол үшін не шара бар, оны адам тастан сұрамас деймін...
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:43

      01.05.2013, 16:27
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.
      1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді.
      1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді.
      Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды 1959-1970 жылдар аралығында “Пионер” журналында қызмет атқарады. 1970-1973 жылдар аралығында “Балдырған” журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар және жастар әдебиетінің бас редакциясы мен “Жалын” журналының бас редакторы қызметін атқарды.
      Тұманбай Молдағалиевтың өлең, поэмалары 40-тан астам жинақ болып басылып шықты.
      1954 жылы Т. Молдағалиевтін тұңғыш өлеңі “Украина қызына” жарияланды. Алғашқы өлеңдер жинағы “Студент дәптері” 1957 жылы жарық көрді. Т. Молдағалиев нәзік сырлы, ойлы да отты жырлармен танылды. 1960 ж. ”Кәмила”, 1961 ж. ”Көктем таңы” , 1963 ж. «Алатау қызы», 1964 ж. ”Ферюза туралы жыр”, 1965 ж. ”Зулайды күндер”, 1966 ”Жүрегім менің сапарда” және т. б. жинақтары шықты.
      1967 жылы жарық көрген “Жаңа дәптер” атты кітабы үшін 1968 жылы ”Қазақстан комсомолы” сыйлығының лауреаты атанды. “Ескерткіш” (1969 ж.), “Шақырады жаз мені” (1970 ж.), “Жүрек ояу қашанда” (1972 ж.) атты кітаптары да оқушылардың ілтипатына бөленді.
      Оның “Қош, көктем” атты таңдамалы өлеңдер кітабы (1971 ж.), “Хаттар” атты поэмалар жинағы (1974 ж.) жарық көрді.
      Т. Молдағалиевтің орыс тілінде “Я — сын Семиречья” (1962 ж.), “Первая встреча” (1968 ж.), “Новая тетрадь” (1969 ж.) атты өлеңдер жинақтары шықты.
      Т. Молдағалиев көптеген ән мәтіндерін жазды. Оның “Құстар қайтып барады” (музыкасы Н. Тілендиевтікі), “Бақыт құшағында”, “Әнім сен едің” (музыкасы Ш. Қалдаяковтікі), “Ертіс вальсі” (музыкасы Жамақаевтікі), “Шақырады көктем” (муз. Ә. Бейсеуовтікі) атты әнге жазылған өлеңдері халық арасына кең тараған.
      Ол Байрон, М.Ю. Лермонтов, Т.Г. Шевченко, Туманян, С. Канутикян, Ғ. Ғұлам, Х. Ғұлам, Р. Ғамзатов, Ұйғын, Зулфия, Д. Жалсараев және т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударды.
      Ақынның 1990 жылы 13 томдық шығармалар жинағы, 2004 жылы 14 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. 1992 жылы Физули атындағы Халықаралық түркі дүниесі ақындары сыйлығы тапсырылды.
      Тұманбай Молдағалиев шығармашылығының ең басты ерекшелігі - оның өлеңдері сезімге толы.

      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:25
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Есенберлин Ілияс 1915 жылы Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында дүниеге келген. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, “Жазушы” баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы 1983 жылы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин — жазған романдарының саны ең көп, өзіндік қолтаңбасы бар аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы “Айқас” (1967), “Ғашықтар” (1968), “Алтын құс” (1971), “Көлеңкеңмен қорғай жүр” (1974), “Маңғыстау майданы” (1978), “Аманат” (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды, қалың көпшілік сүйіспеншілігіне бөленді.
      Тарихи романдары. Есенберлиннің нағыз жазушылық орнын белгілеген шығармалары — „Көпшпенділер“ тарихи трилогиясына енген “Алмас қылыш”, ”Жанталас”, “Қаһар” атты тарихи романдары.
      Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады. Жазушылар тарихи романда тарихты жаңғыртумен шектеліп қоймай, адамгершілік, психологиялық, мәдени мәселелерді біртұтас көтеруге көңіл бөледі.
      I. Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдағы қыруар қиындықты, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт-сананы көрсетеді Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелерге сүйене отырып, қаламгер қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасайды білді.
      “Алмас қылыш” романы — XV ғасырдағы елеулі оқиғалардан аса көп мағлұматтар бере алады және ол оқиғалардың жылнамалық реті сақталған. Сол себепті де оны роман-хроника деп атауға болады. Роман-хроника болғандықтан, онда көптеген тарихи оқиғалардың тізбегі басым келуі — жанрлық заңдылық.
      “Алмас қылыш” романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.
      Қаламгер романының басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.
      Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.
      Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ.
      Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған, Саян, Орақ секілді кейіпкерлер романның идеялық жүгін едәуір көтеріп тұр. Мәселен, Қазтуған мен Қотан ақындардың айтысы арқылы роман бүкіл қазақ даласының тарихи көрінісін, шежіресін береді, халықтың сан ғасырлық өмірін, күрестерін, олардың сыры мен сипатын айтады.
      “Көшпенділер” трилогиясының “Қаһар” атты кітабында I.Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.
      “Қаһарда” қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.
      Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген.
      “Қаһар” романында Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, “Ташкентті шабу керек” деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.
      Аталған романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір сиқын жалаңаштай түседі.
      I.Есенберлиннің “Қаһар” романы — қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күрес шежіресіне қосылған, оның Кенесары қозғалысы сияқты аса ірі кезеңінің ішкі сырларын көркем түсінуге көмектесетін елеулі тарихи шығарма. Сондай-ақ бұл еңбек Кенесары ханның тұлғасы мен батырлық әрі адамдық қасиеттерін нақышына келтіріп суреттейді.
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:23

      Фариза Оңғарсынова - Халық жазушысы.
      1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
      1961 жылы Гурьев мемлекеттік педогогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркіндала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
      1966-1968 жж. Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкері.
      1968-1970 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарған.
      1970-1978 жж. республикалық «Қазақстан пионері» газетінің бас редакторы, 1978 ж. желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы.
      Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан. Әр жылдары 20-дан астам өлең жинақтары, очерктері, таңдамалы шығармалары, «Біздің Камшат» повесі, аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
      Орыс, туысқан республикалар ақындарының, Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
      Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
      «Жүрек сенсің...» деген өлеңіндегі төмендегі жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын, ар-ождан тазалығына тәнті боласыз.

      Бар сияқты менде де сана шыдам,
      Жылағанды демеуге тағы асығам,
      Жасайын-ақ десем де бір астамдық,
      Қорқам ардың айбалта – жазасынан.

      Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:

      Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,
      Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.
      Айтар сөзін көмейге көміп қойып,
      Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.

      Ақының творчествосына тән басты қасиет – шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.
      1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың» жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың поэмасында нанымды, салмақты көрініс тапқан.
      1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен» өлең топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
      Ленин комсомолы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
      Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:22
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Майқы би (ХІІ – ХІІІғғ.) – халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген ескі сөз бар.
      Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан Шыңғыс ханмен қарайлас, болмаса ептеп үлкен болуы мүмкін.
      Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
      Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі – Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді.
      Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін жер атымен «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
      Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар» деп өсиет қалдырған.
      Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт халықтары да өз биіміз деп есептейді. Бұған шежіреде көрсетілгендей, Төбе биден тараған Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтардың арасына барып, сіңісіп кетуі себеп болса керек.
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:19
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
      Дерекнама

      Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ. Шын аты — Мұхаммедханафия, әжесінің бала күнінде "Шоқаным" деп еркелетіп айтуымен, "Шоқан" аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы - қазақтың ұлы ханы — Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты, аға сұлтан лауазымын иеленген.
      "Жеті жұрттың тілін білуге тиісті" хан тұқымы болғандықтан, ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы ка-дет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да басып озып шығады» (Г. Н. Потанин). Ол осында белгілі шығыстанушы ғалым И. Н. Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның "Жарлығына" талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын.
      Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан хандығының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу бағытында жұмыс істеу үшін ұйымдастырылған экспеди-цияға катысьш, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді, Жонғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында қазақ, қырғыз ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинап алады. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны наградаға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик атағын алады. Келесі жылы М. М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми экспедицияға қатысып, кырғыз елін жете зерттеп, Ыстыккөл аймағының картасын жасасады. "Манас" жырын жазып алып, Іле өзенінің басындағы Манас жорық жасады деген жерлерді барып көреді. Сібір мен Тянь-Шань аралығында көшіп жүрген қырғыздар Алатаудың автохтонды ежелгі тұрғындары екенін тарихта тұңғыш рет анықтап береді. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған географ К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, тарих, география саласындағы данқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.
      Шоқанның Қашқарияға сапары ғалымдық, ағартушылық саласындағы еңбегінің жаңа белеске көтерілуіне жол ашты. Қоқан хандығының Қашқардағы консулы әрі саяси резидентінің көмегімен Қашқардың экономикалық саяси кұрылымын зерттеп, бұл халықтың тарихы мен этнографиясынан көптеген материалдар жинайды. Қашқар сапарынан "Алты шаһардың, яғни Қытайдың Нан-лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы" атты еңбегі дүниеге келеді. Бұл — Шығыс Түркістан халықта-рының тарихына, әлеуметтік кұрылысына арналып, сол заман ғылымының биік деңгейінде жазылған әлемдегі тұңғыш зерттеу жүмысы еді. Ұзамай ол Германияда, Англияда жарияланады.
      Шоқаннан қалған мұраның бірі — бейнелеу өнеріндегі зерттеулері. Бұл еңбектер оның өнердің осы саласындағы қазақтың тұңғыш профессионал суретшісі болғанын дәлелдейді. Ол негізінен портрет, пейжаз және халықтың тұрмыс-салтын бейнелеумен айналысқан. Одан 150-дей сурет қалған.
      Науқасы меңдегендіктен Петербургтан елге оралған Шоқан туған халқының екі жақты қанауда езілгенін көріп, 1862 жылғы сайлауда Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынады. "Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды чиновниктен, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім — өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді" деп жазады ол бұл туралы досы Достаевскийге. Бірақ ол бұл мақсатын орындай алмай, аға сұлтандыққа өте алмай қалады. Осыдан кейін М. Г. Черняевтің экспедициясында болып, оның жазықсыз елді қырғынға ұшыратқан қанқұйлы қаталдығын көргендегі жан күйзелісіне қосылып, Шоқанды бәрін тастап, ел арасына кетуге мәжбүр етеді. Тән ауруы мен жан ауруына шипа таба алмаған Шоқан 1865 жылы Алтынемелде, Көшентоғай деген жердегі Тезек төренің ауылында қайтыс болады.
      Шоқанның мандайына "жарқ етіп сөнген құйрықты жұлдыздай" қысқа ғана ғұмыр сүру жазылды. Бірақ ол сол аз ғана ғұмырында адам қабілетінің ғажайып мүмкіндіктерін, гуманизмнің биік өресін, ұлтжандылықтың жалтақсыз үлгісін, ғылыми қабілет пен алғырлықтың қайран қаларлық өнегесін барша болмысымен, нақтылы іс-әрекетімен дәлелдеп үлгердi
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:17
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ САРДАРЫ
      Ол соғыстан кейiнгi ғұмырының барлығын «олжа өмiрге» балайтын. Бұған өзi мынадай уәж айтар едi.
      – Мен соғыс кезiнде ажалдың алдына күн сайын неше барып, неше қайтқан адаммын. Перiштем қақты ма, әлде суiшкiлiгiм болды ма, соның бәрiнде аман қалдым. Ал алғаш шабуылға шыққан күнi-ақ бiрiншi оққа ұшқан бейшаралар аз ба! Солардан менiң қай жаным артық едi. Ендеше мына көрiп жүрген күндерiмдi «олжа» демей не деймiн.
      Неткен тәубашылдық! Бiр-ақ ауыз сөздiң астарында қаншама мән-мағына жатыр! Тарта берсең, шыға бередi. Ақыл-парасат. Оған қоса жүректiң лүпiлi. Бергенге шүкiршiлiк. Тағдырға ризашылық. Құдды пiрадарлық қанағат.
      Пiрадарлық демекшi, бiрде мен:
      – Қасым аға, дiнге сенесiз бе? – дегенiм бар тосыннан, төтесiнен.
      – Шырағым, бiз өте қиын, күрделi уақытта өмiр сүрген ұрпақпыз, – деген ол аппақ қалың қасын құс қанатындай қағып қойып. – Әркiм өз заманының перзентi ғой. Жақсы болсын, жаман болсын, мен де өз заманымның, өз уақытымның перзентi болдым. Жылдар бойы соның айтқанына көндiм, дегенiне сендiм: – («Сендiм» дегендi ол өзi отырған төсек тұсында, кiлем үстiнде iлулi тұрған Сталиннiң суретi мен ұзын қылышқа қарап нығыздап айтқан). – Сол сенiммен жетпiс жыл өмiр сүрген кезiмде, «қайта құру» деген басталған. Менiң замандастарымның көбi оған тез бейiмделдi, тез «қайта құрылып» үлгердi. Кешегi күнi, бiреудiң басынан сәлде көрсе, ит көрген ешкiкөзденiп шыға келетiн коммунистердiң алды – молда, арты – мүрит болды. Әрине, оларға сенiң бұның қалай деуге бола ма? Бiрiншiден, «ештен кеш жақсы», екiншiден, кiм-кiмнiң де өз еркi өзiнде емес пе? Бұл жағынан менiң де ерiк сенiмiмдi ешкiм тартып алмаған...
      Бұны қалай түсiнсең, солай түсiн дегендей ол маған жалғыз көзiн тiктей қарап, бiраз үнсiз отырып қалған. Тек недәуiр уақыттан кейiн ғана:
      – Қандай дiнсiз, имансыз адам болса да, жаны алқымға тiрелгенде ол алдымен Құдайды аузына алатыны анық, – деген тағы да. – Қиын-қыстау сәттерде, бұны өзiмiз де талай бастан кешкенбiз. Әншейiнде, қос қолымен көк тiреп жүретiндей көрiнетiн адамның тағдыр алдында өзiнiң түкке тұрғысыз бейшара екенiн сезiнетiн кезi де сол кез ғой. Бiрақ сонысын қас-қағым сәтте, түйесi көпiрден өтiсiмен-ақ ұмытып кететiнi өкiнiштi-ақ!.. Тағдыр демекшi, мына бiр жағдайды немен түсiндiрерiмдi өзiм де бiлмеймiн. Мен жаратылысымнан ырымшыл адаммын. Ал ырым еткен дүнием қолмен қойғандай келетiнi бар. Бұны,әсiресе, соғыс кезiнде көп көрдiм. Жорыққа шығар алдында, жiгiттердi сапқа тұрғызып қойып, әр қайсысының бетiне үңiле қарап өтетiн әдетiм-дi. Сонда осы жорықтан кiмдердiң қайтпай қалатыны маған анық сезiлiп тұрушы едi.Бұған ендi не дейсiң?!
      Мен не деймiн? Қаскеңнiң қарапайымдылығына, шыншылдығына риза болып отырамын. Ол көбiнде неғұрлым кiшiрейiп сөйлегендей болады, бiрақ сонысымен соғұрлым биiктей түсетiнiн бiреу байқамайды.
      – Ұлы Жеңiстiң үлкен бiр мерекесi қарсаңында (30 жылдығы ма деймiн – Д.Ә.) Бауыржан, Рахымжан және мен үшеуiмiздi Советтер Одағының Батырлығына ұсынды ғой. Бiрақ әлдебiр себептермен ол атақты бiз ала алмай қалдық қой, – дейдi ол әдеттегiдей сөз аяғына «қой» мен «ғойды» жиi қоса отырып. – Менi қойшы, ана екеуiне обал болды. Әсiресе, Бауыржанға. Нағыз Батыр, нағыз Қаһарман – сол едi ғой.
      – Аға, сiз Баукеңнiң қандай қасиетiн ерекше бағалайсыз? – деймiн мен.
      – «Ерекше» дегендi жақсы айттың сен. Бауыржан бар жағынан ерекше едi ғой. Ондай әдiлеттi, шындықты сүйген, ұлтын сүйген жан қайда! Сонысы үшiн де оны халқы ерекше сүйедi ғой. Оның соғыстағы ерлiгi, жазған шығармалары, ол туралы аңызға бергiсiз әңгiмелер, бәрi-бәрi – ғибрат, тәрбие, үлгi. Тiптi, бұны былай қойған күннiң өзiнде, «Бауыржан Момышүлы!» деген аты-жөнiнiң өзi әлi сан қазақтың баласына алмас қылыштай – Айбын, болат семсердей – Рух болатыны сөзсiз!
      Қарапайымдылықты, кiшiлiктi жақсы көретiнi сондай, кейде ол «мен болған оқиғаны ғана жазатын адаммын, шын жазушылықтың жөнi басқа ғой деп те салатын. Бұнысы ендi артық соққаны. Жо-жоқ, тым кiшiпейiлденiп кеткенi, әйтпесе, мың-мыңдаған қазақ баласының бала күндерiнде жастанып жатып оқығаны – жазушы Қасым Қайсеновтiң бiрiнен бiрi өтетiн партизандар туралы жазылған шығармалары емес пе едi.
      Кiшiлiк, кiшiпейiлдiлiк дегенде, тағы да мынадай жай еске түседi. Соңғы он шақты жылда Қаскең көзiнiң нашар көруiне байланысты кейбiр дүниелерiн жанындағы адамға айтып отырып жаздыратын болған. Сондай бiр пiкiр-лебiзiне менiң де хатшы болып қалғаным бар. Ол материал газетке («Қазақ әдебиетiне») шыққан күнi Қаскең телефон шалған маған.
      –Дарогой, сен әдемi жазыпсың, жақсы жазыпсың, – деп, әдетiнше менi бiраз мақтап алған да: – Бiрақ сен анау «халқым» деген сөздi менiң аузыма салғаның қалай? Мен солай деуге хақым бар ма өзi? Егер Президент айтса бiр сiрә. Егер оның өзi де жарасып тұрса ғана!Менiң ойымша бұлай деу тек Абайға ғана жарасқан. Әйтпесе, халықты тұтас иемдене сөйлеу кiм-кiмге де әбестеу болар.Менiң маңдайымнан тер шыққан.
      Ол сирек кездесетiн үлкен жүректi адам едi. Бұған мынадан артық қандай дәлел керек. Соғыста адам өлтiрмеген солдат жоқ шығар. Бұл заңды. Сен оны өлтiрмесең, ол сенi өлтiредi. Бiрақ кейiн жауды да адам деп бiлген, оны өлтiргенiн мойындаған, мойындай отырып, кез келген төгiлген қанның сұрауы бар деп, әруақтар рухына мiнажат еткен кiм бар? Рас, ХIХ ғасырдағы орыс жазушысы Всеволод Гаршиннiң «Төрт күн» әңгiмесiнде солдат Ивановтың өзi өлтiрген түрiк жауынгерiнiң мәйiтiне көз салып жатып: «Ау, бұл да мен сияқты адам едi ғой. Менiң шешем сияқты оның да шешесi үйiнде күтiп отыр едi ғой» деп езiлетiнiн бiлемiз. (Бұл шығарманы оқуға кезiнде патша тыйым салған). Сосын Лев Толстой өзiнiң «Исповедь» атты философиялық толғанысында, жас күнiнде iстеген кейбiр iстерiне (соғыста кiсi өлтiру, карта ойнау, жеңiл жүрiстер жасау т.б.) сын көзбен қарай отырып, тәубасына келетiнiн көремiз. Ал қазақта, соғыста өз қолынан шейiт болғандарды телеэкран алдында адамшылықпен еске алған жалғыз Қасым аға едi. Осындайда еске түседi, жауды былай қойғанда, 37-нiң зұлматы мен 86-ның зобалаңында өз қолдарымен отқа итерiп жiберген бауырларының рухы алдында, болмағанда өкiнiш бiлдiрген қай ағамызды көрдiк?!!
      Қаскең Қалтай (Мұхамеджанов) ағамызды қатты сыйлаушы едi. Өз кезегiнде Қалекең де оны өте құрметтейтiн. Екеуiнiң арасында алыс-берiс қағаздар жүрiп жатады. Мақала, хат, құжат дегендей. Олардың бiрiн оқытып, бiрiне қол қойдырып екi ортада мен жүремiн.
      – Ау, дарогой, зам басыңмен тағы да өзiң келiп қалдың ба? Тiлшiлерiңнiң бiрiн жiбере салмадың ба? – дейдi маған кәдiмгiдей жанашыр кейiпте. Сосын артынша: – Е, жарайды, бастығыңа тартқансың ғой. Оның да аяғы жеңiл ғой, – деп бiр қояды.
      Шындығында, менен гөрi сол екi ағамның аяғы жеңiл едi. Жеңiлдiгi сол ғой, екеуi де елдiң шаруасы, өзгенiң шаруасы дегенде, өз жұмыстарының барлығын сиырып қойып, үлкен-кiшiнiң алдында жүредi. «Айналайын, мынауың қиын екен!», «Дарогой, сен бұныңды қой!» деген сөз екеуiнде де болмайды. Бұны бiлетiн үлкен де, кiшi де, екi Алыпты алдына салып алып, қамал бұзып, қорған қиратып жүредi. Кейде артынан екеуiнiң де «Қап! Бұны кiм бiлген!» деп сан соғып қалатын да кездерi болады.
      Бүгiнде Қалекеңнiң қалжыңдарын бүкiл қазақ бiледi. Бұл жағынан Қаскең де қалыспаушы едi. Ең тамашасы сол, екеуi де осы қалжың үстiнде , бiреудi қажап, сүмiрейтудiң орнына, керiсiнше оны көтерiп, көңiлдендiрiп, бағасын арттырып отырушы едi.
      Шын мәнiнде, ұтқыр қалжың, өткiр әдiл – үлкен талант пен ақылдың жемiсi ғой.
      Ақыл мен талантына тамсандырып, ерлiгi мен батырлығына бас идiрiп, адамдығы мен иманына тәнтi етiп, жамағаттан – алғыс арқалап өткен, қайран бiздiң Ағалар!
      Қауым бас қосқан жерде, «әне, Қалекең отыр», «мiне, Қаскең де келе жатыр» дегеннiң өзi бiзге қаншама мәртебе едi. Ал ендi өстiп кiмдердi тұлға тұтар екенбiз?!

      Дидахмет ӘШIМХАНҰЛЫ
      ЕЛ РУХЫН КӨТЕРГЕН ЕР
      Қасым ағамыз қазақ халқының айбарлы тұлғаларының бiрi де бiрегейi едi. Ол кiсi сөйлеген кезiнде дауылдай бұрқырап, арқаланып кететiн де, күлген кезiнде күндей күркiреп тұрушы едi. Сенiмiмiз бен сұсымыз сияқты едi. Ендi ол кiсi де дүниеден өттi. Осындай кездерi өткен күндер еске түседi екен. Баяғыда Горбачевтiң қайта құру заманында Украинада Қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң күндерi өтедi. Мен онда Маңғыстаудамын. Бiрақ сол делегацияның iшiне кiргiзген екен. Бiр күнi «Слабоцк» деген гостиницада жатқан кезiмiзде Қалаубек Тұрсынқұлов ағамыз менi ұстап алып: «Жiгiттердiң бәрi жан-жаққа тарап кетiптi, ал Қасекеңнiң – Қасым Қайсенов ағамыздың Киевтегi Ұлттық кiтапханасында үлкен кездесу болатын едi. Соған бiрге баратын адамды таппай жүрмiз» – деп менi Қасекеңнiң қасына қосып бердi. Қасекеңмен онша таныстығым жоқ. Бiз ол кiсiнi бiлемiз, ал олар өзiнiң соңынан келе жатқан адамдарды бiле бермейдi ғой. Атымызды естiп бiлетiн де шығар. Бiрге бардық. Ығы-жығы халық. Кездесу болып жатыр. Мен онда бiр-екi өлеңiмдi оқыдым-дағы, әрi көрермен, әрi тыңдаушы қалпына түстiм. Негiзi кездесу Қасым ағамызбен ғой. Сол кiсiмен сөйлесiп, көптеген сөздер айтылды. Қайта құру кезеңi – әрпiл-тәрпiл сөздер, қисық пiкiрлер, қиғаш ойлар айтыла беретiн тұс. Сондай құйтұрқы сұрақтар да қойылды. Украинадағы жағдай белгiлi ғой, кейбiр тұстарында «бандеровцы» дейтiн адамдардың ұрпақтары да отыруы мүмкiн. Әртүрлi көзқарастар да болуы мүмкiн. Сондай сұрақтардың iшiнде Қасекең ешқандай қаймығып немесе жасып қалған жоқ, тiке айтты. Ол кiсi сөйлеген кезiнде де кедiр-бұдыр, ойқы-шойқы, стандартты емес сөздердi айтып жiберетiн адам болатын. Сондай-сондай сөздермен де олардың бетiн қайтарып тастағандай болды. Бiрақ кездесу өте тартысты, әдемi өттi. Нағыз, шын мәнiндегi батыр, шын мәнiндегi дархан, қайтпас қайсар, қаһарлы, iрi тұлға екендiгiне сонда көзiм анық жеттi. Ол Украинаның ормандарында, ақ қар, көк мұзында талай-талай сойқан жасаған, талай-талай қауiптен-қатерден өткен. Талай-талай өмiрiне қауiп төнетiн кезеңдердi басынан өткiзген. Сондай iрi тұлға екендiгiне сонда көзiм жеткен едi.
      Негiзi бiз бала кезiмiзден ол кiсiнiң партизандық қимыл-әрекеттерi туралы кiтаптарын оқығанбыз. Бала кезден тыңдап өскенбiз. Бауыржан ағамызды да, Қасым ағамызды да қатты қадiрлеп өскенбiз ғой. Негiзiнен бала кезiнде адам өжеттiкке, батырлыққа құмар болады. Елiн сүюге, ерлiк рухты көтеруде бұл кiсiлер – Бауыржан ағамыз да, Қасым ағамыз да, басқа да соғыс көрген ағаларымыздың ерлiгiн бойымызға сiңiрiп өскенбiз. Сондықтан бұл кiсiлердiң жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде үлкен ролi болды. Кейiннен келгенде, бiр сол таныстық әдемi жарастыққа айналды. Көрген кезiнде: «Айналайын, Темешiм, қалың қалай?» – деп, еркелетiп сөйлейтiн. Жазушылар одағына келiп, қарқылдап күлiп, саңқылдап сөйлеп отыратын адам едi. Әрине, ол кiсi аз жасады деп айтуға болмайды. Айтатыны әлi де көп едi. Жатқан жерi жақсы болсын деймiз, топырағы түбiттей жұмсақ болсын деймiз. Ол кiсiнiң ерлiк бейнесi дархан, өжет сөздерi, биiк мiнезi, үлкен кiсiлiгi бiздiң ойымызда сақтала бередi.

      Темiрхан МЕДЕТБЕК

      «...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз телефон соғып:
      – Сенiмен жолыққым келедi, – дедi.
      Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды.
      Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын!
      –Қасеке! Қасеке!–дей бердiм.–Сабыр! Сабыр! Не болып қалды?–дедiм не iстерiмдi бiлмей.
      –Аямады ғой, аямады. Шырқыратып сабады ғой жастарды! Көрдiм! Өз көзiммен көрдiм! Бәрiн де! Бiрақ дәрмен жоқ. Түк iстей алмадым. Өйткен партизандығым құрысын! Фашистердiң өзi олай қорлай алмап едi. Қорлатпап едiк! Бұлар қорлады!
      –Бiз бере алмасақ та, жазасын Құдай берер! Сабыр етiңiз, Қасеке!–деп жұбаттым.
      –Бұлар баяғыда бiр рет өсiткен. Шаяхметов орнынан түскенде «Бiраз тайраңдап едiңдер, бостандықтарың бiттi осымен! Бiттi осылай, калбиттер!»–деп сабаған шетiмiзден. –Қасекең өксiп-өксiп алды да кiлт тоқтады. Содан кейiн: –Осыны айтайын деп келдiм. Ал қош бол, бауырым!–деп шығып кеттi».

      Қадыр мырза Әлi, «Иiрiм»,
      «Атамұра» баспасы, 2004ж.
      ЕР ҚАСЫММЕН ЕКI КЕЗДЕСУ
      ...Соғыстан соң, зарығып туған ұрпақпыз. Ауыздықпен су iшiп, толарсақтан саз кешiп, батырлар жырындағы кейiпкерлерiмiз секiлдi үлкен батырларымызды пiр тұтып, оларды бiз қиял-ғажайып ертегiлердегi Ертөстiк секiлдi немесе тау қопарғыш дәу секiлдi елестетiп өстiк. Сол Ұлы Отан соғысының жиырма жылдығында бiз он бестегi бала едiк. Ол кезде оң-солымызды таныған, көркем дүниеге көз жүгiртiп, оны көңiлге тоқып зерделей бастаған шағымыз болатын. Бiздiң ауылда, яғни Отырар ауданында Совет Одағының Батыры атағын алған екi кiсi болды. Ол екеуiн бүкiл аудан бiледi, бүкiл ауыл бiледi. Олар туралы аудандық газеттер марапаттап, көп жазатын. Олармен мектептерде кездесулер де жиi өтушi едi. Оның бiрi–соғыстың басынан аяғына дейiн қатысқан Батыр болса, екiншiсi – майданның жартысында жараланып елге қайтып келген Батыр едi. Сонда, бұл екеуiн бiлсе, жалғыз бiздiң ауыл, аудан ғана бiледi, ал неге Батыр атағы жоқ Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсенов бүкiл республика жұртшылығына мәшһүр деп ойлайтынмын. Егер оларға Батыр атағын бермесе, Батыр болмаса, онда исi қазақ қалай қадiрлейдi?! Бiз осылай, түр-түсiн бiлмеген Бауыржан Момышұлы мен Қасым Қайсеновтi көруге ынтық болып өстiк. Қазақстан Жазушылар одағының алқалы жиындарында, пленумның бас қосуларында осы екi алыпты сыртынан көрiп қалатынбыз.
      Бiрақ бiз көрген Қасым Қайсеновтi украиндiктер Вася деп атайтынын бiлетiнбiз. Неге Вася деп атағанын бiлмеймiн?! Алғаш рет ол кiсiнiң тұлғасын көргенiмде таң қалғам. Не деген қажыр-қайрат десеңшi. Басындағы шашының өзi қою, қара ормандай, ит тұмсығы батпайтын тайга деймiз ғой, тарақ былай тұрсын, салалы саусақтың өзi бата бермейтiн, өте қайратты қара шаш. Сол кiсiнiң басына бағынбай тұрған шашының өзiн қарап тұрып, құнарлы шөптiң өзi құнарлы жерге өседi екен-ау деп ойлайтынмын. Жүрiс-тұрысының өзi украиндiктердiң Васясынан гөрi, Алтайдың аюына келедi. Сондықтан да, бiздiң қазақтар ол кiсiнi Алтайдың аюы деп атағанын кейiн естiдiк.
      Сөйтiп жүргенде, осыдан тұп-тура жиырма жыл бұрын сайыпқыран сатиригiмiз, шоқ тiлдi Шона Смаханұлы дүниеден озды. Күздi күнi. Қазан айының қақ ортасы болатын. Шона Смаханұлы көзi тiрiсiнде өзi туып өскен Жамбыл облысы, Талас ауданының Ойық совхозына жерлеңдер деген өсиет қалдырған екен. Сол өсиетiн орындау үшiн бүкiл ағайын-туыс қаламгерлер жиылып, арнайы комиссия құрды. Шона Смаханұлы соғысқа қатысқан адам. Соғысқа қатысқандар атынан Қасым Қайсенов бастап апаратын болды. Жерлес жазушы ретiнде, ауыз әдебиетiнiң зерттеушiсi, зердегерi, қазақтың Затаевичi атанған Балтабай Адамбаев бар, Жазушылар одағының хатшысы Ұлықбек Есдәулет, сатира жанрынан менi қосты. Сөйтiп, төртеумiз Шона ағаның мәйiтiн арнайы машинаға салып, өзiмiз бөлек машинамен жолға шықтық. Жолда Қордайдан өткен уақытта (ол уақытта жанармай өте тапшы болатын) бензинiмiз бiтiп қалды. Түн. Май құятын стансадағы жiгiттер: «Бензин бар, бiрақ басшылардың рұхсатынсыз бере алмаймыз» дедi. Сосын Қасекең тұрды да, стансадағы телефонды қолға ала салып, бiреулерге телефон шалып жатты. Бие сауым уақыт өткен жоқ, сол ауданның бiрiншi хатшысы өзi келiп, амандасып, үш машинемiзге де толтырып бензин құйып бердi.
      Түн жарым ауа Ойық совхозына келдiк. Совхоз директоры Ералы Дәдебаев өр тұлғалы, есiктен еңкейiп кiретiндей еңселi кiсi екен.
      Шона ағамыз өзiнiң ескерткiшiн өлмей тұрып жасап кеткенiн айтты. «Ойпырмай, бәрiмiздiң де алдымызда ажал бар, қашан өлетiнiмiздi кiм бiледi? Осының өзi де қалай болады екен?» дегендей Қасекең қатты ойланып қалды. Ағамыздың ойлы жанарынан: «Алланың өзi жаратты, Алланың өзi алады ғой» дегендей ойды оқыдық. Ол өзiнiң артындағы қалың қазағына, халқына арқа сүйегендей болып тұрды маған. Шона ағамыз қазақ халқы үшiн жаралғанын, қазақтың тiлi үшiн туғанын көрсетiп кеткен жан. Қылышынан қаны тамып тұрған заманның өзiнде Алматыдан қаншама мектеп, балабақша аштырды. Қасекең Шөкеңнiң осы ерлiктерiнiң бәрiн тiлге тиек еттi. «Қазiргi биiкте отырып, билiк айтқандардың көпшiлiгi iштен тынып отыр. Олардың бойында қазақтың намысы тұр, оларда арт жоқ», – дедi. – Айта алмайды, қорқады. Мың шенеунiктiң iстей алмағанын бiр Шөкең iстедi. Мiне, сондықтан да, ол «менi халық жауындай көредi ғой, тiптi маған ескерткiш те қоймас» деген уайыммен, өзiне-өзi ескерткiш орнатып кетуiнiң өзi ақылдылық шығар», – дедi. Шын мәнiнде елiмiз тәуелсiздiк алғаннан кейiн, өзi аштырған мектептердiң бiрiне Шөкеңнiң есiмi берiлдi, алдына ескерткiшi қойылды. Кезiнде халықты ол көтерiп едi, ендi халық оны көтерiп жатыр.
      ...17 желтоқсан күнi Республика премьер-министрiнiң фото тiлшiсi Шүкiр Шахай, «Қазақ әдебиетi» газетiнiң жауапты хатшысы Еркiн Жаппас бар, үшеумiз Қасым Қайсеновтiң үйiне бардық. Тәуелсiздiктiң он бес жылдығы, әрi Желтоқсанның жиырма жылдығы келiп отырған соң, Батырды құттықтау басты мақсатымыз. Көктөбе жаққа, әдемi бiр қабатты үйге көшкен екен. Қыздың жиған жүгiндей, ғажап үй, Қасекеңе жарасып тұрды. Амандасқаннан кейiн-ақ, «Бұл үйдi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сыйлады. Атыңнан айналайын, Иманғали Тасмағамбетов өзi келiп, кiлтiн ұстатты. Олар алдында, «Қасеке, сiзге екi этаж қып салайық» деген едi. «Адамда тәубе, шүкiр деген болуы керек. Екi этажды не iстеймiн, маған бiр этаж да болады. Екiншi этажға көтерiле алмаймын» деп қысқартып тастаған үйiм осы. Осы үйде отырып, тәуелсiздiгiмiздiң он бес жылдығын көргенiме бақыттымын. Өткен жылы туған жерiм Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауылына бардым. Сонда облыс әкiмi Храпуновқа: «Менiң бұл туған жерге табанымның соңғы рет тиюi» деп айтып едiм. Өзiм сезем. Әкем 103-ке келiп қайтып едi. Менiң тоқсанға жете алатын түрiм жоқ»,–дедi Қасекең.
      –Қасым аға, Кеңес өкiметiнiң кейiнгi дәстүрi бойынша 25 жыл отасқан отбасын «Күмiс той», 50 жыл бойы бiрге түтiн түтеткен шаңырақ иелерiн «Алтын той», ал 60 жыл Алланың бұйрығымен тату-тәттi немере-шөбере ерткен киелi үйдiң кейуанасы мен қариясын «Гауһар той» мерекесiмен құттықтап жатады. Сiздердiң отасқандарыңызға 1-қаңтар күнi тұп-тура 70 жыл болыпты. Осы 70 жылдықты қандай той дейдi?,–деп сұрадым.
      Қанға сiңген қалжыңы қала ма:
      –Оны,–дедi Қасым аға әзiлге жығып, – «Алжыған той» дейдi.
      Бәрiмiз күлдiк. «Ол тойдың аты – «Асыл той!» дедiк. Асыл апамыз сөзге араласты. «Бiз жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсан күнi бас қосып, 1 қаңтар күнi быламықпен той жасағанбыз»,–дедi апа.
      «Үйiңiзде қаншама қару-жарақтар тұр. Небiр әскери кiимдер, үш мыңнан астам шежiрелi фото суреттер бар екен. Премьер-министрдiң фото тiлшiсi Сiзге арнайы келiп отыр екен, Қасеке. Премьер-министрдiң iс қағаздар кеңсесiн басқаратын Алтай Тiлеубердин деген азамат арнайы жiберiптi. Сiздiң мына заттарыңызды мұражайға қойсақ дейдi. Соған рұхсатыңызды берсеңiз»,–деп едiк, ол кiсi ойланып отырды да: «Бұл заттардың бәрiн о дүниеге өзiммен бiрге алып кетедi дейсiңдер ме? Мұражайдың бiр бұрышында Баукеңнiң де мұралары тұр. Өзiм де бiраз заттарымды Өскеменге бергем. Сонда туған жерiмде тұр. Қалған дүниемнiң барлығы үйде тұр. Мен беремiн. Қойсын» дедi. «Хат жазып берiңiз» деп едiк, ол кiсi хат жазудан қалыпты. Сосын амалсыз, «Премьер-министр Д.Ахметовтың атына Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтен» деп мен жазып бердiм. Ол кiсi шиырып тұрып, Қ.Қайсенов деп қол қойды. Бiраз сұхбаттастық. Бiраз нәрселердi қозғады. Әзiлдесiп, дәм-тұздас болып, үйiнен бата тiледiк. Ол кiсi батаны екi қолын жаймай-ақ, столға тiреп тұрып: «Ал, балаларым, бақытты болыңдар! Отанымыз аман болсын! Елiмiзге тыныштық болсын! Кейiнгi ұрпақтарымыз осыншама Қазақстанның жерiн сақтап қалсын! Ұлттығымызды, дәстүрiмiздi жоймасын! Үлкендi сыйлау, кiшiге iзет деген болады, соның барлығы қайтадан оралатынына сенем. Осы соңғы баталарым шығар» деп үнсiз отырып қалды да: «Әй, маған бiр елу грамм коньякқа жүз грамм минералды су құйып әкелiңдершi, ернiм кезерiп қалды»,–дедi. Әлгiнi тартып жiбердi де, қайта бата жасамақ болып едi, Асыл апамыз: «Жаңа ғана бата бердiң ғой» деп едi, «ол тiлек» деп қазақша бата бердi. «Кешегi қырғын соғысқа қатысқан ардагерлер аз қалды. Сол аталарыңды құрметтеңдер! Қазақстанның Қорғаныс министрi, Халық қаһарманы Мұхтар Алтынбаев соғыс ардагерлерiн мереке-мейрамдарымен құттықтап, тiлдей қағазға тiлегiн жазып жiберсе жарасар едi ғой. Осы күнге дейiн ешбiр Қорғаныс министрiнен жылы лебiз естiген емеспiн»,– деп мұңайғандай болды.
      Асыл апамыз айтады: «Мен он алты жасқа толар толмас кезiмде тұрмысқа шықтым. Ағаларың онда он тоғызда. Содан соғыс басталып кеттi. Ағаларың соғысқа кеткен. Тек, 1944 жылдың көктемiнде соңғы хаты келдi. Хатында: «Бiз осындай жау тылында жүрiп жатырмыз» деген. Астында адресi жоқ. Содан кейiн хат жоқ. Соғыс бiттi, хат-хабар жоқ. «Социалистiк Қазақстан» газетiнде машинистка болып жұмыс iстеймiн. Сөйтiп жүргенде, бiр күнi редакцияға жас ақын Жұмағали Саин келдi. Соғысқа қатысып келген. Бiр сөзiнде ақын Украинаға кетiп бара жатқанын, сонда барып, бiраз дүниенi жазайын деп жатқанын тiлге тиек еттi. Сосын мен тұрып: «Аға, менiң Қасым Қайсенов деген жарым бар едi. Соғысқа кеткен едi. Қайтып хат келген жоқ. Соны бiле келiңiзшi!» – дедiм. «Ойпырмай, адресiн бiлмесеңiз, қайдан табам. Украинада қаншама мың халық тұрады?» дедi. Онда Қасым Қайсеновтың атағы жоқ кез. Бiр күнi редакцияда отырсам, Жұмағали Саин үйiне шақырды. Үйiн iздеп, тауып барсам, моншадан жаңа келiп отырған кезi екен. Мен де кiрдiм, менен бұрын Қасым кiрiп, плащын шешiп жатыр екен. Ай-шай жоқ, бас салып, аузымнан сүйiп алды. Бұрын ондайы жоқ едi. Соғыстан үйренiп келген нәрсесi болуы керек, әрi сағынғаны шығар. Аяғымдағы аяқ киiмiмдi көрiп: «Пимаң өзiңдiкi ме?» дедi. «Өзiмдiкi» десем, «Ескiрiп қалыпты ғой» дедi. Сөйтсем, украиналықтар: «Үлкен қызмет еттiң, батырлық көрсеттiң, осы жақта қал» деген соң, сонда қалып қойған екен. Сөйтiп жүргенде Жұмағали Саинмен жолығып, оны елге алып келген Жұмағали ағамыз екен.
      Сондай соқталы әңгiменi естiген жарықтық Қалтай Мұхаметжанов жеңгесiн желпiндiру мақсатымен «Қасым ағаның соғысқа барғаны, партизан болғаны өтiрiк. Кәмелетке толмаған жап-жас Асыл жеңгемдi алып, сотталып кететiн болғасын Украинаға әдейi қашып кеткен. Ол жақта да Совет өкiметiнiң көзiне көрiнбей, жау тылында болған» деп айтқан әдемi әзiлiн де естiдiк.
      Сөйтiп, еркелеп, үйiмiзге қайттық. Асыл апа: «Көп шаршатпаңдар, кейiнiрек келесiңдер» дегеннен кейiн кетiп қалдық. Қайтып оралуға, тағдыр бiзге бұйыртпады. Негiзi, адам дүниеден өтетiнiн сезедi ғой. Содан кейiн-ақ, екi апта өтпей, 31-желтоқсан күнi Қасым аға қайтыс болды. Жаңа жылдан кейiн Кеңсайға жерлендi. Алланың қолдаған ерекше пендесi ғой. О, Құдайдың құдiретi-ай, десеңшi. Бауыржан Момышұлы мен Рахымжан Қошқарбаев қабiрiнiң қасына қатар жерлендi. Ер боп туған екi бауырының ортасында жамбасы жерге тидi. Құдайдың тағы бiр құдiретi – Қасым аға бұдан 70 жыл бұрын өзi үйленген күнi өмiрден озды. Асыл тойын атай алмаса да, Елбасы салдырған үйiнiң шаңырағында өз дастарханынан соңғы рет дәм татып кеттi.

      Көпен ӘМIРБЕК
      МҮМКIН ЕМЕС... МҮМКIН...
      Қасым аға қазасы үстiнде қатты ауырып қалдым... қатты...
      ...Батыр да «өледi» екен-ау?!
      Мүмкiн емес... Мүмкiн...
      «Қан көрiп... көп төктiм ғой... Менiң өлiмiм ауырлау болады... ауыр...» – дейтiн-дi. Неге?!
      Әрине, «Қан – көрген...» Қасымнан қаймығатын едi, түге – ептеп... Ығатын-ды, кәдiмгiдей!
      Ендi, тiптен «жеңiлдеу» болатын шығар, бәлкiм – сол былайғы... нәбатыр, биақын – қамсыз «қансыздарға» – «жер» баспай, «көк» төркiндеген!..
      Батыр да өледi екен... Неткен мағынасыздық?! Батыр өлген соң, Ақында не жан қалады... Құдайым-ау?!
      Есiме түстi... Өлең...
      Жақсы Өлең оқылғанда – Ол – Батыр – Қасым – жылайтын: сырқат көзiнен сорасы ағып...

      Қасым Қайсенов Халық қаһарманы атанған күнгi өлең
      Бүгiнгi Күн –
      Дәрмен Күнi –
      Дәт Күнi!
      Тәй-тәй басты
      Тәуелсiздiк шаттығы:
      Қасым батыр –
      Жәһилдiкке бас имес,
      Ар-Иманның Пәктiгi!

      Бүгiнгi Күн –
      Ғаламат Күн –
      Ғажап Күн!
      Артын аштым
      Арсыз күлген Мазақтың:
      Қасым батыр –
      Жалғыз көздi Хас-Шындық –
      Құнанбайы Қазақтың!

      Бүгiнгi Күн –
      Ең Жарық Күн –
      Алып Күн!
      Күллi Әлемге
      Ерлiгiмдi таныттым:
      Қасым батыр –
      Батырлардың Батыры –
      Қаһарманы Халықтың!..
      Маған ұнайды:
      01.05.2013, 16:15
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Тәнін, денесін мына 3 нәрседен ұзақ ұстаған жәннәтқа кіреді...
      Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) айтты:
      "Тәнін, денесін мына 3 нәрседен ұзақ ұстаған жәннәтқа кіреді:
      - Мемлекет мүлкіне қиянат жасау,
      - қарыз болу,
      - өзін сүйіп тәкаппарлану..."
      (Тирмизи, Ибн Мажһ, Ибн Хиббан)
      Маған ұнайды:
      28.04.2013, 16:05
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi

      Сендерге намаз, ораза және садақадан да артық бір нәрсе айтайын ба?
      Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.с):
      - Сендерге намаз, ораза және садақадан да артық бір нәрсе айтайын ба?- деп сұрады. Сахабалар:
      - Иә, ей Аллаһтың Елшісі!- десті. Пайғамбарымыз (с.а.с):
      - Жарастыру мен татуластыру. Себебі, араның бұзылуы шаштың түбінен емес, діннің түбінен шығады,- деді. (Тирмизи)
      Маған ұнайды:
      28.04.2013, 16:04
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Расында, Аллаһ, құлдарының ішінде...
      "Расында, Аллаһ, құлдарының ішінде, әр-бір жеген тамағының үзімі үшін және ішкен суының жұтымы үшін, өзіне мақтау айтқан құлына риза болады." Сондықтан, әрбір тамақ ішкенімізден кейін Аллаһқа мақтау айту, яғни "әлхамдулилләһ" (барлық мақтау Аллаһқа тән) деу Аллаһтың ризалығына апарады.
      Маған ұнайды:
      28.04.2013, 16:04
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін...
      "Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бүлініп шығудан өтте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін ." (Тирмизи)
      Маған ұнайды:
      28.04.2013, 16:04
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Жасаған қиянаты бар болса, кешірім сұрасын...
      Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
      "Кімде бір мұсылман бауырының өзіне немесе бір нәрсесіне жасаған қиянаты бар болса, динарлар мен дирхамдар табылмайтын күн (ақырет күні) келмей тұрып, одан кешірім сұрасын. Әйтпесе, егер жақсы амалы бар болса жасаған қиянатының мөлшерінде оның сауабынан алынып жәбірленген адамға беріледі. Егер жақсы амалы жоқ болса жәбірленушінің жаман әрекеттері алынып оның мойнына жүктеледі."
      (Имам Бухари)
      Маған ұнайды:
      28.04.2013, 16:03
      Предыдущие 6 комментариев
    • NAZYM amantaikizi
      Ей, адамдар! Естеріңде болсын!
      Хазреті Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм):
      "Ей, адамдар! Естеріңде болсын! Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Аллаһтың алдында ең мәртебелілерің діндар болғандарың."
      (Ибн Хажжар)
      Маған ұнайды:
      28.04.2013, 16:03
      Предыдущие 6 комментариев
    Предыдущие записи

    Изменить аватарку

    Файл формата JPG, PNG и GIF, не более 10 Мб. Минимальные размеры изображения 220x220