Жастар арасында спорттық пейнтбол ойынынан жарыс ұйымдастырылды
5 маусым күні Талдықорған қаласындағы «Снайпер» пейнтбол клубында Мемлекеттік мекеме, бұқаралық ақпараттық құралдары қызметкерлері арасында спорттық пейнтбол ойынынан жарыс өтті. Бұл спорттық жарыс жастар бойында қазақстандық патриотизмге негізделген көзқарас, әскери дағды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті жас тұлғаны жетілдіру және де Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында белгіленген міндеттерді, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында жүргізілді.
Жарысқа барлығы 13 команда қатысты:Тілдерді дамыту басқармасы, Табиғи ресурстар басқармасы, Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Мәдениет басқармасы, Жетісу телеарнасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Ішкі саясат басқармасы, Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Жетісу» ӘКК ҰҚ АҚ, Жастар саясаты мәселесі басқармасы, «Жас Отан» Жастар қанаты, Жастар саясат орталығы.
Спорттық шара тартысты, әрі тартымды өтті. Пейнтбол ойынынан бөлек жастар арасында арқан тартыс, гир көтеру секілді ойын түрлері ұйымдастырылды. Нәтижесінде «Жетісу» ӘКК ҰҚ АҚ жастары қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі І орынды және «Жастар» кубогын жеңіп алды. ІІ орынды - туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ІІІ орынды - мәдениет басқармасы алды. Жеңімпаздарға алғыс хат тапсырылды.
Пікірлер
жанашыл бастама, меніңше керемет сынды