Жаңалықтар

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілген «Өз пиццаңды жаса» атты байқау

24.06.2013, 10:33 | Пікір: 1

        Балалар құқығын қорғау күні мерекесіне орай  Талдықорған қаласының №4 орта мектеп алаңында өткізілген мерекелік шара барысында «Тоғызқұмалақ», «Ханой мұнарасы», «Асық», «Шахмат», «Арқан тартыс»  ойындарынан жарыс және асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды. Шараның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жат мінез - қылықтардан аулақ болуына ықпал ету, сонымен қатар, жеке тұлғалық қиялдау мен танымдылық белсенділікті, өмірге және жаңаны білуге ұмтылысты дамытып, достық қарым қатынасты орнату болды.

 

Сонымен бірге, «Өз пиццаңды жаса» атауымен сурет байқауы өткізілді. 12 жасқа дейінгі балалар алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес, пиццаның суретін салып, арнайы орындарға өткізген болатын. Бала қиялынан туған әртүрлі пиццалардың ішінен үздік деп танылған рецепт бойынша үлкен пицца әзірленді.

Байқауға қаланың бастауыш сынып оқушылары қатысты. Әділқазылар шешімі бойынша байқаудың  бас жүлдесін Маликов Ельдар алса, 2 орының иегері Байсаков Аман, 3 орының  иегері  Даулет Абылай атанды.

Байқаудың соңында барлық балаларға сыйлықтармен пицца және шырын үлестірілді.

Пікірлер

Предыдущие 6 комментариев
Чтобы оставлять комментарии, Вам необходимо зарегистрироваться или авторизоваться на портале.