Жаңалықтар

«OpenAir» заманауи би байқауы

12.06.2013, 10:12 | Пікір: 1

2013 жылғы 25 мамыр күні Талдықорған қаласында бітіруші түлектерге арналған ашық аспан астындағы «OpenAir» атты мерекелік заманауи би байқауы өткізілді. 

Мерекелік шара жалпы білім беретін оқу орындарының жоғарғы сынып оқушылары, педагог тәлімгерлері, оқушылардың ата-аналарының қатысуымен өте қызық өтті. Шара барысында жас түлектер арасында мектеппен қоштасу вальсінен байқау ұйымдастырылды.

 

Байқауды жеңіп шыққан жұптардан бас жүлдеге – теледидар, 1-ші орынға заманауи планшет, 2.1 – ші, 2.2 – ші, 3.1-ші, 3.2 – ші орындарға ұялы телефондар берілді. Түлектердің қуанышы қаламыздың белсенді бишілерінің арнайы би көрінісімен, би кешімен жалғасты.



Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.